Виртуалды абонементпен шынайы шаңғы! Шымбұлақта 2013–2014 жылдарындағы жаңа маусым тау-шаңғы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі404,25 Kb.
#6761

39

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журнал

38

№12 (120) 



Желтоксан 2013

Виртуалды абонементпен 

шынайы шаңғы!

Шымбұлақта 2013–2014 жылдарындағы жаңа маусым тау-шаңғы 

спортының әуесқойлары үшін көптеген қызықты жаңа мүмкіндіктерді 

ашуда. Негізгі жетістік, өткен жазда Талғар асуына дейін жасанды қарды 

жасау жүйесі құрылып, шаңғышылар үшін жаңа трассалар ашылды. Ал, 

қыс мерзімде іс-жүзіне асқан тағы бір жетісітік туралы айтатын болсақ, 

ол  Homebank.kz порталы арқылы Шымбұлақ абонементін қашықтықтан 

сатып алу мүмкіндігі. Бұл жөнінде толығырақ:

2011 ЖылдАры 

Алматыда, 7-ші қыстық 

Азия ойындарын жүргізу 

қарсанында Шымбұлақта 

Қазкоммерцбанктің 

қаржылық қолдауымен күрделі 

жөндеу жұмыстары жүргізілген 

болатын. Мұнда жаңа мейманхана, 

ресторандар, техникалық бөлімшелер, 

инфрақұрылымдар, тау шаңғы 

дем алу орындарының біріне айналды. 

Әсіресе, жаз айларында мұнда жас 

отбасын құрушылардың көптеп келуі 

соның айғағы. 

2011 жылы «Медеу» мұз айдынан 

Шымбұлаққа дейін гондола трассалары 

іске қосылып, шипажай жолдарына 

кететін уақыт бірден қысқарды. 

Алайда, Шымбұлақтың негізгі 

аудиториясы тау шаңғы спортымен 

шұғылданатындар болып табылады. 

Олар үшін жаңа трассалар ашылып, 

қыс мерзімін ұзартатын жасанды қар 

жасалған. Қыста Шымбұлақта тау 

шаңғы мектебі мен керек-жарақтарды 

жалға беретін орындар қызмет 

етеді. Ал спорттың экстремалды 

түрде шаңғы тепкісі келетіндер  

Quikciver-ден сноу-паркінде көңіл 

көтерсе болады. Мұнда әр қыс сайын 

бірнеше трамплиндер мен арнайы 

құрылғылар орнатылады. 

Әдеттегі тау шаңғы қызметінен 

басқа Шымбұлақ туристік, сондай-

ақ көңіл көтеру қызметтерін 

ұсынады. Оның ішінде экскурсиялық 

маршруттар, экстремалды ойын- 

дар — канаттық аттракцион да бар. 

Ал, жаз мезгілінде атақты альпинист 

Мақсұт Жұмаевтың басқаруымен 

Шымбұлақта «Жас саяхатшы» 

балалар лагері өз қызметін көрсетеді. 



ЖАңАртпАлАрМен деМАлу 

Қазкоммерцбанктің қаржы интернет-

порталы Homebank.kz «Шымбұлақ» 

тау-шаңғылық курортының 

абонементтерін қашықтықтан сатып 

алу мүмкіндігін беретін қызметті 

іске қосты. Жаңа қызмет түрі тау-

шаңғылық курортының келушілеріне 

кассаға бармай-ақ,  «Шымбұлақ» ski-

passтың көмегімен өткізу — бақылау 

жүйесінен өтуге мүмкіндігін береді. 

Homebank.kz қаржы интернет-

порталының бағдарламалық 

интерфейсі тау-шаңғылық 



Шымбұлақ туралы қысқаша

«Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайы — Іле Алатауының 

көркем етегіндегі шатқалда теңіз деңгейінен 2260 м  

биіктікте, Алматы қаласының орталығынан 25 км 

жерде орналасқан. Тау шаңғы жолдары «Медеу-

ден» «Шымбұлақтың» негізгі стансаларына дейін 

(ұзындығы бойынша әлемде үшінші орында — 4,5 

км) гондола жолдары арқылы жүзеге асырылады. 

Шымбұлақ трассалары Халықаралық Тау Спорты Федерациясымен (FIS) 

аттестатталған. Жолдың жалпы ұзындығы 3620 метрді құрайды. Тау 

шаңғы шипажайының аумағында түрлі талғамға арналған қонақүй, мей-

рамханалар, кафе, кофейня бар. Медеу — Шымбұлақ аспалы жолымен 

миллионыншы адам 2013 жылдың желтоқсанында жүріп өтті. 

2

курортының кассалық жүйесіне 



тікелей қосылған, енді абонемент түрін 

және баратын уақытты өз еркімен 

таңдап алуға болады.  

Портал қызметін пайдаланушылар 

ski-pass-ты толтыру үшін келесі 

қадамдарды жасауы қажет: 

Қызметтер/Қызметтерді іздеу/ 

«Шымбұлақ» абонементін сатып 

алу. Сатып алу процесстің бірінші 

этапында жүйе WTP-кодын тексеріп, 

абонементтің қызмет істеу аймағы мен 

тарифты белгілеуді ұсынады. Ал екінші 

этапында — пайдаланушыларға бару 

уақыты мен абонемент түрін (күндізгі 

немесе түнгі) таңдауды ұсынады. 

Соңғы этапта абонементтің таңдалған 

параметрлері тексеріледі. Бұл қызмет 

түрі Homebank.kz пайдаланушылары 

үшін 50 теңге тұрады. 

Бұл қызмет түрін 

Қазкоммерцбанк пен «Шымбұлақ» 

қызметкерлері Team Access — 

қатынас құруын бақылайтын 

бағдарламаларды әзірлейтін әлем 

бойынша алдыңғы қатардағы 

швейцариялық компаниясының 

қатысуымен  іс жүзіне асырды.  

олиМпиАдАғА ҮМіт Арту

Жаңарту жұмыстарынан кейін 

Шымбұлақ жыл сайын шамасы 400 

мың адамға қызмет етеді. Ең ауыр 

салмақ қыс мезгіліне келеді екен, 

мұнда ай сайын 50–60 мың турист, 

демалыс күндері тау бөктеріне 

орташа есеппен 6–7 мың адам 

көтеріледі. Алайда, жаз мезігілінде де 

келушілер саны күрт өсті, мұның өзі 

шипажайдың даму бағыттарының 

тиімділігін айқындайды. 

2013 жылдың қарашасында 

Алматы 2022 жылдары Қыстық 

олимпиялық ойындарды жүргізуге 

үмітті әрі финалға шыққан 6 

қаланың қатарына кірді және 

бұл өтініште Шымбұлақ ойын 

өткізудің басты элементтерінің 

бірі. Курорттың трассалары 

(FIS) Халықаралық Тау  Спорты 

Федерациясымен аттестацияланды 

және Шымбұлақ бұл күндері тау 

шаңғы спорт түрінен жарыстарды 

өткізуде негізгі әлем аренасына 

айналды. 

және гондола жолдары салынып, ең 

бастысы тау бөктерлерінің қызметтері 

өзгертілді, трассалардың қашықтығы 

екі есе ұзартылды. 

1954 жылдары құрылғаннан бастап 

Шымбұлақ тек арнайы аудитория, 

спортшылар мен шаңғышылар үшін 

арналған еді. Жөндеу жұмыстарынан 

кейін шипажай бұл күндері қала 

тұрғындары мен қонақтары үшін де 



Ж

аң

а

Р

тпа

ла

Р


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет