Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім"



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі44,62 Kb.
#19649
1   2   3   4
1. Əмбебап түрі. Бұл түрге олардың қылмыстың əр алуан түрлеріне қатысты потенциалды осалдығын анықтайтын, айқын көрінетін белгілері бар адамдар жатады. Бұл құрбандық бейімділіктер иелері, аталмыш бейімділіктері əртүрлі қылмыс жағдайында жүзеге асуы əбден мүмкін. Бұл түрге жататын құрбандар өздеріне тəн құрбандық мінез-құлық белсенділігімен де, енжарлықпен де сипатталады.

2. Іріктеуші түр. Бұл түрге жəбірленушілердің кейбір түрлеріне қатысты жоғары осалдығы бар, олардың субъективті жəне объективті сипаттамаларын ескеретін адамдар жатады. Құрбандардың əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша саралау:

-жыныстық ерекшелік бойынша;

- жас ерекшелігіне қарай;

- олардың рөлдік мəртебесіне байланысты;

-олардың қылмыскерге көзқарасына байланысты;

-келтірілген зиянға байланысты;

-өнегелік-психологиялық белгілер бойынша;

- келтірілген зақымның түрі мен еселігі бойынша;

- қылмыстың ауырлығына байланысты;

- "кінəнің дəрежесіне";

- олардың мінез-құлық сипаты бойынша.

Қылмыстың жəбірленушісі болу ықтималдылығының дəрежесін бекіту жəне оның түрлерін анықтау тиісті органдардың ықтимал жəбірленушілерді іздеп табу жəне олармен жағымды белгілер мен қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізетін жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, жағымсыз жекетұлғалық қасиеттерді түп тамырымен жою бойынша істейтін əрекеттерін жеңілдетеді.



8 -тақырып бойынша қолданылған əдебиеттер

Арзуманян С.Д. Микросреда и отклонения социального поведения детей и подростков.— Ереван, 1980.



Акажанова А.Т. О некоторых психологических проблемах виктимности несовершеннолетних // Вестник ун-та «Кайнар».— Алматы, 2002.

Акажанова А.Т. Некоторые психолого-педагогические аспекты виктимности несовершеннолетних // Вестник Казахского национального медицинского университета.— Спецвыпуск, 2004.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет