Влодар мемлекеттік педагогикалық институты «Ежелгі және орта ғасыр тарихы» кафедрасы А. М. Сыздықова ертістің Павлодар өңіріндегі археологиялық ескерткіштерi Оқу құралы Павлодар



Pdf көрінісі
Дата10.11.2022
өлшемі168,24 Kb.
#49065


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Ежелгі және орта ғасыр тарихы» кафедрасы
А.М. СЫЗДЫҚОВА
Ертістің Павлодар өңіріндегі 
археологиялық ескерткіштерi
Оқу құралы
Павлодар


УДК 904 (574. 25)
ББК
63.2К
С 94
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми кеңесiмен ұсынылды
Рецензеттер:
Ж.О. Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Г. Даркенов, тарих ғылымдарының кандидаты
А.М. Сыздықова
С 94
Ертістің Павлодар өңіріндегі археологиялық ескерткіштерi: Оқу құралы. – 
Павлодар: ПМПИ, 2006. – 28 бет.
ISBN 9965-410-98-4
Бұл оқу құралында тарих ғылымының бір саласы археология ілімінің 
нені зерттейтіндігі және археологиялық ескерткіштердің түрлері туралы 
түсінік беріліп ғана қоймай, Ертістің Павлодар өңіріндегі археологиялық 
ескерткіштерiнің кезендеріне, тарихына және оның Қазақстан және бүкіл
дүниежүзілік мәдени мұралардан алатын орнына жан-жақты баға берілген.
ISBN 9965-410-98-4
ББК 63.2К
( )
06
05
00
0504000000

С
© А.М. Сыздықова, 2006.
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2006.
2


КІРІСПЕ
Адам өз өмірінде, туған жеріне деген азаматтық 
жанқиярлық сүйіспеншілік сезімін-анасының сүтінен нәр 
алғандай: тарих естеліктерінен, ата-тегінің тарихына 
байланысты ой-санасы мен өрісінің негізінен алатындығы 
ақиқат.
Тарих халық үшін – рухани сана-сезімінің, табиғаттың 
заңды жолдарымен бекіп, дамуының айнымас берік тірегі. Әр 
халықтың мәдениетінің гүлденіп, дамуы өткен тарихына зейін 
салып, одан сабақ алуына байланысты. Ескіні алу, жаңаны 
қабылдамау емес, өткенді дұрыс сараптап түсіну. Бұл дамудың 
кідірісі деуге болмайды, бұл алға басудың айқын жолы, 
куәгері.
Адамзаттың тарихын оқып зерттегенде әрқилы ғылым 
салаларының жетістіктері қолданылып, көзделген нәтижеге ие 
боламыз. Солардың арасында бізге деректі білімнің қайнар 
бұлағының қатарында қабырғалы орын алатын археология – 
іздеуші, табыскер және көне адамдардың қалдырған табиғи 
бұйымдарын зерттеп, өткеннен қағидалы түсінікті жеткізетін 
хабаргер. 
Айталық, тас дәуірінен бері адамзаттың қалдырып кеткен 
құралдары мен тұрақтары, әшекейге қолданылған табиғи 
бұйымдары ең алғашқы қауымдық және кейбір халықтарда 
осы уақытқа дейін сақталған «жабайы» немесе «дәстүрлі өнер» 
өмір сүріп келе жатқан заманды түгел қамтиды. Демек, 
археология адамзаттың қалдырған мұрасын зерттеп, оның 
көне тарихын құрастырып, деректі білім беретін ғылым. 
Кезінде археология тарихқа ғылыми төңкеріс жасады. 
Тарихтың көкжиек кеңістігін кеңейткенін телескоптың 
астрономияға көру кеңістігін қалай кеңейткенімен 
салыстыруға болар еді. Ол тарих үшін жүздеген жылдар бойғы 
өткенді ашуға мүмкіншілік берді [2
]
. Қазақстанда 
археологияның маңызы ерекше орында, көне және орта 
ғасырлар тарихы археология деректерінде бейнеленген.
Еліміздің бас археологы К.Байпақовтың сөзімен айтқанда, 
Қазақстан бұл, шынында, ашық аспан астындағы мұражай. 
Павлодар өңірінде көптеп ашылған археологиялық 
ескерткіштер бұған дәлел. Осының өзі әр дәуірде, әр кезеңде 
Ертістің Павлодар өңірі тарихы мәдениеттердің құрамды 
орталығы болатындығын көрсетеді. Археологиялық 
ескерткіштер – тарихтың ең «нәзік куәгері».
3


Студенттерге терең білім алуға мемлекеттік тілде 
оқулықтар мен қосымша әдебиеттердің жоқтығынан 
бірсыпыра қиындықтар кездесуде. Сондықтан, осыған 
байланысты көмекші оқулық құрастырып ұсыну-біз үшін 
мақсат. Мұның құрамына: археология ғылымы жөнінде негізгі 
түсініктер; өлкетану мысалы деңгейінде Павлодарлық Ертіс 
өңірінің ашылған археологиялық ескерткіштері; тарих және 
мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғау жүйесінен 
түсініктер берілген кіреді.
Іс жүзінде оқулық күндізгі және сырттай оқитын 
студенттерге семинарлық сабақтарға, емтихандарға әзірлік 
кезеңдерінде, өзінің туған өлкесінің тарихымен танықысы 
келетін оқырмандарға арналған.
Атап өтетін жағдай, ұсынған оқулықта бүкіл Ертіс өңірінің 
археологиялық естеліктерін қамту немесе сараптап, зерттеу 
мақсаты жоспарланған жоқ.
Бұл қысқаша көмекші оқулық – алғашқы біздің оқу 
орнымыздағы археология бағытында мемлекеттік тілде 
автордың бірінші талпынысы. Сондықтан өздеріңіздің 
қосымша ой-пікірлеріңіз бен сынды сөйлемдеріңізді және 
тәжірибелі ұсыныстарыңызды қуанышпен риза болып 
қабылдаймыз.
4


1 Археология ғылымы нені зерттейді
және ескерткіштердің түрлері
1.1 Археология – тарих ғылымының саласы
Қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған, өткен 
дәуірлерден қалған бұйымдар мен заттарды тарихи 
деректердің көзі негізінде зерттеп, адам баласының өсіп-даму 
тарихын анықтап, бейнелейтін ғылым – археология. Археоло-
гия мен тарих арасы ашылмайтын түпкілікті мақсаты бірге, 
бүтін, күрделі тарихи ғылым. Олардың айырмашылығы-
деректер жинау мен зерттеу ерекшелігіне байланысты 
археологтар өздеріне тән әдіспен класстарға бөлу жүйесін 
құрды, бірақ зерттеу жұмыстарының аяқталу сатысында 
тарихи түсінік пен археологтың жинаған табыстарын 
байланыстырумен қорытылады.
Түсінікті жазба деректер қалмағандықтан көп дәуірдің 
тарихын зерттегенде, археологияның маңызы жоғары 
деңгейде. Сонымен қатар, археологияның деректі 
табыстарының орны орта ғасырлардың тарихын зерттегенде 
де маңызды, олар жазба деректерді толықтырады. 
Археологияның жетілуі, даму сатылары басқа ғылымдармен 
сабақтас, тығыз байланыста. Көптеген ғылымның әр 
саласымен қатарлас деректері арқылы немесе әр түрлі 
әдістермен алмаса-толықтыру, анықтау жолдарымен саяси-
қауымдық, табиғаттану және арнаулы, дербес ғылымдармен, 
әсіресе геология, антропология, этнография, палеозоология 
және палеоботаника ғылымдарымен қосыла өрісі кеңейді. 
Аталған салалармен байланысы археологияның шапшаң 
нығаюына ықпалы тиеді, басқа ғылымдардың жаңа 
жетістіктерін
қолданып,
археологияның
ашылған 
деректерімен ескерткіштерінің тегі мен жасын дәлелдеп табуға 
нақты шешімін береді.
Археологияның тарихтан ерекшелігі: қысқа мерзімнің 
ішінде негізгі деректі ескерткіштердің қатарын бірнеше есе 
толықтыра алады, қазіргі уақытта бұл саланы байытатын өте 
көп қор жиналған. Бірақ та, естен шығармайтын жағдайлар: 
жақсы зерттелген ауылдармен қатарлас археологиялық 
картада ақтаңдақтар көп, деректер көзі жер шарында, соның 
ішінде біздің Қазақстанда жаппай белгіленіп тегіс тараған 
деуге болмайды. Атап айта өтуге реті бар, әрбір дәуірлердің 
ескерткіштерін, көне тас дәуірі мен ерте орта ғасырлардың, 
5


тұрақты қауымдар құрған халықтардың тарихын, әлі аз 
білеміз.
Деректер көзі мен ескерткіштер тегінің көпшілігі ғылым 
қазынасына арнаулы экспедициялар қазба жұмыстарының 
зерттеу қортындысында қосылады. Сонымен қатар 
археологияға қосымша деректердің көзі кездейсоқ табыстарда 
не болмаса күтпеген кездегі ескерткіштердің табылуы, қайбір 
құрылыс салуға арналған жер қазу жұмыстарының кеселінен 
қирауына байланысты ашылады. Ол кезде, бірсыпыра, 
ескерткіштердің құнды, маңызды деректері біздің қауым үшін 
мүрдемге кетеді де, не болмаса оқымыстыларға қажетті 
мәліметтер ғылыми құнсыз деңгейде жетеді. Өндіріс пен 
азаматтық құрылыстардың кеңінен өрбіген кезеңінде осындай 
жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан, тарихшының ең сапалы, 
жаңа археологиялық тұрақты жерлерді табу, керек болған 
жағдайда құтқарып қалу жұмыстарын ұйымдастыра білу және 
ескерткіштерді арнайы ғылыми экспедиция келгенінше 
қорғау.
1.2 Археологиялық ескерткіштердің түрлері
Археологиялық барлау және қазба жұмыстарды 
жетістікпен өткізу үшін зерттеушінің археологиялық 
ескерткіштердің әр түрі жайында көрегендігі болуы керек, 
қайсыбір археологиялық түсініктер мен терминдерді анық 
ұғынуы қажет. Адамның іс-әрекеттерінің қалдығы табылған 
жер қабаттары археологияда мәдени қабат деп аталады.
Мәдени қабаттың қалыңдығы әр түрлі болады: адамның 
аталған жерде қалай, қанша уақыт тұрғанына байланысты 
бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жетеді.
Мәдени қабаттың археологиялық деректерінің деңгейі 
әртүрлі. Әр дәуірдің қалдықтары бар көп қабатты 
ескерткіштер де кездеседі. Қайсыбір қабаттардың арасында 
адамның іс-әрекетінің қалдырған ізі жоқ топырақтың қабаты 
кездеседі. Оны қоспасыз таза қабатша дейді және бұл 
тұрақтың тарихында үзіліс болғанның куәсі. Ашылған бір 
көлемді бөлшек жердегі мәдени қабаттардың қоспасыз таза 
қабатпен кезекті бірінен соң бірінің құралуы ескерткіштің 
стратеграфиясы деп аталады. Адамның іс әрекетінің ізі жоқ, 
ең көне дәуірдің мәдени қабатының астында жатқан қабатты 
6


археологияда жер деп атайды. Мәдени қабатпен жабылған көп 
қара топырақты «көмілген топырақ» дейді.
Көптеген археологиялық ескерткіштердің арасында жиі 
кездесетін және көзге үйреншікті түрлерін бөліп алуға болады: 
тұрған жерлері, мәйіт жерленген орны, діни-таза орын.
Тұрған жерлеріне қатысты: ашықта тұрақтаған мекендер, 
жартастардың күркелі жерлері мен үңгірлер, құлама 
тастардың арасы ауылдар, қалалар, тұрақтар және көш-қоңыс 
аудандары. Ашық тұрақтарда уақытша тоқтаған аз ғана топ 
адамдардың қалдырған іздері кездеседі, әсіресе, олардың 
арасында бәрінен жиі аңшылардың қалдықтары табылған, 
әрдайым судың жанынан, өзендердің жағалауында құлама 
жарлардың маңынан кездеседі. Олар, көбінесе тас дәуірінің 
бірнеше ғасырларына қатысты. Бұндай тұрақтардың көлемі 
кішкентай, нашар сақталған, көп жағдайларда жуылып-
шайылып кеткен немесе қазылып, бұзылып қалған, және де әр 
жерде ойдым-ойдым болып орналасқан мәдени қабаттар өте 
жұқа; көңілге демеу болатын қабаты қалыңдау, деректілеуі от 
жағылған ошақтар.
Күркелі жартастар мен үңгірлер азғантай топты адамдарға 
суық кездерде негізгі ұзақ уақытқа қолданатын тұрақтардың 
орны болған; көне тас дәуірінен, кейбір жерлерде темір 
дәуіріне дейін тұрақтаған. Мұндай ескерткіштердің 
стратеграфиясы өте күрделі мәдени қабаттары соншама 
қалың, деректері де төтенше толық, әсіресе, үңгірге кіре 
берісте.
Ауылдар: Табиғи құлаған тау-тастар өзендер мен көлдердің 
оңтүстік күнге қараған жағында болады. Ондай тұрақтардың 
адам баласының күшімен салынған бекіністері болмаған, 
дегенмен қоныстануға орын таңдағанда, қалай қорғану 
мүмкіншіліктері есепке алынғаны байқалады. Осы сияқты 
тұрақтардың көлемі бірнеше жүздеген, мыңдаған шарша 
дейін; жаңа тас дәуір мен ерте темір ғасырлар кезеңінде көп 
кездеседі.
Табылған тұрақтардың мәдениет қабаттарының 
қалыңдығы әртүрлі, қабаттар деректі ескерткіштерге бай; көбі 
көне дәуір кезеніне жатады.
Қалалар. Қалалардың ауылдардан ең басты айырмашы-
лығы – қорғаныс бекіністері: қоршай қазылған орлар, үйілген 
дөңдер, тұрғызылған қалың жарлар мен қарауылшы 
мұнаралары, тағы басқа бекіністердің көбі темір 
ғасырларының көрінісінен «хабар» береді. Даулы мәселелердің 
7


көбісін соғыспен шешу күнделікті құбылысқа айналған кезен 
болған. Қаланың төңірегі белгілі шекарада қоршалғандықтан, 
мәдени қабаттары өте қалың, құнды, маңызды деректі 
ескерткіштерге – ауылмен салыстарғанда бай. Қаланың 
маңызды ерекшелігі – қалған қабаттарда біздің уақытқа дейін 
жеткен құрылыс ескерткіштері: тас, кірпіш, ағаштар, ашық 
қалған қаланың жобасы, қатаң түрде тығыз салынған үйлер 
мен шаруашылық бөлімшелері, шеберханалар, дәстүрлі діни 
рәсімдерді атқаратын құрметтелген жерлері. Қаланың 
топографиясы жақсы айқын сақталып, біздің көп 
сұрақтарымызды қанағаттандырады.
Тұрақ немесе жайлау. Тұрақ немесе жайлау – көшпенді 
малшылардың темір ғасырлары кезеңінде қыста, жазда мал 
жаятын аудандары. Бұл жерлерде мәдени қалдықтарды табу 
қиын: адам топтары сулы жерлерді жағалап өзендердің 
құйылыс сағаларында не болмаса тау шатқалдары мен 
етектерінде, тағы басқа ығынды, құнарлы, жайылымды, 
орнығуға қолайлы жерлерде тоқтаған. Мәдени қабат тек қана 
от жаққан жерлерде және шаруашылық шұңқырларында 
шашыраңқы түрде кездеседі.
Жерлеу. Археологиялық ескерткіштердің бір түрі – жерлеу. 
Адамды жерлеуді қабірлерді, құрылысты салу әдеттеріне 
байланысты бірнеше топқа бөлуге болады: қорғандар, 
жертопырақтан құрылған қабірлер, дөльмендер – тік қойылған 
бірнеше тас блоктардың үстінен тас тақтаймен жабылған 
мегамет- ғимараттар, көп ретте дөльмендер өлікті жерлеуге 
пайданылған,табытпен қоятын қоймалар.
Археология үшін қабірлерді зерттеу ерекше маңызды. 
Біріншіден, біздің ата тегіміздің рухани ішкі өмір күйі мен 
қөзқарасы, жан дүниесінің даму сатыларын болжап, 
қарастыруға мүмкіндік туғызатын бірден-бір ескерткіштер. 
Екіншіден, қабірлердің түрі этникалық белгілер мен 
ерекшіліктерінің көмегімен зерттеушіге археологиялық 
мәдениеттік топтастыруға жайлы-ыңғайлы. Үшіншіден, 
қабірлерді бағалы анпропологиялық дерек сақталған, және 
көптенген дәстүрлі ресми саймандар, бұйымдар, марқұмның 
қауымда қандай әлеуметтік сатыда болғанын бейнелейтін, 
онымен коса экономикалық тұрмыс деңгейін топшылап 
қорытуға бағалы дерек көздері жинақталған.
Қорғанды молалар. Қорғанды молалар жер топырақ пен 
тастардан құрылған, көлемі әр түрлі; қыратты-биіктеу 
8


жерлерде жеке біреуден не болмаса бірнешеуден 
топтастырылып орналастырылған.
Үлкен, орташа қорғандарды табу оңай, үйілген үймелері 
биік 15–20 м дейін жетеді, астында бірден-бірнеше оңдаған 
жерленген мүрделер табылған. 
Кейбіреулері бірнеше ғасырлар бойы құрылған, ертегісінің 
үстіне қосымша үйілген, стратиграфиясы сол себептен күрделі. 
Алғашқы көрініс алған кезеңі мыс дәуірінен басталып, кейбір 
жерлерде соңғы ортағасырларға дейін жалғасқан. 
Жертопырақ молалар. Жертопырақтан құрылған молалар 
дөңесті, биіктеу жерлерде орналастырылған. Көне кездерде, 
олар қабір үстінде қорған үй тәрізді болғаны ғажап емес, 
қалған тастардың, ағаштардың іздері сондай болжамға 
итермелейді. Жертопырақты көмбелерде ондаған, жүздеген, 
тіпті мыңдаған мүрделер жерленген, бірақ та қорғандардан 
айырмашылығы өткен уакыт кезеңдері қысқа мерзіммен 
шектелуімен белгілі.
Дөлмендер. Дөлмендер тік койылған, өте зор тас 
плиталардан құрылып, үстінен тас тақтармен жабылған. Жер 
бетіндегі құрылыс мегалит – ғимарат деп аталады. Ішінде 
өлген адамдар жерленген. Кавказда қола дәуіріндегісі 
кездеседі. Табылған дөлмендердің көбі ұрланып, бұзылып 
кеткен.
Темір ғасырларында әлдеқайда көп әдістермен жерлеу 
етек алған, мысалы; мүрдені өртеу, құмыраға салып жерлеу, 
әрқилы құрылыстар жерден, тастан салынған, т.б.
Табыну орны. Бұл археологиялық ескерткіштер түрлерінің 
арасында жиі кездесетіні. Оларды барлық құрылыстармен 
рәсми, діни дәстүрлі қызмет атқаратын орындарда, бөлек 
табыну мүсіндеріңде, тастарда, бұлақтарда, орманды 
жерлерде т.б. кездестіруге болады.
9


2 Павлодар-Ертіс маңындағы археологиялық ескерткіштер
2.1 Палеолит
Табылған археологиялық ескерткіштердің негізіне 
сүйенсек, Павлодар Ертіс өңірінде алғашқы адамның 
қалдырған өмір ізінің жасы 1,5 млн жыл. Оған куә Ертіс 
алқабынан табылған бірсыпыра тұрақтар. Атап айтсақ; 
Маралды 1, 2, Екібастұз 15, 18, 20, Ангренсор, Шідерті 3, т.б. 
Археологиялық табыстарды зерттеу нәтижесінде Павлодар 
аймағын қоныстанған алғашқы адамдар қауымының 
әлеуметтік, шаруашылық ұйымдастыру жүйесі – әлемнің басқа 
аймақтарындағы түрлеріне тән тектес – мінездерін іс-
әрекеттерін қайталайды.
Тұрақтардың көлеміне байланысты ойлансақ олар шағын 
топтарға ұйымдасып, жеуге жарайтын өсімдіктердің жемісін 
жинап, ірі және ұсақ аңдарды аулаумен күн көрген. Палеолит 
дәуірінен қалған тұрақтардан табылған жануарлар 
сүйектерінің қалдықтарын зерттеу жұмыстарының 
қортындысында – өткен дәуірдің фаунасының құрамын 
болжауға да мүмкіндік туындайды. Ертіс өңірінің стенан 
тобының жылқылары, қытай маралдар, сайғақтар мен жүндес 
мүйізтұмсықтар, мамонттар, тоғай пілдері, тур-бұқа, ұсақ 
бизон, үнгір аюы және басқа ірілі-уақты хайуандар осы өңірде 
тараған.
Көне пішінді, жұмыр тастардан икемделген еңбек 
саймандарының ішінде табылып келтірілгендері: чопперы, 
чопингі, қолшапқы. Кейінгі кезеңде әр түрлі іске 
қолданылатын еңбек құралдары пайда болған. Соңғы 
палеолитте әр қилы құралдардың саны оннан асып кеткен, 
жарқыншақтар, сыдырғыштар, сүйір және дағал қырғыштар, 
екі шеті жұқартылған қалақтар, қырларының бәрінің жүзі 
шығарылған кескіштер, найзалар мен сүңгінің ұштары 
жасалғаны анықталды. Әсіресе, кескіш құралдар көп болған; 
бұлар қалақтар мен сынықтардан жасалған; олардың үшкір 
бұрышы омырылып, қалақ жүзiне кесе-көлденең келетін шеті 
де кесетін болған.
Ертістің сол жағалауындағы тас дәуірінің ең көп тараған 
ескерткіштері – тұрақтар-шеберханалар мен тас сындыратын 
орындар. Ескі Екібастұз ауданындағы жасы жоғары 
палеолитпен белгіленген шеберхана тұрағында бағалы 
деректер ашылған көптеген құрал-саймандар көрмеге 
10


қойылған. Екібастұз 18-де табылған шахтаның қалдығынан 
сол кезеңдегі адамдардың сапалы шикі зат қазбасын 
қолданғандығы анық. Көңіл аударуға тұратын жағдай шахтаға 
жақын төңіректе өндіріс алаңы орналасқан, онда көптеген 
нуклеустер жинағы, т.б. әзірленген еңбек саймандары және 
өндірістің технологиялық қалдықтар үйінділері ашылған. Тас 
индустриясы – құралдық тас өндірісі леваллуа техникасының 
ұзақ уакыт болуымен сипатталады. Мұның өзі соңғы 
палеолитте де маңызын сақтаған. Келесі тұрақ Ангренсор 
көлін солтүстіктен белдеулеп тұрған шоқының оңтүстік 
баурайында орналасқан. Бұл жерден яшмадан жасалған 1000-
нан аса зат жиналып алынған. Олар көп аланды, дөңгелекше 
сүйір нуклеустер, айқын білінетін соғатын қыры бар қысқа 
және жалпақ сынықтар, қалақтар, сыдырғыштар, шапқы 
тәрізді құрал, қырғыштар, тесетін кескіштер, сүңгінің 
қалақша ұштарының сынықтары.
Сондықтан, айтуға болатын жағдай – осындай 
ескерткіштер негізінде жүргізілген зерттеулер қортындысында 
бүкіл өндірістің процесін шикізат өндіруден бастап, 
нуклеустермен әр түрлі бұйымдарды шығаруына дейін болжап 
құрастыруға мүмкіндік бар. 
Палеолит кезеңіндегі тұрақтардан ашылған саймандардың 
көпшілігі қара немесе сұр алевралиттен және профиттен 
икемделіп жасалған, қайсібір біреулері – ақ кварцтан 
кездеседі. Палеолит заманындағы ескерткіштер жете 
зерттелмеген, бірақ Павлодар Ертіс маңындағы қолда бар 
мәліметтер негізінде адамның және оның мәдениетінің 
прогресі үзілместен жалғаса берді деген қорытынды жасау 
үшін әбден жеткілікті.
2.1 Мезолит
Мезолит заманында табиғи орта осы заманғы бейнеде 
болды. Жануарлар дүниесінің түрлік құрамы өзгерді: енді 
аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы 
ешкі мен киік, қоян мен үйрек болды. Аңшылыққа жаңа 
құралдар ойлап шығарылды. Аңдарды бірлесе қуалап, қамап 
ұстау әдісімен қатар жеке-жеке аулау зор маңызды орын 
алды; балықшылық кәсібі өрістеді. Мезолит заманында ірі-ірі 
екі тарихи оқиға болды: садақ пен жебе ойлап шығарылды 
және микролиттер – үш бұрыш, ромб, трапеция сегмент 
11


тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Микролиттір негізінде 
жебенің ұштары мен қыстырма құралдар жасауға шеберлік 
деңгейі көтерілді: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы 
қуыстарына ондаған ұсақ микроттер тығылып сайманның 
сапасы өзгерді; нақ осылар құралдың өткір жүзі болып 
шықты. Желім ретінде тау балауызы, қара май, битум 
пайдаланылды. 
Павлодар Ертіс өңірінің мезолит дәуірінің ескерткіштері аз 
зерттелген. Ертіс жағалауының мезолит кезеңі көп қабатты: 
Шідерті 3, Ангренсон 2, Құдайкөл 4 тұрақтарының деректері 
табыстарында көрсетілген. Аталған тұрақтардан негізгі 
қазылып ашылған жасанды бұйымдар еңбек саймандары: 
халцедоннан істелген янтарь түстес, қоңыр шақпақтастан 
және сарғыш яшмо қатты тасынан жасалған. 
Бұлардың барлығы сүйек саптарға бекітіліп, қару ретінде 
қолданылған геометриялық пішінсіз, әртүрлі микролиттер 
болса керек. Олармен бірге қырғыштар, ірі жаңқа мен 
опырындыдан үшкір тісті саймандар, нуклеустер тәріздес 
кескіштер мен тескіштер болған. Табылған сына тәріздес 
бүйірлі, призма келбеті нуклеустерден пышаққа ұқсас тіліктер 
және олардың көмегімен шығарылған әлеуметтік бұйымдар – 
аймақты қоныстанған топтардың өздері дербес саймандар 
жасау деңгейіне дейін дамығанын бейнелейді. 
Павлодар Ертіс өңірі – тас дәуірінің бағалы ескерткіштері 
тұрғын үйшіктері мен тұрақтайтын жері. Бүгінгі күні көне 
аңшылардың тоқтап тұрған үйшіктерін жоғары қабаттан 
зерттелгендері, ол – көп қабатты Шідерті 3 тұрағы. Осы жерде 
дөңгелекше күркеге ұқсас тұрғын үйшік қалдығы ашылған, 
айналасы таспен қоршалып, қалап бекітілген, от жағатын 
ошағы мен өндіріс алаңы бар. Ангренсор 2 тұрағынан осыған 
ұқсас көне аңшылардың өмірінің куәгерлері белгіленген. 
Зерттеу жұмыстары әлі де болса жалғасуға тиісті.
2.3 Неолит
Біздің заманымыздан бұрынғы 5 мың жылдықта бастаған 
неолит тастың пайдалы қасиеттері барынша пайдаланылған 
дәуір болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын 
мамандандырылды. Қыспа ретушь техникасының 
жетілдірілуімен қатар тас өндеудің тегістеу, бұрғылау, арамен 
кесу сияқты жаңа техникалық әдістері шықты, бірте-бірте 
12


киын өңделетін тастар пайдаланылды, тас балталар, 
кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келісаптар жасала бастады. 
Бұл өңірде неолит кезіндегі мәдени деректердің көп 
қабатты – Шідерті 3, Құдайкөл 4, Нұрманбет 1, Мичурин 2, 
Пеньки 1 көлдік типтегі тұрақтарынан табуға мүмкіндік бар. 
Осы мәдениетті ұстағандар: көшпелі аңшылар мен 
балықшылар. Олар қалыптасқан салтпен, үйренішті 
шаруашылықтың негізімен өмірлерін жалғастырған. Оған 
дәлел – үлкен тұратын бекініс үй, ие болмаса жиналған қару – 
жарақ, саймандар қорығының жоқтығы. 
Тұрақтардан үшбұрышты, призма тәріздес, жалпақша 
және сына сияқты нуклеустер табылған. Неолит дәуірінде әр 
түрлі микролиттер мен макролиттердің қолданылғандығы 
белгілі, олардың арасынан мынандай микролиттерді ерекше 
атауға болады: ені 1–1,2 см, ұзындығы 1,5–4 см тескіштер, 
бұрғылар, пышақтар, найзаның ұштары, біржақты қырғыш-
тар. Қосымша неше түрлі қырғыштар мен жанғыштар, үлкен 
көлемді тіліктерден жасалған. Макролиттерден жасалған 
балталар мен шоттар, ойыс бүйірлі жонғыштар, қанжарлар, 
шақпақ тастан икемделген қару, сайман қайраған іздері 
қалған қайрақтар табылған. 
Көңіл аударатын жәйт, неолит дәуірінің адамы табиғаттың 
шикізаттарын танып, тауып өздерінің қажетіне қолдана 
білген, мысалы: ұсақ – қиыршық құрамды, түстері сұр, қоңыр, 
жасылдау – сұрғылт қатты тастарды, онымен қатарлас сұрша, 
қызғылт – сазды шақпақ жабайы тастарды да меңгерген.
Табылған заттардың ең ертедегі кешені Пеньки 1 
тұрағынан шықты. Мұнда пышақ тәрізді қалақтар көп, 
олардан әр қилы қырғыштар, бұрғылар, сыдырғыштар, 
құрама құралдардың қыстырмалары, пышақтар, жебелердің 
ұштары жасалатын болған. Жебе ұштарының негізгі түрлері: 
үш бұрышты, сағасында ойығы бар немесе ойығы жоқ, көлемі 
кішкене, ішінара немесе екі жақты жалпақ ретушьпен 
өнделген. Қыстырмалардың ішінде геометриялық түрдегі, 
трапеция бітімді заттар ерекше көзге түседі. Әдетте мұндай 
заттар мезолиттік немесе әуелге неолиттік кешендерге тән. 
Тұрақтағы керамика – бүйірі тікше, түбі дөнгелек немесе сүйір 
ыдыстар. Олар кұм косылған балшықтан жасалған. 
Ыдыстардың бүкіл сыртына айқын өрнектер салынған; оларда 
аралары шұңқырша ойықтармен бөлінген кезектесіп келген 
тура сызықтар, бұран немесе ирек сызықтар басым болып 
келеді.
13


Әртүрлі Ертіс өңіріндегі неолит тұрақтарында әжептәуір 
бай деректер сақталған. Шідерті 3 тұрағында қыштан 
жасалған бұйымдар онша көп емес. Түстері қара, сырты 
өрнексіз, аузы тік, қолданылған балшық құрамында ағаштың 
ұнтағы мен құм көп. Керісінше, Құдайкөл 4 – де неолит 
қабатында көптеген қыш бұйымдар табылған. 
Қазақстан кеңістігінде, әзірге, бірнеше неолиттік көмбе 
ашылды. Жер бетінде көмбенің ешкайсысының сыртқы белгісі 
жоқ. Барлық молалардан сүйектермен бірге жебелердің 
ұштары шықты; мұның өзі біздің арғы бабаларымыздың аң 
аулау кәсібімен одан бұрын шұғылданғанын ғана емес, 
сонымен қатар олардың жиі-жиі соғыс жанжалына 
қатысқандарын көрсетеді. Көмбелерде керамика өте аз, ал 
кейбіреулерінде мүлде жоқ.
Неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы Железинка ауылы 
жанындағы молаға қарап неғұрлым толық пікірге келуге 
болады. Мола, сірә, рулық ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі 
болса керек. Сәндік заттардың, еңбек құралдарының көптігі, 
оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты ерекше 
ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік 
кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; 
бұдан кейін денесінің қалдығы өлген адамның заттарымен 
бірге молаға көмілген; ол заттардың ішінде бас киімге 
тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен сәнделген, орақ тәрізді 
сүйек қаптырма, жыртқыш аңдардың тістері, қауашақтан 
жасалған ірі моншақтардан тізілген алқа бар. Мейлінше 
сәнделген киіммен бірге молаға еңбек құралдары және 
балшықтан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене үш 
ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; 
бұлар қызыл жосамен боялған, – бұл түс, ежелге адамдардың 
ұғымынша, өртеу, отқа табыну рәсімін білдірген.
Шідертіден табылған моланың деректері біздің білімізді 
Павлодар Ертіс өмірін қоныстанған неолит кезеңі 
адамдарының рухани мәдениетінің деңгейінен хабарлар етіп 
толықтырады. Мола ұзынша – созық 170 см, ені 50–60 см, 
тереңдігі 70 см, іші таспен қаланған. Ішінен басы оңтүстік 
шығысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған адамның 
қаңқасы ашылған, екі қолы денесімен қатарластырылып, 
созылып орналасқан. Сол қолының саусақтары санының 
үстіне қойылған, екі иығы сәл жоғары көтеріңкі немесе 
моланың қабырғаларына қыстырып сүйеп қойылған; басының 
төбесі опырылып, жалпайтылып, кеудесіне жапсырылған 
14


тәрізді; аяғының табандары айқастырылған. Жиналып 
алынған сүйектердің қалдығынан пластикалық қайта 
құрастыру жұмысының қортындысында жерленген мүрденің 
сыртқы түрі шамаланған. Оның жасы 25 жыл шамасындағы 
ер адам болған түрі аралас антропологиялық, орал нәсілі 
тектес. Жерленген бұйымдары онша бай емес: жерленгеннің 
оң жақ иығының үстінде бас сүйегінің қасында қызыл 
охраның үйіндісі, төменгі жағының астынан – су бобрының 
алдыңғы қиғаш тістер мен сайғақтың кескіш тістерімен 
азуынан жиналған моншақ табылған. Моншақтардың 
сыртында егелген кертігі не болмаса тесіктері болмағандықтан 
мүрденің киіміне жапсырып тігілген шығар – деген 
қорытындыға тоқтауға болады.
Соңғы палеолитикалық тұрақ Пеньки 1 жер үстінде 
салынған, пішіні төртбұрышты, көлемі 15х17 м, солтүстіктен – 
оңтүстікке созылған тұрғын үйдің қалдығы ашылған. Сірә, 
үйдің қамыспен жабылған ағаш қарқасы болса керек. Үйге 
кіретін жағы шығысқа қаратып орнатылған. Үйдің ішінде үш 
жер ошақ болған (бірі ортада, басқа екеу екі жақта), көлемдері 
1,2–2,5 м дейін. Үйлер қоныс-мекеннің шетіне айнала 
орналасқан; Ортада бір қатар болып тізілген ашық жер 
ошақтары бар алаң болған.
Осы дәуір дала аңшыларының мәдениеті дамыған уақыт 
еді; бұл аңшылар көшіп-конып жүрген және қолайлы табиғат 
жағдайында – өзендер мен көлдердің жағасында балық 
аулаумен де шұғылданған.
2.4 Энеолит
Жаңа тас дәуірінен металдарды кеңінен пайдалануға бет 
алған өтпелі дәуір әдетте энеолит немесе мыс-тас дәуірі деп 
аталады. Аңшылар мен балықшылыр тайпаларында бұл дәуір 
археологиялық мәлеметтер бойынша әр уақытта бірдей 
жеткілікті айқын түрде бейнеленбеген, сондықтан Павлодар 
Ертіс өңірінің энеолиті неолитпен бірге қарастырылады. Уақыт 
жағынан біршама қысқа осы заманда өндірістің және адам 
өмірінің көп салаларында манызды өзгерістер болды. Энеолит 
дәуірінің тарихи деректері бізге Екібастұздық археологиялық 
құрамынан – Екібастұз 15, 17, 18 белгілі; Құдайкөл көлінің 
оңтүстік жағасындағы және Қарабұлақ, Баянауыл ауданының 
Жыланды мен Керегетас тұрақтарынан білеміз. Ең бай, құнды 
15


деректер Шідерті 3 тұрағынан табылған, бұнан қомақты 
энеолит мәдени қабаты іздері ашылған. Шідерті 3 құрамды 
тұрағынан алдымызға әкелінген, көптеген қырғыштар, 
жонғыштар, бифастармен белгілі әртүрлі макролиттері де бар. 
Қару-саймандардан басқа кейбір қыш бұйымдардың сырты 
өрнексіз, бірақ денесінде қатарлас сирек сызықты немесе 
мойнында жиірек сызықшалармен, аузында айналдыра 
батырып орындалған өрнекпен сәнделген құмыралар да 
кездеседі. Оған қосымша Шідерті 3 тұрақта өндіріс алаңдары 
болған. Онда еңбек саймандары өндірілген. Тастан құрылған 
ошақтар да ашылған. Зерттеу жұмысы болашақта жалғасқан 
жағдайда осы өңірді меңгерген адам топтарының әлеуметтік, 
шаруашылық және рухани өмірінен терең табыстарға ие 
болуға мүмкіндік бары күмәнсіз. 
2.5 Қола дәуірі
Қола дәуірінде біздің және көршілес жерлердеге 
тайпалардың тарихи тағдырлары бір-бірмен тығыз 
байланысты болды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың 
жылдықта бұл аумакты андроновтық тайпалар мекендеді. 
Олардың шаруашылығының негізі мал өсіру мен кетпенді 
егіншілік болды. 
Бізге белгілі Павлодар Ертіс өңірінің ескерткіштеріне 
байланысты қола дәуірді ерте (кротов, елунин, турбигтік-
сейман мәдениеттері), орта (петров, алакөлдік, федоров 
мәдениеті) және соңғы (алексеев-саргарин, бегазы-дандыбай 
мәдениеттері) кезеңдерге бөлуге мүмкіндік бар. Зерттеушілер 
ерте қола дәуірінің ескерткіштеріне Шауке 1–3, Мичурин 1, 
Вторы 3, 4 және Пятерыжск ауылды тұрақтарың, Клик 
ауылындағы Ертіс ауданындағы бала моласың, Шідерті 10 
тұрағың қосып атайды. 
Андронов мәдениетінде адамды жерлеу ингумация 
әдісімен төртбұрыштап қазылған жерге, қайсыбірде жалпақ 
тастардан құрылған сандықшалардың ішінде шұңқырларда 
орналастырған. Дүниеден өткен адамды әзірленген шұңқырға 
не болмаса оның ішіндегі тас сандықшаға сол жақ немесе оң 
жақ қабырғасына бүрістіріп, басын батысқа беріп, солтүстікке 
не болмас оңтүстікке көлбейте жатқызылған.
Молалардың ішінде қыш құмыраларды тамағымен, 
садақтың, еңбек саймандары мен қол әшекейлер, алтынның, 
16


көлбақа қабыршағын, жыртқыш аңдар мен малдардың тістері 
мен азуларын қалдырған. Бұндай молалар Ертіс ауданының 
Қара тұмсық, Павлодар ауданының Мичурин 1 және 
Кенжекөл, Қашыр ауданының Қызыл таң төңіректерінен 
ашылған.
Ең дерекке бай табыс Шідерті 10 қорғанында ашылған. Ол 
жерден, адамды жерлеу рәсімінде отты қолданғандары 
белгіленген, оған дәлел – өте қатты күйген мәйіттің жарлары 
және тас жабындының астында қалған ағаштың көмірінің 
көптеген қалдықтары. Моланың ішінен табылған: көптеген 
қойдың сүйектері демек, садақа жабдығынан – тағамның 
қалдығы болуы; қыш бұйымдарының фрагменттері, қола 
пышақтарының сынығы мен жебенің тас ұштары; сәндікке 
арналған әшекейлер көлбақаның қабығынан жасалған түрлері. 
Моланың шығыс жағында үй жануарларының – құрмалдыққа 
сойылған малдардың (жылқының, қойдың) сүйектері 
табылған.
Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген 
тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың қалдықтары 
бар қоныстар сияқты көптеген ескерткіштер қалдырды. Қола 
дәуірде мекендеген тайпалардың тұрғын үйлерін көптеген 
археологиялық деректер сипаттайды. Тұрғын үйлер жартылай 
жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып екіге бөлінеді. 
Жартылай жертөлелердің негізгі екі түрін атап өтуге болады, 
олар: тік бұрышты және сопақ жертөлелер; бәрінің де дәліз 
сияқты шығар аузы болды. Тұрғын үйлердің аумағы 
100 шарша метрден 200 шарша метрге дейін болды. 
Құрылысты салу үшін тереңдігі 0,6–1,3 м үлкен алапты 
шұңқыр қазып қабырғаларды бойлай тіке бағандар 
орнатылды, олардың арасына ортасынан жарылған ағаштар 
немесе шарбақұсталып, балшықпен сыланатын. Үйдің сырты 
суық, дымқыл өткізбеу үшін күл мен шаруашылық 
қоқыстармен жабылып бекітілген. Осындай Алакөл 
мәдениетінің қалдығы Ақ бидайық шатқауынан ашылған 
тұрақты зерттегенде табылған. Бұған қосымша Лебяжье 
ауданының Шарбақты, Қарасу, Қараайғыр және Екібастұз 
ауданының Көктөбе ауылдарынан белгілі.
Негізі, соңғы қола дәуірінің ескерткіштері толық 
зерттелмеген. Сол дәуірдің деректері: Павлодар ауданының 
Шауке 2, Шідерті 2-ден Екібас ауданынан алынған археоло-
гиялық деректер – соңғы қола дәуіріне тән ескерткіштердің 
ерекше белгілерін сақтап қалған. Құмыралардың сыртындағы 
17


өрнектерді тырнақтың, таяқшаның ұшымен батырып, тамшы 
тәрізді бүршік бедерлер, қысып қалдырған штамптар, торлы 
белдіктер оқтау секілді жұмыр сайманмен орындалған. Өте бір 
ғылыми тұрғыдан қызық жағдай: кесетін – ішкі жағына 
ойысқан, сырты уық пішінді, ұшында сақина бейнелі 
тұйығымен соғылған. Әрине, бұл бөлім де көптеген ғылыми 
толықтыруға мұқтаж. 
2.6 Темір ғасыры
Бізге, Павлодар Ертіс темір дәуірінің өміріні Тасмола 
мәдениетінің археологиялық деректерімен белгілі. Бұл 
археологиялық мәдениеттің ашылған ескерткіштері 
құрамында жерлеуге салынған құрылыстар мен қорғандарды 
атап айтуға болады. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар 
«мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер 
себеп болды. Мұндай ескерткіштер Қазақ ұсақ шоқылығынан 
тыс тыс жерлерде де кездеседі. Павлодар облысының ең ірі 
обалар топтары Баянаул тауларының аңғарына шоғырланған 
және обалы қорымдар Шідерті, Өлеңті өзендері мен олардың 
салалары жағалауларындағы жарқабақты тегіс аймақтарда, 
солтүстікте Ерментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің 
бастамасында орналаскан. «Мұртты» обалардың түрлері көп, 
бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас ғұрыптық-сәулеттiк 
кешенге кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті жерлеу үшін 
қазылған терең сопақша шұнқыры бар үлкен оба оның негізін 
құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетті шығыс жағынан, кіші 
оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің 
бетіне, жанына кыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң 
кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында 
дөңгелек тас құрылыстары бар, доға тәрізді екі қатар тас 
тізбектері қаланған. Еңі 1–2 м, ұзындығы кейде 200–300 
метрге дейін баратын тастар тізбегі тас жәшіктер немесе 
дөңгелектер тізбегі түрінде ірі тастардан салынды.
Бұл мәдениеттің бәрінен жақсы зерттелген ескерткіштері: 
Шідерті өзенінің орта ағысында орналасқан жерлеу 
құрылыстар – Нұрманбет 1, 2, 4, Қарамұрын 1, 2, Тасмола 1, 2, 
3, 5, 6 қорымдары неғұрлым толық мәлеметтер береді. 
Екібастұздан солтүстік-батысқа қарай Шідерті өзенінің оң жақ 
жағалауларындағы, әр түрлі уақыттардағы жерлеу 
құрылыстарының Тасмала 1 тобындағы №19 обадағы бейіт 
18


неғұрлым назар аударарлық болып шықты. Жерден Қазылған 
қабір шұңқырындағы қамыс төсеніш үстіне әйелмен бірге қола 
айна, темір пышақ және қайрақ тас көмілген. Мұнда аттың 
басы мен жауырыны, екі қойдың бас сүйегі үйіліп қойылған. 
Аттың басында жүгені бар, ал қайыс жүген әр түрлі қола 
бұйымдармен сәнделген.
Енді бір обада (Тасмола 5) жерленген адамның аяқ 
жағында жеті жылқының басы мен терісі қойылған. Осы 
жерден аттың ауыздықтарының, тау текелердің мүсіні түрінде 
қоладан жасалған әшекейлердің мол жиынтығы, шомбал 
қоңыраулар табылды. Бұл жай ғана құрбандық шалу немесе 
арнау ырымы емес, жеті ат жегілген қос доңғалақты «аспан» 
арбасын жабдықтау салты.
Б.з.б. VII–VII ғасырларға тән жебелер жиынтығы 
Қарамұрын қорымынан табылды. Жылқы терісінен жасалған 
былғары қорамсақта екі түрлі: екі қанатты, ұңғылы және үш 
қалақты келте қола ұштарымен қайың сапты 46 жебе шықты. 
Қазақстан аумағында кейінгі кезде кең тараған, шұңқырдың 
бірбүйірін үңгіп қою деп аталатын жерлеу құрылысының ең 
ежелгісі де осы арадан шықты.
Нұрманбет 4 қойнауындағы жауынгер жерленген бейітте 
тасмолалық ескерткіштерге тән жер лақат ішінен тақта 
тастармен шегенделген. Бұл арадан бір бума жебе, мүсінді 
сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ-қанжар мен сабы 
сақиналы пышақ ілінген, металдан жасалған құрастырмалы 
шомбал белдік табылды.
Тасмола мәдениеті алғашқы кезеңінің обаларынан 
табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді; ұңғылы, қос 
қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы 
ұшы кесек немесе саңырауқұлақ тәріздес қол жылжымас үшін 
жасалған қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айрықша түрі 
тек осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзіңгі тәрізді қола 
ауыздығы бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға 
тән.
Обалардың дәстүрлі бітімі сақталған. Жерлеу ғұрпында 
тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл 
Нұрманбет 1, Қарамұрын 2 қорымдарындағы үш құрылыстан 
айқын көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке қаратып 
салу, түбі жайпақ, бітімі домалаңқы керамикалық ыдыстар 
жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын 
ыдыс үлгілері – бұлардың барлығы б.з.б. IV–II ғасырларда 
19


оңтүстік Приуралье мен Батыс Қазақстанды мекендеген 
сармат тайпаларының материалдық мәдениетіне жақын.
Әуелгі темір дәуіріне тән көрнекілік – жартасқа салынған 
суреттер – петроглифтер. Олардың көпшілігі тастардың 
жалаңаш тегіс беттеріне қашап салынған және жануарлардың, 
адамдардың әр түрлі тұлғаларын бейнелейді. Көптеген 
петроглифтер – аңшылықтың, садақшылар шайқасының 
күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан 
қамалап аулау сюжеттері. Бұл суреттерден жайылып жүрген 
жабайы және үй хайуандарын көруге болады. Жартас 
бетіндегі гравюралар Өлеңтінің орта ағыстарынан, Баянауыл 
тауларынан табылды.
2.7 Ерте орта ғасыр
Павлодардың Ертістің аумағында ерте ортағысырлық 
деректерден белгілі қимақ мемлекетінің құрамына кірген 
тайпалар конфедерациясы өмір сүрген. «Худуд ал-әлемда» 
мынадай дерек сақталған: «Адамдар қысы-жазы киіз үйлерде 
тұрады, жақсы жайылымдар мен суды қажет етіп көшіп 
жүреді. Олардың табыстары – соймур мен қойдан. Олар 
жаздың күні сүтпен, ал қыста сүрленген етпен қоректенеді». 
Бірқатар нарративті деректер қимақтарда қала мәдениетінің 
кең тарағандығы жайлы хабарлайды. Мәселен, ІХ ғасырдың 
20-ші жылдары Тамим ибн Бахр Ертіс бойында қоныстар мен 
қалалардың бар кендігін хабарлайды. «Худуд ал-әлемда» 
Имакия қаласы патшаның жазғы резиденциясы деп 
көрсетілген.
Ертіс өңiрінде жүргізілген археологиялық зерттеулер 
қимақ-қыпшақ тайпаларының тұрмыс-тіршілігі, шаруашы-
лығы жайлы дерек бере алады. Соның ішінде ерекше назар 
аударуға тұратын ескерткіш Х–ХІІ ғасырларға жататын конус 
тәріздес үш әйел адамның бас киімінің қалдығы. Екеуі қайың 
қабығынан жасалып, өрнегі қоныр түсті жібек жіппенен 
тігілген де, жоғаргы бөлігіне конус формасындағы қабықты 
трубка бекітілген. Ал үшінші бас киім толығымен күмістен 
жасалған.
2001 жылы Ертістің сол жағалауында орналасқан 
Жұмыскер мен Қызыл еңбек ауылдарының арасында бір үлкен 
үйінді табылды. Жердің беткі қабатының өзінен ортағасырлық 
20


керамика фрагменттері көптеп жиналды, ең бастысы олар 
барлық жағалауда қаптап жатты. 
Табылған ескерткіште балшық, саз, өзен құмы қабат-қабат 
орналасқан. Балшықты-лайлы жер үйiндінің орталық бөлігінде 
алаң құрап, дәл ортасына қарай біртіндеп төмендейді. 
Сазбалшықты қабатпен бірге 0,03–0,06 м терендікте шіріген 
ағаш қабаты байқалады. 
Қабір біртекті лайлы-балшықтың ортасына түсірілген, 
сондықтан молалық шұңқырдың контуры байқалмайды. 
Үйіндінің орталық бөлігінен темір сауыт пластиналарға толы 
қола қазан алынды. Осыдан басқа, қабірден тағы да қоладан 
жасалған кішірек қазан, жапсырмалар мен айылбастары 
табылды. Өте қатты тотыққан темірден жасалған заттар – екі 
қылыш, бір қанжар, дулыға фрагменттері, найзаның, 
садақтың, пышақтың ұштары, сауыт пластиналар – кездесті. 
Ағаштан жасалған «астау» тәрiздес ыдыс табылды. Оның 
ішіне қойдың сүйектері салынған. Ағаш «астауда» адамның 
қаңқасының отқа күйдірілген сүйектері жатыр. Кремация, 
яғни өлікті өртеу басқа жерде өткізілген болу керек, себебі 
қазба алаңында күлдің қалдықтары кездеспейді. өртелген 
адамның сүйегі «астаумен» жабылған, ол солтүстіктен 
оңтүстікке қарай бағытталған.
Қызыл Еңбек ауылының маңындағы үйіндіден табылған 
заттар Ертіс өңріндегі Евразиялық мәдени ошағының куәсі. 
Сонымен қатар «темір жауынгер» онымен бірге табылган 
қимақ дәуірінің қымбат дүниелері Ертіс өңірінің ортағасырлық 
мәдени-рухани дамуының жарқын бейнесі.
Ортағасырлық араб-парсы деректері Ертіс өңірінде 
ондаған қалалар болғаны жайлы хабар береді, олар өзен, көл 
жағалаулары, шеқара аймақтарында және пайдалы қазба 
өндірілетін жерлерде орналасқан. әл-Идриси өз картасында 
қимақтардың 8 қаласын Гамаш (Ертіс) өзенінің алқабына 
орналастырған. Қимақия астанасы жайлы былайша баяндады: 
«Патша қаласы Хақан – бекініс қорғанмен қоршалған, темір 
қақпалы ірі қала. Патша қаласында көптеген қорғаушылар, 
әскери және керек жарақтар бар».
Өкінішке орай, қазіргі күнге дейін этноархеологиялық 
экспедициялар Ертіс өңірінде бірде бір ортағасырлық 
қалалардың орның ашқан емес 
Қазіргі күні Сырлы қаланың орны Ертістің үлкен бір 
саласы Ақсу өзенінің бойында аңғарылады. Бұл Қазалы 
ауылына (Грязновка – Ж.О. Артықбаев) іргелес жер. 
21


Зерттеушілердің пікірінше Қырлы қала Қазалыдан оңтүстік-
шығысқа қарай орналасқан.
Ертіс бойындағы ескерткіштердің ішінде жазба деректер 
«Калбасун мұнарасын» жиі атайды. Бірақ бұл әлі күнге сырын 
ашпаған жұмбақ. Көптеген сұрақтарға жауап берілген жоқ: 
ғимарат қай уақытқа жатады, оның қызметі не, бұл ғимарат 
діни сипатта болды ма, әлде сауда жолында орналасқан 
керуен сарай ма? Ал мүмкін, бұл орта ғасырлық қалашықтың 
қалдығы шығар? Зерттеушлердің пікірінше, атап айтар болсақ 
тарих ғылымының докторы, профессор Ж.О. Артықбаев тобы» 
Калбасун мұнарасы» едәуір ертерек уақытқа, қимақ заманына 
қатысты ескерткіш деп есептийды.
2.8 Кейінгі орта ғасыр
Әулиелі Ақкөл (немесе Ақкөл-Жайылма) ұлан-байтақ қазақ 
жерінің орталық бөлігіне орналасқан әдемі аймақ. Көне және 
ортағасырлық шежіре деректері мен тарихи жазбалардан бұл 
аймақ туралы аздаған мәліметтер кездеседі. Соларға қарап 
отырып Ақкөл-Жайылманың қазақ тарихындағы орыны 
Баянаула, Қарқаралы, Ұлытау сияқты тарихи орталықтардан 
бір де кем емес екенін аңғарамыз. 
Ақкөл-Жайылма өңірі Өлеңті және Шідерті өзендерінің 
төменгі ағысындағы ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Жалпы 
алғанда бұл алқаптың жер көлемі екі ауданды (Екібастұз және 
Ақтоғай) қамтып отыр. Ақкөл-Жайылма ұғымына Өлеңті-
Шідертінің төменгі ағысы, Ақкөлдің өзі (Аулие көл), Ақкөлден 
төмен түсетін Дуана өзенінің бойы, одан әрі орналасқан 
көлдер жүйесі (Бәсентейін, Қылды көл, Сасық көл, Өмірзақ, 
Бозайғыр, Ашыкөл, Көктөбе, Тоққылы) енеді.
Қазақ түсінігінде Ақкөл-Жайылма өңірі шаруашылыққа 
өте ыңғайлы деп есептелінеді. Әрине, қазақтың көшпелі мал 
шаруашылығы үшін бұл өңірдің ерекше қызықты болуы 
занды. Сол себептен қазақ ауызында ертеден «Шідертінің 
суы – бал, Өлентінің шөбі – бал» деген асыл, қанатты сөздер 
сақталған. Сол қыстаулар орының қазіргі күнде де көруге 
болады. Қысты күні көл жағалаулары бір жағы суықтан пана, 
екінші жағынан азық. Әлі күнге жергілікті ел қысты күні 
малын далада, тебінде ұстайды.
2004 жылдың 23–31 шілдесiнде осы аймақта С. Торай-
ғыров атындағы ПМУ Х. Арғынбаев атындағы этноәлеуметтік 
22


ғылыми орталығы кешенді ғылыми жұмыстарын атқарды. 
Осы жұмыстардың барысында Ақкөл жағасынан Қаражар елді 
мекеніне 2 шақырым жерде қазақ зиратының ішінен (Қара 
оба) ортағасырлық тамаша ескерткіштің сұлбасы табылды.
«Қара оба» ескерткіштері Қаражар ауылынан екі 
шақырым жерде, Ақкөлдің жағасында орналасқан қазақ 
зиратының ішінде. Қазақ зираты тарихи қорым есебінде – 
бірнеше дәуірдің (бірнеше мыңжылдықтың) ескерткіштерін 
қоршап жатыр. Бұл жерде тас дәуірінің еңбек құралдары, қола 
дәуірінің қыш ыдыстарының сынықтары, ортағасырлық 
қорғандар кездеседі. Көл жағалауынан 80–100 м жерде 
орналасқан Қара оба 1-биіктігі – 2 м, солтүстіктен оңтістіке 
қарай – 25 м, батыстан шығысқа қарай – 30 м. Көл 
жағалауынан 100–115 м жерде орналасқан Қара оба 2-
биіктігі – 1,7 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай – 24,5 м, 
батыстан шығысқа қарай – 25 м.
Төбелердің үстінде қызыл (күйдірілген) кірпіш қалдықтары 
шашылып жатыр. Сирек те болса арасынан көк шыны 
(глазурь) жалатылған кірпіш сынықтары кездеседі. Төбелердің 
үстінде кірпіш күйдіруден қалған шлак қалдықтары да 
кездеседі. Үшінші бір мәселе төбелер маңында орта ғасырлық 
қыш ыдыстарының кездесуі.
«Қара обаны» қазу барысында табылған заттардың 
сипаттамасы: Қара оба 1-қызыл (күйдірілген) кірпіш 
сынықтары, тұтас қызыл кірпіш (25х25х5), сыртқы, 
әшекейлейтін қызыл кірпіш (облицовочный кирпич), 
кейбіреулерінде араб жазуы мен балық тәріздес сүреттер 
кездеседі, сыртын әшекейлейтін ою-өрнекті керамика 
плиткалары, көк шыны (синяя глазурь) жалатқан күмбездің 
кірпіш сынықтары, ою-өрнектелген, көк шыны жалатқан 
кірпіш сынықтары. Қара оба 2-қызыл (күйдірілген) кірпіш 
сынықтары, тұтас қызыл кірпіштен (25х25х5) қаланған 
мазардың іргесі, сыртын әшекелейтін ою-өрнекті керамика 
плиткалары, шлак.
Табылған ірге қалдықтарына және заттарға сүйене 
отырып ескерткіштер мазар типтес құрылыс екені көрінеді. 
Олар Орталық Қазақстандағы Жошы хан мазары сияқты 
қызыл кірпіштен көтерілген, көк күмбезді, әшекейленген 
порталы болған құрылыс болса керек. Сонымен қатар 
табылған кейбір заттардың мысалдары, өзінің орындалу 
технологиясы жағынан, әсемдігі жағынан Ұлытаудағы 
ескерткіштен әлде-қайда жоғары. Сыртын әшекейлейтін 
23


кірпіш (облицовочный кирпич), сыртын әшекелейтін ою-
өрнекті плиткалар (изразцы), ою-өрнектелген көк шыны 
жалатқан кірпіш сынықтары. Бұл фактілер бұрын далалық 
өлкеде табылмаған ескерткіштерді Алтын Орда заманның 
құрылысы деп болжауға болады. 
Ақкөлмен қатар жатқан Жаманкөлдің шығыс тұсынан 
Жайылмаға түсетін Дуана өзеніне дейінгі бірнеше километрлік 
алқапта терең қазылған (ені 9–10 метр) ордың ізі жатыр. Бұл 
не көне замандағы ирригациялық құрылыстан, не 
ортағасырлық бекініс – ордан қалған белгі. Қалай болғанда да 
кесенелер орналасқан (Қараоба) алқап жан-жағынан жақсы 
бекінген, алынбас қамалға ұқсайды.
Ақкөл-Жайылма жеріндегі ескерткіштер туралы Мәшһүр 
былай деп жазады: «Шідерті өзенінің аяғында Ақжар, Сасай 
деген ноғайлылардың егін егіп, кент салып, тақ құрған, Бұқар, 
Қоқан хандары сықылды орда жасатқан жері екен. Өлентінің 
аяғында «Қара оба», «Сары оба» деген екі төбе – Қарабай мен 
Сарыбай деген екі байдың қоныс қылған екен, бұл екеуі де 
қазақ байлары. Сол Сарыбайдың жалғыз қызы Баянсұлудың 
туған жері – Баянаула тауы…» [М.-Ж. Көпеев. Сарыарқаның 
кімдікі екендігі. – Қазан, 1907. – 3 б.].
Ақкөл-Жайылма маңындағы ескерткіштер тек бұл 
жағалаумен шектелмейді. Көлдің оңтүстік жағасында Асан 
қайғы тасы, Түйте әулие ескерткіштері, Исабек ишан зираты, 
көлдің шығысында Әулие ағаш, Шідерті өзені бойында 
Сағынайдын асында атақты Құлагерді сынаған Күреңбай 
бейіті т.б. ескерткіштер орналасқан.
Сонымен орта ғасырда Ертiс өңірі көне заманнан бері 
жарқын өркениеттің орталығы болды деп айта аламыз. Оның 
алғашқы белгілері хронологиялық жағынан тас дәуіріне тамыр 
жайып кетеді. Ал тас дәуірі мен қола заманының шекаралас, 
ұштасатын кезінде көне өркениет негізінде энеолит мәдениеті 
қалыптасты. Адамзат өркениеті өз бастауын осы кезеңнен, 
осы Ертіс бойы, Сарыарқа мен Құлынды даласынан алады. 
Өзен бойындағы шұрайлы өлке Еуразиялық өркениеттің кіндік 
ортасы деп айтуға болады. Бұл өркениеттің Ежелгі Мысыр (Ніл 
бойындағы), немесе Қос өзен – Бабыл (Тигр мен Ефрат), 
немесе Қытай (Янцзы мен Хуанхэ) мәдениеттерінен бір 
кемшілігі жоқ.
24


3 Тарихи мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік
қорғау жүйесі
Аталарымыздың қалдырған тарихи-мәдени 
мұрасы, 
археологиялық ескерткіштері біз үшін жоғары бағалы, кең 
байтақ Республикамыздың кеңістігінде өткен көне замандағы 
маңызды процесстерді зерттеп, сараптап, тарихымызды қайта 
толықтырып жазуға әділ деректер көзі. Олар: қалалар, 
қорғандар, көне заманның құрылыс қалдықтары, жолдар, 
суландыру жүйелері, көне заманның жерлеу әдістері – 
орындары, тастан қашалған халықтар өнерінің қалдықтары, 
халықтардың тұрақтаған тарихи жер қабаттарының 
аймақтары, тау-кен қорыту естеліктері, археологиялық 
табыстардың, әртүрлі өмірге қажет бұйымдардың жиналған 
тарихи қоры.
Табиғи ауа-райының әсерінен және әсіресе адамзаттың 
өмір-әрекетінің ықпалынан (азаматтық және өндіріс 
құрылыстарын салу, қажетті кен өндіру, ауыл шаруашылық 
өндірістерін салу, тың жерлерді игеру шаруашылығы, 
кішігірім шаруалардың өмірге қажетті еңбек қортындылары 
т.б.) бүкіл халықтық табиғи-тарихи байлық бұзылып және 
ескерткіштер мүлдем жойылуда. Осыған байланысты: 1992 
жылы Қазақстанда «Тарихи-мәдениетті мұраны қолданып 
және қорғау» жайында заң шықты. «Тарих және мәдениет 
ескерткіштерін мемлекеттік есепке алу» 4-бөлім 25-бап «Тарих 
және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алуды 
ұйымдастыру». Еске алатын жағдай: тарихи естелік мүлік 
немесе бұйым жеке адамның не болмаса мекеменің қолында 
болса да мемлекеттік есепте болуы абзал. 
Ескере кететін жағдай: бір кезде Қазақстанның 
кеңістігіндегі тарихи және мәдени ескерткіштердің құрамын 
жинақтау жайында жоғары деңгейде қаулылар қабылданған 
болатын,мысалы: 
– 1981 ж. 05. 07. ҚазССР ҒА Президиумының, 
– 1982 ж. 06. 04. № 1 94/97, 10 тамызда «ҚазССР тарихи 
және мәдениет ескерткіштерінің құрамын шығаруға әзірлеу» 
жөнінде ҚазССР ҒА Президиумының қаулысында, ҚазССР 
мәдениет министрлігінде, ҚазССР мемлекеттік шығарма-
шылық, полиграфия және кітап сату бөлімінен ұйымының 
біріккен қаулысында; 
– №с 44, 1983 ж. 03.17. ҚазССР ҒА Президиумының 
қаулысы.
25


– 1980 ж. 06.14. ҚазССР Совет министр қаулысы.
– 1988 ж. 06.17. №284 ҚазССР Совет министр қаулысы.
ҚазССР ҒА ескерткіштер құрамының бөлімшесі 
Ш.Ш. Уалиханов атындағы археология және этнография тарих 
институтында құралған.
1991 ж. ҚРҰА А.Х. Марғұлан атындағы археология 
институтында жеке бөлімше бөлініп ғылыми жұмыскерлері 
ашылған археологиялық экспедициялардың табыстарын және 
жазбаша естеліктер жайындағы тарихи мұражайлар қорларын 
зерттеп, сараптап тағы басқа кездейсоқ табыстарды да есепке 
алып тарихи – мәдениет естеліктерімен күрделі жұмыстар 
жүргізген. Осы жұмыстардың қортындысымен 1994 ж. 
Оңтүстік Қазақстан аймағынық ескерткіштерінің тарихи – 
мәдениет жинағының 1 бөлімі шығарылған. Бірақ 1994 ж. 
Қаражат жетіспеушілігінің салдарынан жоспарланған көлемді 
жұмыс тоқтап қалған.
Құрамды үлкен – ауқымды себептер: Қазақстанның 
әлемдік қауымдағы деңгейлі орнына байланысты, халықтың 
ұлттық өзіндік санасының оянуын, ата-тегінің тарихын білуге 
ынтасын кеңейтті. Халықтың тарихи ұлттық сана-сезімінің 
бейімделуiне мемлекеттік саяси бағыттық жоспары жасалған.
1997 ж. 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 
№ 3790 қарарымен 1998 ж. Ұлттық тарихта халықтардың 
бірлестік жылы аталып хабарланған. Осыған байланысты 
ғылыми зерттеу жұмыстары жандандырылып тарихи 
ескерткіштер құрамын бүкіл мемлекеттік маңызды іс 
қатарында жалғасын тапты. 1998 ж. ҚРҒА – ҰҒ Археология 
Институтында археология ескерткіштерінің құрамы үшін ЖТК 
ұйымдастырылды.
(3) – А. Грошев. Археология ескерткіштерінің құрастыру 
тобының қысқаша есебі АН ҒМ – ҰА ҚР 1998 ж.
Павлодар Ертіс өңірінің этномәдени тарихын зерттеу 
жоспарына байланысты аталған аймақтың тарихи және 
мәдениет ескерткіштер құрамын шығару жұмысын 
ұйымдастырса орынды болар ма деген ой келеді. Егер де 
ақырғы тарихи – мәдени ескерткіштер тізіміне сүйенсек, 
Павлодар аймағында 1.01.1994 ж. Мемлекеттік қорғауда 34 
археологиялық ескерткіштер мен сәулеттiк, тарихи және 
монументалдық өнерлік және 468 жаңадан табылған 
ескерткіштер, 50% аса археологоиялық ескерткіштер бар 
болғаны аймақтың үш ауданынан ашылған.
26


Әдебиет
1. Ақышев А.К. Искуство и мифология саков. – Алма-Ата, 
1984.
2. Анисюткин Н.К., Астахов С.Н. К вопросу о древнейших 
памятниках Алтая. / В кн.: Сибирь и ее соседи в древности. – 
Новосибирск, 1970.
3. Артықбаев Ж.О, Ерманов А., Жәнісов Ә. Орта Ертіс 
өңірі қимақ дәуірінде. – Астана, 2004.
4. Артықбаев Ж.О, Ерманов А., Жәнісов Ә. Ақкөл- 
жайылмадағы этномәдени зерттеулердің қысқаша нәтижелері.
5. Артюхова О.А. Корреляция мустьерских индустрий 
Казахстана. Каменный век Казахстана и сопредельных 
территорий. – Туркестан, 1998.
6. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. 
Археология Казахстана. – Алматы, 1993.
7. Вишняцкий А.Б. Палеолит Средней Азии и 
Казахстана. – Санкт-Петербург, 1996.
8. Зданович Г.Б. Феномен протоцивилизаций бронзового 
века урало-казахстанских степей: культурная и социально-
экономическая обусловленность. Взаимодействие кочевых 
культур и древних цивилизаций. – Алма-Ата, 1989.
9. Қадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних 
скотоводов и металлургов Сары-Арки. – Алма-Ата, 1992.
10. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура 
Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1979.
11. Маргулан А.Х., Ақышев К.А., Қадырбаев М.К., 
Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. 
Алма-Ата, 1966.
12. Медоев А.Г. Ареалы палеолитических культур Сары-
Арки.//По следам древних культур. – Алма-Ата, 1970.
13. Медоев А.Г. Стоянка-мастерская у озера Құдайкөл. В 
кн.: Новое в археологии Казахстана. – Алма-Ата, 1968.
14. Таймагамбетов Ж.К. Палеолитические памятники 
Центрального Казахстана.// Маргулановские чтения. – Алма-
Ата, 1989.
15. Оразбаев А.М. Северный Казахстан в эпоху бронзы.
16. Чалая Л.А. Озерные стоякни Павлодарской области 
Пеньки 1,2. / В кн.: Поиски и раскопки в Казахстане. – Алма-
Ата, 1972.
27


Мазмұны
Кіріспе .............................................................................................3
1 Археология ғылымы нені зерттейді және ескерткіштердің түрлері 
1.1 Археология тарих ғылымының бір саласы .................................4
1.2 Археологиялық ескерткіштердің түрлері ....................................6
2 Павлодар Ертіс өңіріндегі археологиялық ескерткіштер 
2.1 Палеолит ....................................................................................9
2.2 Мезолит ....................................................................................11
2.3 Неолит ......................................................................................12
2.4 Энеолит ....................................................................................15
2.5 Қола дәуірі ...............................................................................16
2.6 Ерте темір дәуірі.......................................................................18
2.7 Ерте орта ғасыр .......................................................................20
2.8 Кейінгі орта Ғасыр ...................................................................22
3 Тарихи-мәдени ескерткіштерін мемлекеттік қорғау жүйесі .......25
Әдебиеттер......................................................................................27
А.М. СЫЗДЫҚОВА
ЕРТІСТІҢ ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРI
Оқу құралы
Басуѓа ќол ќойылды 28.06.2006.
Гарнитура Times.
Форматы 29,7
×
42 ½. Офсеттiк ќаѓазы.
Кµлемi 1,3 шартты б.т. Таралымы 300 дана.
Тапсырыс № 0085.
Павлодар мемлекеттiк педагогикалыќ институтыныњ
редакциялыќ-баспа бµлiмi
140000, Павлодар ќ., Мир кµшесi, 60
E-mail: rio@ppi.kz
28


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет