Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме



бет6/6
Дата08.12.2022
өлшемі29,1 Kb.
#55962
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 дәріс

Эритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамнын жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегі өкпеден дененің бүкіл клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады. Гемоглобин күрделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және г л о б и н белогынан тұрады . Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен 02 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан майда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сөйтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе «иіс газымен» уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол С02 карбоглоб и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғанда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі иалентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.
Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті - оттегін тасымалдау кабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан илазмасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін киындатады.
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы шығады. Эритроциттердің тұну  ж ы л д а м д ы ғ ы, қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет