Реакциялар:пируват пен α-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилдену реакциясы; глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.
Глюкозаның аэробты жолмен тотығуы
көп тіндерді, әсіресе жүйке тінін энергиямен қамтамасыз етеді.
Авитаминозы:
Полиневрит:шеткі жүйке жүйесінде дегенеративті өзгерістердің байқалуы. Жүйке бағанында ауырсыну, терінің сезімталдығының жойылуы, параличтың (бери-бери)пайда болуы. Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары, ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық бұзылыстары.
Глюкозаның аэробты жолмен тотығуы бұзылса , тіндерде, қанда пируват, лактат көбееді. Олар метаболиттік ацидозға әкеледі жене ОЖЖ-не токсикалық әсер көрсетеді.
НАД - ДНҚ репликациясы мен репарациясы процестеріндегі ДНҚ-лигазалық реакциялардың субстраты. Бұл тез регенерацияға ұшырайтын тіндер (тері, кілегей қабаттар) үшін өте маңызды болады.