Вопросы археологии



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата02.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#5132
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Жеті сәулелі бас киім бөліктеріне кел-

сек  (12-сур.).  Сандық  символика  жал-

пы адам баласы атаулыларға тән түсінік. 

Зерттеушілер,  жеті  санында  әлемнің 

жалпы мәні және оның Бәйтерегінің си-

паттары  тоғысады  дейді.  Жеті  сандық 

құрылым  сонау  тас  дәуірінің  бейнелеу 

мен мифологияларында да бар. 

Бақсылық дәстүрдің мифологиялық 

ұғымдарының  ең  бастысы  –  әлем 

құрылысының  Бәйтерек  бойымен  тік 

көтерілуінің  үштік  сатылары.  Бақсы 

Бәйтеректің  баламасы  (метафорасы) 

және  одан  өрбитіндердің  дәнекері. 

Бұдан  шығатын  қорытынды  –  бақсы 

да,  оның  бас  киімдері  де,  сандық  не-

месе  күнсәулелік  символикаларына 

қосымша  –  әлем  құрылымының  тіктік 

мәнеріне мегзейді. 

Бұрынғыларда  құрбандық  малын 

бөліп-жару,  тарату  ғұрпы  болған.  Бұл 

ежелгі әдет осы күнге дейін қазақтардың 

салттарында сақталған. Мәселен, текені 

көкпарға  салып,  етін  бөліп  жеу.  «Риг-

веда»  бұл  ғұрыпты  былай  мәлімдейді: 

«қажетті  кезінде  құрбан  шалғын, 

үш  төбедегі  құдайлар  жер  ортасын-

да  біріктірсін»  [Огибенин  Б.Л.,  1968, 

с. 59]. 


Негізгі 

антропоморфтық 

бейнелердің  төңірегінде  тұрған  хай-

уанаттар  тектес  бейнелер  құрбан 

болғандардың  бөлік-бөлшектері  сипа-

тын аңғартқандай. Хайуан тектестердің 

кейбіреулерін  бақсылардың  көмекші 

жындарының  скульптуралық  бейнесі 

дейтіндей түсінік айтуға болатын, бірақ 

ол қисынсыз жорамал. 

Баянжүректің  екінші  адамының 

бас  киімінің  құрылыс-құрамы  Веда 

құдайларының  ең  танымалысы  –  Ин-

драны  еске  алдырады.  Индра  –  Күн 

күркіретуші құдай. Оның көптеген ерлігі 

ғарыштық жасау-жарату деңгейінде си-

патталады. Мәселен, сәуле шашқан күн 

бейнелі бас киімдер немесе бастың өзін 

бейнелейтін күнге ұқсас шеңберлер.

30-сур.


31-сур.

32-сур.


94

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

Әрине,  біз  Баянжүректің  адам 

бейнелерін 

көне 

аңыздардағы 



кейіпкерлердің 

ерліктері 

мен 

қайраткерліктерінің  бейнелеу  өнері 



арқылы 

тікелей 


көрсетулер 

деу-


ден  аулақпыз.  Әсіресе,  индоарийлық 

аңыздарды  тым  жақын  жанастырудың 

жөні  жоқ.  Қазақстан  және  оған  тақау 

жерлердегі  петроглифтердің  құрылу 

желістерінің өзара ұқсастықтары тек жал-

пы  идеялық,  дүниетанымдық  ұқсастық 

қана.  Ал  ол  адам  баласына  ортақ  қой. 

Тарихи  бұл  ұқсастықтар  ес-сананың 

(аңызда)  ғасырлар  бойы  рухани 

мәдениетті және мәдениет үлгілерін жа-

дында сақтайтын да, жан-жаққа тарата-

тын да қабілеттері бар. Солардың ең бір 

көрнектісі әрқилы араласу әрекеттерінің 

(көші-қон, 

мәдени 

алыс-берістер, 



соғыс-керістер)  нәтижесінде  бәріне 

бірдей  ортақ  мұраға  айналғандай  мән 

алады.  Көпке  ортақ  мәнді  идеялардың 

берілуінің, 

түсінуінің, 

орнығуының 

бірнеші жолдары бар – заттық мәдениет 

үлгілері  арқылы,  тілдік  қатынастар 

нәтижесінде т.б. 

Аңыздардағы  деректерді,  мәселен, 

олардың  индоирандық  нұсқауларын 

Орталық  Азияның  қола  дәуіріне  жа-

татын 

петроглифтерінің 



түп-тегін 

тануға  қолдануға  болады.  Бірақ, 

бұл – петроглифтердің туындыгерлерінің 

кімдер екендігінің дәлелін іздеу емес. Ту-

расын айтқанда, қола дәуірінің андрон 

мәдениеті индоирандықтар мұрасы деп 

кесіп айтуға толық дәлел жоқ. 

Адам 


бейнелерінің 

төңірегінде 

басқадай  суреттер  де  жеткілікті  (7-10, 

13-сур.).  Олардың  ерекшеліктері,  екі 

жағдайда да адамдардың айналасында 

таутекелер бейнеленген. 

Жоғарыда 

сипатталған, 

екі 

жақтарында 



қос-қостан 

дисклері 

бар  тік  тұрған  таяқшалар  тура-

лы  түсінік  беру  күрделірек.  Дис-

клер  деп  атағанымыздар  –  металл 

салбыршақтарына  ұқсайды.  Айналар 

болулары да әбден мүмкін. Салбыршақ 

болсын,  айна  болсын  –  бәрібір 

бақсылық  асай-мүсейлер  екендігі  да-

усыз  деуімізге  негіз  де  бар.  Өйткені, 

кейбір  әйгілі  қоғам  мүшелерінің 

де, 


патша-патшайымдардың 

да, 


бақсылардың  да  бас  киімдері  неме-

се  тәждерінде  Бәйтерек  баламалары 

болғанын  білеміз.  Сондай  Бәйтеректер 

бұтақтарына  шектері  шеңбер  тәрізді 

заттарды  іліп  қоятын.  Осындай  мы-

салдарды  Орта  Шығыстан  бастап 

(Ауғанстандағы  Тилля-Тепе),  Оңтүстік-

Шығыс  Азияға  дейін  (Кореяның  Пок-

че,  Силла  мәдениеттері)  байқай  ала-

мыз. Диск тектес салбыршақтар кейінгі 

бақсылардың да асай-мүсейлерінің ба-

сым түрлері. 

Ауыз-екі 

болса 


да, 

мынадай 


аңызға  нұсқап  өтелік.  Онда  бақсының 

Бәйтерегіне  жапырақтар  емес  айналар 

бітеді делінген. Осы арада авторлардың 

археологиялық  сапарларында  көздері 

шалып 

қалған 


ақ 

шүберектерге 

33-сур.


95

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

оралған  ағашты  естеріне  алғандары 

бар.  Аңыздардың  басқа  бір  орайдағы 

түсініктерді  де  ескерейік.  Ол  аңыздар 

бойынша  дисклер  әлем  құрылысының 

екі  шаңырағы.  Мүмкін  екі  шаңырақ 

дегендері – әр шаңырақ астындағы күн 

мен  ай  немесе  олардың  тууы  мен  ба-

туы да болар. «Ригведа» (Х. 114. 3) күн 

мен  айды  екі  құс  кейіпкерінде  сипат-

тайды. Ал Бәйтерек – әйел бейнесіндей 

көрсетіледі:  «Тығыз  өрілген  төрт 

бұрымды  үлбіреген  жасөспірім,  сәнді-

салтанатты  әшекейленген,  бет  ажа-

ры  жарқыраған  ол  құрбандыққа  ша-

лынады.  Үстіне  ұрықтауға  қуатты  екі 

құс  қонады.  Құдайлар  ол  жердегі 

жандардың 

тасаттықтарынан 

өз 


еншісін  алады».  Мұндай  бірі-бірімен 

біте  қайнасқан  құбылыстар,  қосыла 

келе  бүкіл  әлемнің  өсуін,  өнімділігін 

бейнелейді  [Огибенин  Б.Л.,  1968, 

с. 86].

Зерттеп, түсінбек болып отырған бұл 



тұлға, оның «тік осьтерін» ескермегенде, 

Орталық  Азияның  пероглифтеріндегі 

«көзілдірік  немесе  гантель  тәрізді» 

белгілермен 

баламалығын 

таны-


тады.  Оларды  зерттеушілер  күннің 

(айдың)  экликтика  бойымен  жылжу 

кезеңдері,  белгілері  деп  таниды.  Тағы 

бір пікір – бұлар кеңістіктің екі орында-

ры; аралары ұзын жол; ол жолмен әрі-

бері дәнекер құдайлар жүреді. 

Иелерінің  қоғамдағы  ең  елеулі 

жандар  екендігін  айқындайтын  бас 

киімдерден  басқа  да  бегілер  бар.

Олар  –  жалбыршақты  бел  байлау-

лар.  Егер,  Сібір  мен  Алтайдың  кейінгі 

замандағы  бақсыларының  киімдеріне 

қарасақ,  Баянжүрек  тұлғаларының 

белдемелерін  көреміз.  Әр  түсті,  әр 

мөлшерлі  бау-таспаларына  әр  түрлі 

маталар  мен  терілерден  істелген 

жалбыршақ, 

салпыншақ, 

неме-

се  қоңыраулар  ілінген.  Олардың 



әрқайсысының өзіндік атқарар қызметі, 

берер көмегі, тиер шипасы бар деп сен-

ген. 

Соңындағы 



назар 

аудара-


тын  нәрсе,  петроглифтердегі  желек 

жамылғандардың 

(бақсылардың) 

басқаруларымен 

өтетін 

ырыми 


ғұрыптарда  ым-ишараттарының  да 

мәндері  болған.  Ым-ишараттар  ата-

улылар:  адамның  әр  қыйлы  дене 

қимылдары, 

қол-аяқ 

серпулері, 

ұзынды-қысқалы  дыбыс  ырғақтары. 

Бұл 


сияқтылардың 

мәндік 


аста-

ры  қатысушыларға  түсінікті  болған. 

Ым-ишарат 

тілі, 


Н.Я.  Маррдың 

дәлелдегеніндей, 

«әлемдік 

дүниетанымның  үш  аспан  төңірегінде» 

түсініктерімен байланысты. 

Сонымен,  Баянжүректің  екі  адам 

(11,  12-сур.)  тектес  тұлғаларының 

жөн-жорықтарын  ажыратып  алып, 

Қазақстанның 

жер-жерлеріндегі 

байырғы 

халықтардың 

дүниеге 

көзқарастарының 

кейбіреулерінің 

астарларын  ашқандай  болдық.  Олар 

арқылы  алда  тұрған  түбегейлі  зерттеу 

жұмыстарының бағыт-бағдырларын да 

белгілеген сияқтымыз.

Басқа  сюжеттерге  келсек,  садақ 

асынған 

немесе 


садақ 

тартқан 


жандардың 

бейнелері 

Баянжүрек 

суреттерінің тұла бойына түгел тараған 

тұлғалар.  Олардың  мезгілдік  арала-

ры  сонау  көне  металл  дәуірінен  баста-

лады  да,  күні  кешегі  этнографиялық 

кезге  дейін  созылады  (13,  18-сур.). 

Бұл  тұлғалар  тұрпатындағы  өзгерістер 

олардың мәнерлеу сипаттарынан және 

садақ түрлерінен орын алған. 

Ортағасырдағы ту көтерген салт ат-

тылар

  Баянжүректің  суреттерінің  ара-

сында көп (21, 29-сур.) және тереңдігі 



96

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

жағынан оған тең келетін есекрткіштер 

Сібір,  Алтай,  Қазақстан  жерлерінде 

некен-саяқ. 

Нобайлап  қана  және  көпкескінді 

көрсетілген  көне  металл  кезеңінің 

адам  тектес  тұлғалары,  одан  кейінгі 

сақ 

дәуіріндегі 



адам 

бейнелері, 

ортағасырлық 

суреттемелер-

мен 

жалғасады. 



Бұл 

дүниелер 

алдыңғыларына 

қарағанда 

мән-

мағыналары 



ашық 

айтылған, 

сыр-бұқпаларсыз 

көрінеді. 

