Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланы анасы алып келді Шағымдары: екі күн дене қызуы 38С-қа көтерілген, кіші дәретке жиі отырады және мазасызнады, анасының байқауы таңертенгі зәрі лайланған.
Қарағанда: интоксикация белгілері айқын, терісі боз, нәрестенің қабақтары
ісіңкі, кіші дәретке ауырсынумен отырады. ЖҚА: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ – 15 мм/сағ. ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?
Аурахананың қабылдау бөліміне 1.5 жасар ұл бала аймақтық педиатрдың жолдаумен келді. Шағымдары: жөтеледі, ентігеді, үш күн бойы дене қызуы көтерілген. Қарағанда: интоксикация белгілері айқын, ентігеді, дене қызуы 38,50С, өкпенің оң жақ жауырынның астында ылғалды ұсақ колибрлы сырылдар естіледі. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?
Емхананың дәрігер қабылдауына 12 айлық ұл бала анасымен келді. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, үлкен еңбегі жабылмаған, маңдай мен төбе сүйектері бұдырланған, қабырға
«таспихтері» пальпацияланады, кұс көкірек, іші ұлкен, О-тәрізді аяғы қисайған. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?
Емхананың дәрігер қабылдауына 15 айлық ұл бала анасымен келді. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, үлкен еңбегі жабылмаған, маңдай мен төбе сүйектері бұдырланған, қабырға
«таспихтері» пальпацияланады, кұс көкірек, іші ұлкен, О-тәрізді аяғы қисайған. Дәрігер мешел ауруы диагнозын қойды. Нәрестеде рахиттің қай сатысы дамып жатыр?
Емханаға дәрігер қабылдауына 11 жастағы қыз бала келді. Шағымдары: қуық маңы ашиды, кіші дәретті жиі және ауырсынумен келеді. Анасының айтуы бойынша 4 күн бұрын, көліктің бұзылуына байланысты, жолда қатты тоңып қалған. Дәрігер қарағанда:
интоксикация белгілері жоқ, дизуриялық белгілердің салдарынан жағдайы орташа ауырлықта, терісі боз, Пастернацкий симптомы теріс. Зерттеу нәтижесінде лейкоцитурия анықталды.Дәрігердің қойған диагнозы:
Аурухананың қабылдау бөліміне 13 жасар қыз баланы анасы алып келді . Науқас дене қызуының көтерілгеніне, бел аймағының ауырсынуына, тәбеттің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жиі кіші
дәретке баруына шағымданады. Анамнезінде: ауру соңғы 1 аптада басталған, белінің оң жағы ауырсынған, жиі кіші дәретке барған. Тексергенде: интоксикация (терінің бозаруы, көкшіл тартуы), су-электролиттік бұзылыс белгілері (ісіну таңертеңгі уақытта, диурездің азаюы), ауырсыну және зәрлік синдромы анықталды. Дәрігердің диагнозы ?
12 жасар қыз баланы анасы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне алып келді. Науқас жалпы әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, енжарлыққа, тәбетінің төмендеуіне, тез шаршағыштыққа, тізе буындарының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде: іріңді баспамен ауырған 2 аптадан кейін аяғының буындары ауырған. Қарағанда: тері жамылғылары боз, тахикардия байқалады,
жүрегінде систолды шу естіледі, тізе буындары ісінбеген. Дәрігердің болжам диагнозы?
Достарыңызбен бөлісу: |