Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме



бет2/6
Дата08.12.2022
өлшемі29,1 Kb.
#55962
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 дәріс

В витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т. б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам "бери-бери" (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа үшырайды.
В2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қаназдылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.
Рибофлавин жануарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.
В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады. Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі: бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде және ашытқыда мол болады. Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.
В12 витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.
Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек-қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңіріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан оны таза қарын сөлімен бірге ішкізу керек, сонда қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микробтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның Бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10-20 мкг. Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.
С витаминін (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан қүрқүлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бүзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагені бұзылып, сүйек сынғыш болады. С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет