Мектеп директоры Бузин А.И
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
Шона Смаханұлы атындағы
Сейілбек ауылының негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәнінің мұғалімі
Бапанов Олжас Мейрамбековичке
ата-ана Майемерова Лаурадан
ПІКІР
Бапанов Олжас Мейрамбекович 2022-2023 оқу жылында 5-ші және 7-ші сыныбына математика пәнінен сабақ беруде. Осы аралықта ол өзінің білімділігі мен шеберлігін көрсетті. Себебі әрбір оқушы жеке тұлға, оның жүрегіне жол таба білу өте қиын. Ол мұғалім оқушының әр пікірімен санасып, оқушының өз ойын бағалау арқылы оқушының жүрегіне жол тапты.
Ата-аналармен тығыз байланыста бола отырып, балаларымызды үнемі қолдап, әр түрлі жарыстармен олимпиадаларға қатыстырып, жүлделі орындарға ие бола отырып, ашық сабақтарының өзі де ерекше өтетін. Ондағы ойын түрлері, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, логикалық тапсырмаларды орындату арқылы әрбір ата-ана өзіміздің баламыздың жан-жақты қырын ашуға көмектесті.
Білім мен тәрбие егіз демекші, тәрбиесі жақсы сыныптың білімі де жоғары. Мен ата-ана ретінде айтарым, әрбір мұғалім дәл Бапанов Олжас секілді оқушысын өз баласындай көріп оның жан дүниесіне жол тауып дұрыс бағыт-бағдар берсе, ертеңгі ұрпағымыз білімі мен тәрбиесі ұштасқан жан-жақты дамыған, өмірге құштар жеке тұлға болып қалыптасар еді деп ойлаймын.
Ата-ана Майемерова Лаура
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
Шона Смаханұлы атындағы
Сейілбек ауылының негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәнінің мұғалімі
Бапанов Олжас Мейрамбековичке
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Ж.Тұрардан
ПІКІР
Математика пәні педогогы Бапанов Олжас Мейрамбекович жоғары білімді ұстаз. О.Бапанов жауапкершілігі мол, өз жұмысына тиянақты педаог. Өз пәніне деген сүйіспеншілігі жоғары, оқушы бойына патриоттық сезім ұялататын тәжірибелі маман деп білемін. Жыл бойына жоспарланған күнтізбелік - тақырыптық жоспары оқу бағдарламасына сай жасалынған. Сабақ жоспарлары күнтізбелік тақырыппен байланысқан. Пән сабағына қатысты барлық құжаттары талапқа сәйкес.
Математика мұғалімі, оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанына 17 жыл 4 ай. Педагог өз пәніне деген оқушылардың белсенділігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруда жаңа әдістерін пайдалана отырып, әр оқушының патриоттық сезімін оятуға, Отанға құрметін арттыруға жетелейді.
Математика пәнінен өткізілген ашық сабақтарына қатысу барысында, оқушыға қойылған талаптары, оқушының жас ерекшелігін ескеретінін байқадым. Сабақтары өткен сабақпен байланыстырылған, оқушылардан қызықты кері байланыстар қолдану арқылы өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында математика пәніне қатысты түрлі плакаттар пайдаланды. Сабақ тиімді көрнекіліктермен және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда есептер құрастырып, шығаруды ұйымдастырды. Сабақ өз деңгейінде өтті деп есептеймін. Математика сабағы өте қызықты өтті.
Математика пәні педагогі О.Бапаанов өз пәніне деген қызығушылығы жоғары, еңбекқор, жан-жақты, жауапкершілігі мол адам. Педагогтің алға қойған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстарға жетуіне тілектеспін.
Достарыңызбен бөлісу: |