в
опросы
археологии
к
азахстаНа
.
Выпуск 3.
нақышталған
көріністері
арқылы
белгілі. Сонымен қатар, қарастырып
отырған кезеңде, кеңінен қолданылған
садақтардың, немесе садақ түрінің
бейнелерін замандас шеберлер асқан
ұсталықпен бұйымдарға көшіруінің
арқасында
дала
жауынгерлерінің
садақ түрлерін анықтауға мүмкіндігіміз
бар. Бұндай әшекейлердің негізгісі
Орынбор
маңындағы
Благосло-
венск ауылының тұсында орналасқан
ескерткіштен табылған былғарыдан
жасалған қорамсақ әшекейі [Смирнов
К.Ф., 1961, 31-б., 9, 5-сур.]. Б.Н.
Граковтың тұжырымдамасы бойынша
аталып отырған бұйымның пішініндегі
садақтың көрінісі скифтердің «М»
тәріздес
құрастырмалы
садағы
боуы мүмкін [B. Grakov, 1929,. 176,
177-бб, 11-сур.]. Жоғарыда айтып
көрсеткен Орынбор тоғасына ұқсайтын
зат Ананьин мәдениетінің Вятка
ескерткіштерінің Буйск қалашығынан
табылады [Спицын А.А., 1893, XII
кесте, 22]. Қарастырып отырған түрдегі
садақтың ендігі бір бейнесін Оралдың
маңында орналасқан б.д.д. 6-5 ғ.
мерзімделетін ескеркіштен табылған үш
қанатты ұңғылы жебе ұшының жалпақ
бір қанатынан көре аламыз [Смирнов
К.Ф., 1961, 32-б., 21-сур., 23-б].
Қазақстан территориясындағы ерте
темір дәуірімен мерзімделетін жерлеу
ескерткіштерінде жебе ұштарының көп
табылуы және қару-жарақ кешенінің
басым бөлігін құрауы садақтардың
болғандығына,
әрі
садақшылар
әскердің негізін құрағандығы жөніндегі
тұжырымдама
жасауға
мүмкіндік
туғызып отыр. Жерлеу ескерткіштерінде
сақталған садақтардың жапсырмалары
мен қалдықтарын жоғарыда тізіп
кеткен бейнелермен салыстыра отырып
сараптамадан
өткізген
жағдайда,
оларды толық қалпына келтіруге
болады. Бұл мәселені қарастыру
барысында жебенің ұштарын назардан
тыс қалдырмай, олардың көлемдерін,
салмағын және жалпы ұзындықтарын
ескерген жөн.
Алматы
қаласынан
табылған
шамдалдың үстіндегі әшекейлердің
қатарында садақ тартып тұрған салт
атты жауынгердің бейнесі де бар.
Садақтың пішіні М-тәрізді. Жауынгердің
сол жамбасында садақтың қорамсағы
бейнеленген.
Қорамсақ
белдікке
ілінген. Алматылық атты жауынгерге
ұқсас бейненің бірі Теңлік қорымынан
шығады. Таулы Алтайдағы Пазырық
қорымының 5 обасынан табылған
киіз кілемнің бетіне салынған атты
жауынгердің сол жақ жамбасында
қорамсаққа салынған садағы бар.
Қорамсақтан садақтың шығып тұрған
ұшының кескіні алматылық атты
садақшының садағына ұқсас. Петр 1
нің жинағындағы салт атты жауынгер
алматылық секілді садақ тартып тұр,
бірақ садақты төмен қарай бағыттаған.
Бұл жауынгердің қолындағы садағы да
М-тәрізді.
Ерте темір дәуірінің садақтарының
кескіндері тас мүсіндердің беттерінде
де кездеседі. Ертіс өзенінің жоғарғы
ағысындағы бұғы тастардағы садақтар
белдікке ілінген. Бұл жердегі садақтар
сақ-скиф әлемінде қолданыста болған
күрделі садақтарға ұқсас.
Шығыс Қазақстандағы жар тас
суреттерінің ішінде садақтар жиі
кездеседі, солардың ішінде ерте
темір
дәуірінің
басына
жататын
бірнеше садақтардың бейнелері бар.
Бұл суреттерде садақтар көбінесе
белдікке ілінген қорамсақта тұрады.
Садақтардың ұштары шұғыл майысқан,
377
Қ
азаҚ
даласыНың
жауыНгерлері
...
А.Е. Чотбаев
орта тұсындағы бүгілген иықтары да
бар. Тас бетіндегі жауынгерлердің
қолдарында бірде қанжар, бірде
чекандар
бейнеленген.
Сағыр
тауындағы тас бетіндегі көріністердің
бірінде чекандармен соғысып тұрған екі
жауынгердің суреті бар. Жауынгерлердің
сол жамбасына қорамсаққа салынған
садақтары белдіктеріне ілініп тұрғандай.
Садақтардың қорамсақтан бір ұшы ғана
шығып тұр. Ұшы майысқан, қорамсаққа
кірер тұсында иығының майысқан тұсы
көрінеді, ал иықтан басталған екінші
бір жолақ қорамсақтың сыртымен
кеткен. Қорамсақтан садақтың жартысы
шығып тұр, бейнедегі жауынгер
мен жарты садақтың ұзындықтарын
салыстырғанда, ол адамның денесінің
басын қосқанда ұзындығына сәйкес.
Қорамсақта жебелер көрсетілмеген,
мүмкін, жауынгерлердің қашықтан
тұрып садақтан оқ жаудыру сатысынан
кейінгі бетпе-бет шайқастың көрінісі
бейнеленген
болуы
керек.
Бұл
көріністерде жауынгерлердің жақын,
бетпе-бет шайқастағы чекандармен ұру
тәсілдерінің бір түрі көрсетілген болуы
керек. Қазақстан территориясында
зерттелген
жар
тас
беттеріндегі
суреттердің
ішіндегі
аң
аулау
көріністерінде қарапайым садақтардың,
ал әскери қақтығыстардағы кескіндерде
күрделі
М-тәрізді
садақтардың
бейнеленгендігі көзге түседі.
Дала халықтарының садақ пен
жебенің ұштарын салып жүретін
қорамсақтары жерлеу ескерткіштерінде
шіріген бөлшектер ретінде сақталған.
Осындай қорамсақтардың бірі Шілікті
қорымының 5 обасынан табылған.
Қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын
сапада сақталған қорамсақтар Таулы
Алтай мен Монғолияның, Туваның
жерлеу ескерткіштерінен де кездеседі.
Қорамсақтардың пішінін анықтауға
жар тас бетіндегі суреттер мен тас
жауынгерлер кескінделген мүсіндер
мүмкіндік туғызып отыр. Тас бетіндегі
суретерде жебенің ұштары салынған
қорамсақтар кездеспейді, олар көбінесе
салынған садақтармен көрсетілген.
В.Д. Кубаревтің ойынша қорамсақтарға
садақ пен жебелерді қатар салған
[Кубарев В.Д., 1981, 72-б.]. Сағыр
тауында бейнеленген жауынгерлердің
белдерінде жоғарыда айтып кеткендей
қорамсақ ілінген. Бұл қорамсаққа
садақ салынған, ал жебелердің ұштары
көрінбейді. Мүмкін жебелерді салып,
асынуға арналған жеке қорамсақтар
да болған шығар, немесе қорамсақтың
өзінде садақ пен жебелерге арналған
екі қалтасы болған. В.Д. Кубаревтің
пікірінше сақ-скиф кезеңінде Таулы
Алтайда жебелерге және садаққа жеке
арналған қорамсақтар қолданыста
болған [Кубарев В.Д., 1981, 72-б.].
Е.В. Черненко Еуразия даласынан
табылған қорамсақтардың бейнелерін
сараптай келе, бұл кезеңде садақ пен
жебе қатар салынатын қорамсақтар
қолданыста болған деген тұжырымға
келеді [Черненко Е.В., 1981, 51-б.].
Жебелердің өздері бұл кезеңде
заманына сәйкес дамып, күрделі
түрлері пайда болады. Қазіргі кезде
ескерткіштерден
және
кездейсоқ
табылған 1500 данадан астам жебелер
сараптамадан
өткізілді.
Қазақстан
территориясының зерттелуі өңірлік
принципте жургендігінің салдарынан,
археологиялық ескерткіштер біркелкі
зерттелмеген. Сол себбепті, жебе
ұштарының
әр
өңірде
табылған
түрлерін сан жағынан сараптауда
кейбір қиындықтар туындап отыр.