Адам 

тұлғаларынан  киім  үлгілерін,  шаш 



қайыру  түрлерін,  бас  киімдерін  толық 

тануға  болады.  Сондай-ақ,  қару-

жарақтары  да,  ат-тұрмандары  да, 

тіптен, әскери ру-топтық белгілері – ту, 

байрақ, бунчуктары да көрсетілген. 

Ғылыми 


зерттеулер 

мен 


мақалаларда  ортағасырлық  сурет-

сызбалардың танымал белгілерін ажы-

ратып  алуға  талпынғандар  аз  емес-

ті.  Сөйтіп,  бұл  кезгі  суретшілердің 

өзіндік  сырын,  «ережесін»  ашпақшы 

болған.  Бірақ,  бұл  жаңа  заманның 

өнертанымдық  әдістемесі  еді.  Өйткені, 

ортағасырлық  жартас  беткейлеріндегі 

суреттер  эстетикалық  деңгейдегі  туын-

дылар  емес-ті.  Ол  –  «рәсімдік  өнер». 

Онда  белгілі  бір  кейіптің  жинақталған 

кескіндері  бар.  «Ереже»,  үлгі  кейіптік 

тұлға  делінетіндер,  ең  алдымен,  өз 

заманының дүниетанымынан туады. Әр 

кездің  тарихи  -әлеуметтік  жағдайлары 

нәтижесінде  ғана  көркемдік  әдіс-

тәсілдер 

қалыптасады. 

Дүниеге 

жаңа  келген  әдістемелер  өздерінен 

бұрынғылардан 

тамырын 


үзбейді. 

Бірақ, тұтастай да қабылдамайды – бірін 

жоғалтады, енді бірін жаңғыртады. 

Ортағасырларда 

жартастар 

беткейлеріндегі 

суреттердің 

тәсілі 


(стиль) мен желілері (сюжет) – бүкіл Ев-

разия аумақтары бойынша – біркелкі де, 

өзара  ұқсас  та  көрінеді.  Бұл  заманның 

хайуанаттық стилі, негізінен, біздің жыл 

санауымыздың  I  мыңжылдығының  ба-

сына  қарай  қалыптасады.  Суреттердегі 

хайуандардың  басым  көпшілігі  шау-

ып  бара  жатқан  сәттерінде  салынған. 

Олардың 

бейнелері 

жалпылма 

берілген. 

Бірақ, 

ойық-сызықтары 



мәнерлі.  Оңтүстік  Сібірдің  таштық 

мәдениетінен  осыларды  айқын  көруге 

болады.  Суреттердің  тақырып  түрлері 

мол – көп тұлғалар қатысқан көріністер, 

қақтығыс-қағыс сәттері, аңшылық, мал 

қуу (барымта), мейрім рәсімдері, жеке-

дара  тұрған  сарбаздар,  аттылар  мен 

малдар. 


Скиф-сармат дәуірінде сәл-пәл сая-

бар  тапқан  адам  бейнесі,  ортағасырда 

қайтадан көріне бастайды. 

Баянжүректегі адам тұлғалары шағын 

ғана. Олардың бәрі батырлықты, ерлікті 

жырлайды.  Ту  –  байрақты  қастерлейді. 

Елдікті, бірлікті астарлайды. 

Аталған  тақырыптарға  құрылған 

дүниелер  –  әдеби  мұралар  да, 

ғимараттардың  іргелеріндегі  түрлі-

түсті  суреттерде  де  –  көптен  кездеседі. 

Олардың  ішіндегі  алтайлықтардың, 

қазақтардың  эпостарындағы  негізгі 

арқау  –  жерін  жаудан  қорғау, 

бостандығын  сақтап,  баянды  да 

бақытты  өмір  сүру.  Ортағасырлардағы 

жартастар 

беткейлеріндегі 

сурет-

тер,  эпостар  сияқты,  көрушілерін 



(тыңдаушыларын) 

өз 


заманының 

құнды  санап  қастерлейтін  дүниелеріне 

ортақтастырады,  біте  қайнастырады. 

Ондай  дәнекер,  ондай  үлгі,  ондай 

қасиет  –  халық  қаһармандарынан  та-

былады және олардан алынады. 

Жоғарыда  біз  қола  дәуірінде  адам 

тұлғалының  кім  екендігін  таныту  үшін, 



97

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

оның бас киіміне баса көңіл бөлгендігін 

жазғанбыз.  Осы  дәстүр  ортағасырда 

да жалғасын тапқан. Адам тұлғасының 

басын,  бас  киімін,  қару-жарақтары 

арқылы  олардың  иесіне  мегзеу  –  бұл 

кезде  әдетке  айналған  деуге  болады. 

Көшпенділердің дүниетанымы кеңістікті 

екі  бөледі.  Өз  кеңістігі  «қасиетті», 

өзгенікі  –  «қасиетсіз»  .Ерлер  мен  ба-

тырлар өздерінің кеңістігінен өзгенікіне 

өтер  жолда  нелер  қиыншылықтармен 

кездеседі. Соғыс салып, ерлік көрсетеді, 

жеңіп  шығады.  Найзасын  бағыттап, 

құстай  ұшып  бара  жатқан  атты  сарбаз 

суретте  сондай  сәтті  бейнелейді  (22-

31-сур.).  Кейбір  жеке-дара  тұрған  ту 

ұстап,  байрақ  көтергендердің  де  түпкі 

мәні осы. 

Өкінішке 

орай, 

ортағасырлық 



таңбалық  белгілердің  қайсысы  қай 

уақыттікі  екендігі  ажыратып  алынған 

жоқ.  Оның  үстіне  олардың  суреттері 

қажетті  мөлшерден  тым  аз.  Ал 

барларының  түрлері  көмескі,  бедер-

белгілерін анық ажырату қиын. 

Ат  үстінде  отырған  адам  бейнесі 

жартастар  беткейлерінде  сонау  қола 

дәуірінен 

бастап 


белгілі. 

Үйрету 


(ауыздықтау)  сәті  салынған.  Олар 

сейма-турба 

қола 

пышақтарының 



сабындағы 

скульптураларға 

стилі 

жағынан  және  салынған  уақыты 



жағынан сәйкес. Ескерте кететін бір жай, 

жартастық  өнерде  аталған  стильдегі 

жылқы  бейнелері  бірде  жеке,  бірде 

үйірлерімен берілген. 

Бүкіл 

Евразия 


аймағындағы 

ортағасырлық 

атты 

адамдардың 



бейнелері  олардың  қолданған  қару-

жарақтары,  әскери  тәжірибелері  және 

әр қару түрін қалай қолданғаны жөнінде 

мол дерек береді.

Ортағасыр 

батырларының 

кескін-кейпі  –  әскери  мамандық  пен 

шеберліктің  жырғауы  болады.  Онда 

және өткеннің де өсиеті жатыр, аңыздық 

сыр  да  жоқ  емес.  Батыр  мен  оның 

аты  –  біте  қайнасқан  бір  тұлға.  Олар 

батылдықпен  қатар  қасиетті,  құдіретті 

күштің  иелері:  әр  түрге  өзгере  алады, 

жер  асты  дүниесінен  өте  береді,  суға 

батпайды,  отқа  жанбайды.  Тіптен,  ке-

рек  болса,  табиғат  құбылыстарын  ту-

дыра  да  алады.  Ал  кереметтері,  тізе 

берсе  –  табыла  береді.  Қазақтардың, 

алтайлықтардың,  монғалдардың  эпо-

старында бұл ғажап көрсетілген. 

Көптеген 

аңыз-әңгімелерде 

батырдың  аты,  оның  серігі  немесе 

досы ғана емес – қаны да бір бауыры. 

Түрік  –  моңғол  эпостарында  адам  би-

еден туған деген желі бар. Башқұрттың 

Бұзақсы-батыры жылқыдан жаралған. 

Батырдың  астындағы  аттың  об-

разы  да  көне  мәдени-мұраларды 

жалғастырады.  Бастапқыда  жылқы 

бейнесі  аулайтын  аң  (тамақ  үшін), 

соңынан  –  аң  аулау  (қуу)  үшін 

қолданылған. Ақырында адамның руха-

ни өмірінен өз орнын тауып, мыңдаған 

жылдар бойы бірге жасап келеді. 

Орта ғасырдағы жылқы образының 

аңыз-діни  екі  жақтық  мәдени  сипат-

тары  бар.  Бір  жағынан  ол  –  батырдың 

серігі, қанаты (Алпамыстың Тайбурылы 

сиақты). Екінші жағынан ол – жынның, 

о  дүниенің  белгісі.  Осетиндерде 

марқұмның жанын жылқылар шығарып 

салады дейтін түсінік бар. Бақсылардың 

да жаны жылқы мініп аттанады.

Алтайлық 

бақсылардың 

қоңыраулары  –  делебесін  қоздыру 

құралы – «жылқы» аталады екен. 

Буряттардың  жын  шақыруы  –  таяқ 

(жылқы)  мініп  шапқылауы  да  содан. 

Сарбаз  қайтыс  болғанда,  оның  әскери 

атын бірге қою салты да айтқандармен 

астарлас. 


98

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

Жартастар 

беткейлеріндегі 

ортағасырлық  суреттер,  сол  кезде 

жасағандардың  сыртқы  сипаты,  киім-

кешегі, қару-жарақтары, әскери әдістері 

жайлы да сыр береді. 

Баян 

Жүректегі 



сарбаздардың 

иықтарын жапқан шекпендері өңірлері 

қапсырылмаған 

сырт 


киімдер. 

Ғалымдардың  пікірінше,  кез-келген 

зат,  оның  ішінде  –  киімдер,  иелерінің 

әлеуметтік орнына ғана мегземейді (то-

нына қарап қарсы алу ғой). Оның аңыз-

діни  астары  тағы  болады.  Қазақтың 

(тағы  біраз  түркі  тілдес  халықтардың) 

«етек»  сөзі  киімге  де,  тауға  да  бірдей 

мағынада қолданылады.

Шекпен  (астарлы  да,  астарсыз  да) 

біз  қарастырып  отырған  ортағасырлық 

кезеңдерден  көп  бұрын  сырт  киім 

ретінде  белгілі  болған.  Айталық, 

ұзынды-қысқалы  шекпендер  түрлерін 

сақтардың 

иықтарынан 

көрінеді. 

Кейінірек оның сәл-пәл өзгерген түрлері 

юечжи, ғұн тайпаларына, қытай, кушан, 

соғдылықтарға тарайды. 

Шекпеннің 

етегінің 

ұзындығы, 

өңірлерінің  түрлері  де  қоғамның 

әлеуметтік  бөлінуін  көрсететін.  Қазақ 

эпостарында  шолақ  етек  –  оны  киген 

адамның кедейлігінің айғағы. 

Баянжүректің  сарбаздарының  бас 

киімдері – көбінесе шошақ дулыға (23, 

30-сур.).  Кейбір  дулығаның  төбесіне 

үкі  (құс  қанаты)  тағылған.  Баянжүрек 

үлгілес дулығалар Таңбалы, Ойжайлау, 

Теректі, Сарыбұлақ петроглифтерінде де 

бар. Кейбір атты немесе жаяу әскердің 

дулығасының  төбесінде  «мүйіз»  бар 

(Теректі,  Таңбалы,  Хантау,  Жалтырық 

таш).  Мүйізді  қалпақтар  көне  кездер-

ден бастап-ақ белгілі. Шамасы, мұндай 

бас  киімдер  қарудан  қорғану  үшін  де 

пайдаланылғанына ұқсайды.

Дулыға  киген  сарбаздар  таштық 

мәдениетінің көркем өнер үлгілерінде де, 

Пенджикент  ортағасырлық  қаласының 

ғимараттарындағы 

суреттерде 

де 


бар.  Орталық  Азия  халықтарының 

фольклерінде, 

дәстүрлерінде 

атты 


адам  мен  жаяу-жалпының  араларын 

алшақ  қояды.  Аттылардың  өз  арала-

ры  да  ат-тұрмандарының  сәндігіне 

қарай  ажыратылады.  Ортағасырға  жа-

татын  археологиялық  жәдігерлер  мен 

суреттерде  аттардың  жабулары  жиі 

кездеседі. Бұл жабулар кейбіреуі аттар-

ды суыту үшін, кейбіреуі садақ оғынан, 

найза ұшынан қорғау үшін жабылған.

Баянжүрек  петроглифтері  әскери 

аттардың  (не  мініс  көлігінің)  жасау-

жабдықтарын түгел дерлік қаз қалпына 

келтіре  алады.  Олар:  ер,  үзеңгілер 

құйысқан,  айыл,  жүген,  сағалдырық, 

кекіліктер, ауыздықтар.

Ат  баптаудың  басты  бір  түрі  –  ат 

жалын  күзеу  дәстүрі.  Онысы  тікесінен 

қиып,  аралары  ашық  үш-төрт  айыр-

лау.  Баянжүректің  мұндай  күзеулерін 

Солтүстік-батыс 

Сібірдегі 

курыкан 


суреттерінен, 

Монғол 


Алтайының 

көптеген  петроглифтерінен  көруге  бо-

лады.

Жартастар  беткейлерінің  суреттері 



арасынан  көне  түрік  заманына  жа-

тындарын  айырып  алуға  бірден  бір 

мүмкіндік беретін бейне – ту-байрақтар 

(21-сур.). 

Жартастар 

беткейлеріндегі 

суреттердің 

басты 


бір 

желісі 


– 

батырлардың 

жекпе-

жек 


шайқастары 

(22-24-сур.). 

Сарбаздардың  жаяулап  та,  ат  үстінде 

де  соғысуларының  көріністері  бар. 

Баянжүректегі  жекпе-жектің,  негізінен, 

ат 


үстілік 

жанталасушылардың, 

қарулары  әртүрлі.  Баянжүректегілер, 


99

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

көбінесе,  найза  тіреушілер.  Қарудың 

бұл  түрі  шаншудаг  гөрі  аттан  ауда-

рып  немесе  түріп  түсіруге  ең  қолайлы. 

Баянжүректегі 

сияқты, 


Алтай 

суреттегіндегілер  де,  көбіне,  найзагер-

лер.

Түрік  тектес  халықтардың  аңыз-



эпостарында  найза  қуатты  ғана  емес, 

керемет  қасиетті  де  құрал.  Қазақ 

батырларының  да  ат  үстіндегі  жекпе-

жектегі қаруы – найза: 



Ырғай сапты сүңгіні

Ырғай-ырғай салысты.

Итерісіп тұрысты,

Найза қанға майысты,

Қармақ болып қайысты.

(«Қобыланды батыр», 1957, 65 б.)

Баян Жүректе қызық тағы бір көрініс 

бар.  Онда  ат  үстіндегі  найзалы  сарбаз 

жаяу  жаумен  айқасқан.  Шамасы,  ол 

қарсыласын жаңа ғана атынан аударып 

түсірген. Петроглифтердегі кейбір найза 

ұштарының түр-тұрпатын анық байқауға 

болады.  Осының  арқасында  оларды 

археологиялық  заттық  түрлерімен  са-

лыстырып,  уақыттарын  анықтаймз. 

Атап айтқанда, суреттердегілерге ұқсас 

найза  ұштары  Қазақстаннан  басқа  Ал-

тайдан, Оңтүстік Сібірден және Монго-

лиядан  табылған.  Олардың  уақыттары 

VI-ХІІ  ғ.  аралығы.  Осы  және  басқа 

да  мәліметтерге  сүйеніп,  Баянжүрек 

петроглифтеріндегі аттылы немесе жаяу 

найзагерлерді VIII-IX ғ. жатқызамыз. 

Қару  асынған  салт  атты  сарбаз 

ортағасыр  адамдарының  түсінігінде 

шегіне 

жеткен, 


жетілгендіктің 

айғағындай  болған.  Соған  орай, 

оларға  әлеуметтік  және  діни  құрмет 

көрсетілген. Неге десеңіз, бақайшағына 

дейін  қаруланған  батырлар  мен 

сарбаздар 

қоғамның 

әлеуметтік 

құрылымының тірек-тіреуі еді. Баюдың 

көзі де, қорғаныстың шебі де, саясаттың 

сөзі  де  соларға  саятын.  Үш  мың  жыл 

бұрын  қазығы  қағылған  тарих  желісі 

үзілместен  арқау  болып,  күні  кешегі 

XVII-XVIII  ғасырларға  дейін  жету 

себептері осыдан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет