Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастаған. 1976-1977 жылы бөлім, кейін дефектология факультеті қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ - дің дефектология факультетінін ашуға белсенді қатысып, дамуына еңбектерін аямаған озат дефектолог-ғалымдар:

Намазбаева Ж. и., Сүлейменова Р. а., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ. ж., Буфетов Н. м. т. б.
Жалпы еліміз бойынша 420 арнайы білім беру ұйымы бар, оның ішінде 195 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 98 арнайы мектеп, 14 оңалту орталығы және 38 арнайы мектепке дейінгі ұйым, 75 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) жұмыс істейді. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарында 24 503 бала қолдау алады, оның ішінде мектеп ұйымдарына бармайтын 2415 бала.

Арнайы мектептердегі және арнайы сыныптардағы жұмыс 0-4 сыныптарда ұзартылған күн тәртібінде, ал 5-9, 10 сыныптарда - мектеп басшылығының шешіміне қарай ұйымдастырылады Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды еңбекке баулу жұмыс кадрларының қажеттілігіне қарай психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Үлгілік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.