бет 6/8 Дата 15.12.2023 өлшемі 2,07 Mb. #138108 түрі Құрамы
Байланысты:
ÐиÑÐ°Ð¼Ð¸Ð½Ð´ÐµÑ Òаз Антиоксидант ТӨТЛП тотығуын төмендетіп антиатерогенді әсер көрсетеді. Гиповитаминозы Қызыл иектің қанауы Ұсақ нүктелі қан құйылулар (петехиялар), жалпы әлсіздік,тез шаршау, аяқ—қолдарының қақсауы. Петехиялар Майда еритін витаминдер А витамині, ретинол β-ионон сақинасынан, 2 изопрен қалдығынан тұратын бір атомды спирт Табиғатта таралуы А витамині тек жануар текті тағамдарда :ірі қара мал баурында, жұмыртқа сарысында, сүтте,балық майында кездеседі. Провитамин-каротиноидтар сары-қызыл түсті өсімдік текті тағамдарда (сәбіз,томат,бұрыш,салатта)кездеседі. А витамині, антиксерофтальмиялық Биологиялық ролі Көздің тор қабатында қаранғыда: ретинол→цис-ретиналь+опсин белогі →родопсин Жарықтың фотоны түскенде родопсин транс-ретиналь мен опсинге ыдырайды. Сол кезде көру нервісінде алғашқы жүйке импульсі пайда болады. Родопсин кешқұрым көздің көру қабілетін күшейтеді Родопсиннің түзілуі А витамині кератиндену процесін (кератин түзілуі) төменгі деңгейде ұстап тұрады. Кератин жиналған кезде цилиндрлі эпителий жасушалары жалпақ түруге айналып түсіп отырады. Ретинол цистеинді цистинге тотықтыратын ферменттің (Cu-фермент) активтілігін тежейді. Цистин кератиннің синтезіне қажет. Ретиной қышқылы эмбрионның, жас организмнің жасушаларының қалыпты өсуі мен дифференцировкасын реттейді. Ретиноидтар ағзаның эпителий тіндерінің көпшілігінде кератин генінің экспрессиясын бақылайды. Дәнекер, шеміршек, сүйек тіндерінің түзілуіне, өсуіне қатысады. ГАГ синтезіне қатысады. Гликозилдену, сульфаттану реакцияларын тездетеді. Авитаминозы Гемералопия, ақшам соқырлық-кешқұрым көрудің бұзылуы. Ксерофтальмия-көз жасы шығатын жолдар мүйізденген эпителиймен бітеліп қалады, жас бөлінуіне кедергі болады. Бұл конъюктивиттің , көздің қасан қабығының ісінуі, кебуі және жұмсаруына (кератомаляцияға)әкеледі. Барлық мүшелердің эпителий жасушаларының кератозы, терінің шамадан тыс мүйізденуі, ас қорыту, зәр-жыныс, тыныс алу жолдарының эпителийлерінің зақымдануына (стоматит, трахеит, бронхит, гастрит, колит, энтерит, циститке) әкеледі. Достарыңызбен бөлісу: