«Владимир Комаров атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Бастауыш сынып мұғалімі Тоқашева Ақбота Айдарқызына Мектеп директоры Бузин Александр Ильчтен пікір



бет1/3
Дата17.02.2023
өлшемі22,17 Kb.
#68707
  1   2   3
Байланысты:
О.Бапанов


«Владимир Комаров атындағы орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Тоқашева Ақбота Айдарқызына
Мектеп директоры Бузин Александр Ильчтен
ПІКІР
Бастауыш сынып мұғалімі Тоқашева Ақбота Айдарқызы «Владимир Комаров атындағы орта мектебіне» 2012 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап қабылданды.Осы жылдар аралығында өзінің адамгершілігі, жұмысқа деген жауапкершілігін көрсете білді.
Тоқашева Ақбота Айдарқызы - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген шебер ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
2021 жылы «Білім жолы» республикалық ғылыми әдістемелік орталығына жеке мақаласын жариялады.
2022 жылы наурыз айында Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аудандық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып 3 орынмен марапатталды.
2022 жылы Аудандық тамыз кеңесінің бірлестік жұмысына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
2022 жылы мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында ауданның өсіп келе жатқан жас ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі көп жылдық шығармашылық еңбегі және қол жеткізген табыстары үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
2023 жылы «Дарын» РҒПО «Ақбота» интеллектуалды марафонынан Амангелдіқызы Айсұлу ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2023 жылы «Дарын» РҒПО «Ақбота» интеллектуалды марафонынан Саубен Рүстем ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2023 жылы «Дарын» РҒПО «Ақбота» интеллектуалды марафонынан Орынбасар Батырхан І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ақбота Айдарқызы  сабақ беретін сыныптардағы білім сапасы 100% көрсетуде.
Ақбота Айдарқызы  білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет