Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім"


Орта деңгейлі жеке виктимологиялық теориялар



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі44,62 Kb.
#19649
1   2   3   4
2. Орта деңгейлі жеке виктимологиялық теориялар (криминалдық виктимология, шетін виктимология, зақымды виктимология жəне басқалар).

3. Қолданбалы виктимология — виктимологиялық техника (эмпирикалық талдау, жəбірленушімен алдын алу жұмысының арнайы техникасын, əлеуметтік қолдау технологиясын, қайта қалпына келтіру жəне орнын толтыру механизмдерін, сақтандыру технологияларын жасау жəне енгізу, тағы басқалар).

Жəбірленуші дəрежесіне сүйеніп, оның төмендегі түрлері ажыратылады:



а) Қауіптің жоғары қасиеттері бар құрбан əлеуметтік−өнегелі деформациямен сипатталады. Зорлық-зомбылық қылмыстар көбінесе девиантты ортада жасалады. Бұндай қылмыстардың мотивтері — пайдакүнемдік, бұзақылық, кек алу жəне т.б. болуы мүмкін, барлық жағдайда да олар тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшелігіне байланысты болады. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, заңсыз сауда, қылмыстың орта мүшесі болу жəне т.б. зорлық-зомбылықтың құрбаны болудың ықтималды қаупін арттырады.

ə) Қауіптің тым жоғары қасиеттері бар құрбан, оның əлеуметтік статусында шабуылға ұрыну қауіп-қатері бар. Оларға заң қызметкерлерін, бақылаушылар жəне кəсібіне байланысты құрбан болу қаупі жоғары адамдар, өзінің ерекше қылықтарымен жəне эстетикалық кейпімен қылмыскердің назарын аударуға қабілетті, сонымен қатар психикалық аурулар жəне психопатологиялық ауытқулары бар адамдар жатады.

б) Қауіптің азғантай қасиеттері бар құрбан қарапайым жағдайларда жəне қауіп факторларында өмір сүреді, жоғары жəне тым жоғары дережелі құрбан болушылық қаупі бар адамдарға тəн арнайы жеке тұлғалық жəне мінез-құлықтық қасиеттер көрініс таппайды.

в) Ықтимал (кездейсоқ) құрбан. Олар — лаңкестік əрекеттің, өлтірудің немесе ерекше қауіпті жолмен ауыр зиян келтіру. Оларды орындау барысында үшінші адамдар зардап шегеді.

Индивидуалды құрбан болушылықты анықтайтын жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылық дəрежесі мен сипаттамаға сүйеніп, құрбанды бірнеше түрлерге бөлуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет