2018 жыл әлемде виртуалды шындықтың 171 миллион белсенді қолданушысы анықталған. 2023 жылға қарай әлемдік виртуалды шындық нарығы 34 миллиард долларды құрайды деп күтілуде. AR қолданушылары 60 миллионға жетеді деп болжанып отырғанда, 2019 жылы АҚШ-та 42,9 миллион азамат виртуалды шындықты айына кемінде бір рет пайдаланған. VR ойын-сауық құралдары, виртуалды шындық нарығының 40,5% үлесін иеленеді.
Адам денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындық қалай әсер етеді?
Виртуалды көзілдірік адамның көру қабілетіне қалай әсер етеді?
Виртуалды тәуелділікті қалай анықтауға болады?
Жас жеткіншектерге виртуалды және кеңейтілген шындық неге қауіпті болуы мүмкін?
Виртуалды тәуелділік белгілері сізде анықталды ма?
Тапсырма 2. Мәтінді оқып, талдау жасаңыздар. Мәтіндегі кейіпкердің психикалық және физикалық денсаулығына қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Мұрат отбасында ерке, кішкентайынан қалаған ойыншығына қол жеткізе білген бала. Бірақ, ата-анасы жұмысбасты болғандықтан, Мұратқа уақыт бөле алмайтын. Биыл ол 9-сыныпта оқиды. Туған күнінде ата-анасы Мұратқа VR шлемін алып берді. Үйде жалғыз уақыт өткізетін Мұрат сағаттар бойы виртуалды ойындар ойнап, виртуалды саяхаттар жасап, уақыттың қалай өткенінде білмей қалатын еді. Соңғы кезде сабаққа барып келгендей сыңай танытып ата-анасына өтірік айтатын болды. Мұрат өзінің виртуалды әлемнің бір кейіпкері болып кеткенін байқамай қалды. (Жалғасы бар)
Тапсырма 3. Виртуалды шындықтың пайдасы туралы 10 факт жазыңдар.