Соған
қарамастан,
қазіргі
кезде
белгілі болып отырған ұштарды сан
378
в
опросы
археологии
к
азахстаНа
.
Выпуск 3.
жағынан алғанда, бүкіл қордың
70 пайызын Қазақстанның батыс
өңірлерінен табылған жебенің ұштары
құрайтындығы анық болып отыр. Ал
біздің қарастырып отырған өңірлерде,
әсіресе Жетісуда жебе ұштары азырақ
табылған. Қазақстандағы обалардан,
қоныстардан табылған жебе ұштарын
анализдеп қарасақ, айтылмыш қару
түрінің шығу тегі мен дамуы жергілікті
қола дәуірінің тайпаларымен байланысы
бар екендігіне көз жеткіземіз.
К.А.Ақышев
Қазақстан
территориясында
жинақталған
жебе ұштарына негізделіп, олардың
мерзімдемелік
кестесін
жасады.
Сонымен қатар ғалым Есік қорғанынан
табылған қанжарды сұрыптай келе,
оның аналогтарын келтіре отырып
мерзімдейді және сақ қаруларын
мерзімдеуе скиф тайпаларының заттай
деректерінің маңыздылығын ескереді
[Акишев К.А., Кушаев Г.А., 1963, 115-
б.; Акишев К.А., 1978, 34-35-бб.].
Шығыс Қазақстанның қару түрлерін
зерттеуде С.С.Черников өз үлесін қосты
[Черников С.С., 1965, 46-50-бб.]. К.А.
Ақышевтің Казақстан жебе ұштарына
арнап жасалған кестесіне қарасақ ерте
темір дәуірінің бас кезінде күрделі, ауыр
екі қанатты ұңғылы және шегелі жебе
ұштарының болғандығын көреміз. А.А.
Иессенің айтуынша бұл жебе ұштары
лавр жапырағы тәріздес формадағы
найза ұштары әлпеттес болған [Иессен
А.А., 1954, 120-б.]. Жапырақ тәрізді
жебе ұшына жақын формадағы
қарулар Мало – Красноярка қонысынан
табылған, мерзімі б.д.д. 9 – 8 ғ. Қанай
қонысынан табылған жебенің ұшы
қысқа, қанаттары кең әрі жалпақ,
ұңғысы ұшынан сәл ғана шығып тұр
[Черников С.С., 1956, 54-б., 21-
сур., 2]. Жоғарыда сипаттап кеткен
жебе ұштарының архаикалық түрлері
б.д.д. 8 ғасырдан бастап қолданыстан
шыға бастайды, және бұл кезеңдегі
ұштардың пішіні өзгеріп, қанаттарының
пошымдары жапырақтан біртіндеп
ромбқа өзгереді. Жебе ұштарының
екі қанатты формалары, ерте темір
дәуірінің алғашқы кезеңінен қолданыста
болған. К.А. Акишевтің пікірі бойынша
Қазақстан территориясынан табылған
екі қанатты, ұзын ұңғысы бар жебе
ұштары
сақ-скиф
мәдениеттерінің
ішіндегі ең ертесі болып табылады
[Акышев К.А.., Кушаев Г.А., 1963, 116-
б.]. Сонымен қатар қарастырып отырған
өңірде ұңғылы жебе ұштарымен қатар
шегелі ұштары қолданыста болды.
Бұндай құбылыс б.д.д. 8 ғ. дейін
созылады. Ерте темір дәуірінің алғашқы
ширегінде екі қанатты шегелі жебе
ұштары жоғалып, олардың орнын
үш қанатты шегесі ұзын жебе ұштары
басады. Осындай орын алмасу —
қоланың кейінгі кезеңдерінен басталып,
айтылмыш уақытта аяқталады.
Шығыс
Қазақстанда
жебе
ұштарының бірнеше түрлері кездеседі:
Ерте кездікі – екі қанатты, кесіндісі
ромб пішіндес, ұзын ұңғысы бар.
Кейбіреулерінің
ұңғысында
ілгек
болады. Екі қанатты және үш қанатты
жебенің ұштары Шығыс Қазақстандағы
Юпитер
қорымынан
табылады.
Славянка қорымының 19 обасынан
шыққан жебенің ұшы ассиметриялы
ромб пішінді қанаттары бар. Жебе
ұштарының ұңғылары ұшынан сәл ғана
шығып тұр. Майемер 2 қорымынан
осындай түрдегі 6 жебенің ұшы
табылады [Самашев З., Жумабекова
Г., Ермолаева А., Омаров Г., 1998,
155-160-бб.]. Шығыс Қазақстанның
далалы аймақтарынан пішіні жағынан
ерекше болып келетін алты жебе ұшы
379
Қ
азаҚ
даласыНың
жауыНгерлері
...
А.Е. Чотбаев
белгілі. Олардың бесеуі ұңғылы екі
қанатты. Бірінші жебе ұшының ұңғысы
ұштың
жартысына
дейін
келеді,
ұңғысы шығыңқы, ұшының кескіні
жалпақ. Үш жебе ұшы ассиметриялы-
ромбты. Біреуінің ұңғысында ілгегі
бар, екіншісінің ұңғысы ішке кірген,
ұшының қимасы ромбты. Үшінші ұштың
басы доғалданған, ұңғысы ұшты толық
қамтиды. Бесінші жебе ұшы жапырақ
пішінді, ұшы доғалданған. Ал соңғы
жебе ұшы шегелі. Бір қанатының аяқ
жағы кертіліп, ілгекке айналады. Енді
бір қанаты аяқ жағында доғалданып
шегесіне жалғасып кеткен. Бұл жебе
ұштарының ішіндегі ең ертесі біріншісі
және бесіншісі болып табылады (б.д.д.
8-7 ғ.). Ал қалғандарын сыртқы пішініне
негіздеп б.д.д. 7-6 ғ. мерзімдеуге
болады. Шығыс Қазақстанның Самар
ауданының Чистый Яр ауылының
маңында орналсқан тоналып кеткен
обадан төрт дана қоладан жасалған
ұңғылы жебе ұштары және бір сүйектен
жасалған шегелі жебе ұшы табылған.
Қоладан жасалған жебелердің ұштары
ассиметриялы ромбты және жапырақ
пішінді болып келген. Ассиметриялы
ромбты түрдегі екі жебе ұшының ұңғысы
ішіне кіріп тұрады. Жапырақ тәріздес
және үшінші ассиметриялы ромбты жебе
ұштарының бас жағы қалың, қанаттары
ұңғысына қарай жұқарады, ұңғылары
сыртқа шығып тұрады. Екі қанатты
ұңғылы жебе ұштары қалғандарына
қарағанда
ерте
пайдаланылған.
Ғалымдардың пікірі бойынша бұл
жебе ұштары кейінгі қола дәуірінде
пайда болған. К.Ф.Смирновтың пікірі
бойынша айтылмыш типтегі жебе
ұштары ертеректе, яғни б.д.д. 8-7 ғ.
пайдаланылған [Смирнов К.Ф., 1989,
42-б.]. Сопақ ромбты жебе ұштары
алғашқыларға ұқсастау, бірақ ұңғылары
шығыңқы болып келеді. Зерттеушілердің
ойынша бұл жебе ұштары бір кезеңде
пайдаланылған [Смирнов К.Ф., 1989,
42-б.].
Демек, архаикалық жапырақ пішінді
жебе ұштары бұл кезеңде геометриялық
пішінге өзгертілген күйінде қолданыста
болады.
Б.д.д. 7 ғасырдың соңы мен 6
ғасырдың басынан бастап жебе
ұштарының жаңа үш қанатты және үш
қырлы түрлері кеңінен тарала бастайды.
Бұл түрдегі жебенің ұштары ұңғылы
болып келеді, бірақ кейбір өңірлерде
шеглі жебе ұштары да болады.
Шегелі жебе ұштары формасы
жағынан үш қырлы. Қырлары ортасынан
төмен қарай жүзге айналады. Шегелері
ұштың басына қарағанда ұзынырақ.
Бұл жебенің б.д.д. 5-4 ғ. мерзімделетін
ұңғылы, үш қырлы және үш қанатты жебе
ұштарымен бір қорамсақта кездесуі өте
қызық. Себебі, айтылмыш ұштардың
ұзын шегелі типтері ерте кезеңге тән
құбылыс, кейін келе олардың шегелері
қысқарады. Бірақ ұштың үш қырлы
болуы және қырларының төменгі
жағының біртіндеп жүзге айналуы
кейінгі кезеңдерге тән.
Бесшатыр
қорымының
25-ші
обасында жерленген екі адамның
оң жағында қорамсаққа салынған
жебе ұштары орналасқан. Бұл жебе
ұштарымен қатар шыққан заттар мен
осы ұштардың формасын сұрыптасақ,
оларды б.д.д. 5-4 ғ. мерзімдеуге болады.
Жебе ұштары ұңғылы және шегелі.
Ұштардың
жебелері
сақталмаған.
Жебелер қорамсаққа ұшымен төмен
қаратылып салынған. Бұл қорамсақтан
табылған жебе ұштарының жалпы саны
50-ге жуық [Акишев K.A., Кушаев Г.А.,
1963, 71-б.]. Олардың басым бөлігін
380
в
опросы
археологии
к
азахстаНа
.
Выпуск 3.
ұңғылы жебе ұштары құрайды. Ұңғылы
жебе ұштарын формасы жағынан
екі топқа бөліп қарастыруға болады:
1 – үш қанатты және үш қырлы, ұңғысы
шығыңқы ұштар; 2 – үш қырлы ұңғысы
ішке кіріп тұратын жебе ұштары. Үш
қырлы ұңғылары шықпайтын жебе
ұштарының қимасы ромб типтес. Ұшы
доғалданған. Қырлары төменгі жағында
үшке тарамдалып жіңішке ілгектерді
құрайды. Бұл типтегі кейбір жебелердің
ұштарының қырлары ортасынан төмен
қарай жүзге айналады. Түрі жағынан
қарастырып отырған жебе ұштары оқ
тәрізді, бірақ қырлары бар. Бұл жебе
ұштары Қазақстан территориясында
б.д.д. 5-3 ғ. пайдаланылған. Санының
аздығына қарағанда айтылмыш типтің
жебе ұштарының сақ жауынгерлерінің
арасында кең қолданысқа ие болмаған
немесе тек белгілі бір мақсатпен аз
мөлшерде жасалынып отырған. Мерзімі
б.д.д. 5-4 ғ.
Қанжарлар мен семсерлер. Ұрыс
алаңындағы
бетпе-бет
шайқаста
колданатын қару түрлерінің ішінде
қанжарлардың орны ерекше.
Еуразия
даласын
мекендеген
халықтардың қару жарақтары мен
әскери ісін зерттеуде қазіргі кезге дейін
шешімін таппай келе жатқан бірнеше
күрделі мәселелер бар, солардың бірі
қанжарлар мен семсерлердің қайдан
пайда болғандығын айқындау.
Қазақстан
территориясынан
табылған
қанжарлардың
ертелері
қола дәуірімен мерзімделеді, бірақ
ерте темір дәуірінің бастапқы кезінде
әлі де қолданыста болуы мүмкін.
Семей қаласының маңынан табылған
қанжардың балдағы Палацы ауылынан
табылған қарудікіне ұқсас, бірақ
көлемі ұзындау, жүзінің төменгі ұш
жағы ежелде сынған. Қанжардың
сабы жалпақ, ұштығы доғалданған
шатыр
тәрізді.
Балдағы
ұзынша
төртбұрышты.
Алғаш
қарағанда,
сабы жүзімен жалғасып кеткендей,
ал жүзінің қырлары мен қанжардың
балдағы соларға жапсырылған тәрізді.
Бірақ қанжар қоладан құйылып
жасалған. Жүзі екі қырлы, ортасында
қанағары бар. Қанжарды ерте тағарлық
аналогияларымен салыстыра отырып,
б.д.д. 7 ғ. жатқызамыз.
Қару-жарақтарды
зерттеуші
ғалымдардың
пікірлері
бойынша
ерте
сақ
кезеңінің
қанжарлары
қарасұқ
мәдениетінің
қаруларына
ұқсастырылып жасалған. Жоғарыда
көрсетілген қазақстандық қарулардың
пішіндері қарасұқтық қанжарлардікіне
сәйкес.
Аталмыш
қанжарлардың
Ертіс
бойындағы
ескерткіштерден
табылғандығына
қарағанда
Қарасұқ мәдениетінің әсері негізінен
Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына
жайылған. Осындай түрдегі қанжарлар,
бірен саран басқа да мәдениеттерден
кездеседі. А.И. Тереножкиннің ойынша
ерте
сақ
кезеңінің
қанжарлары
қарасұқ мәдениетінің әсерімен Азияда
пайда болған және қола дәуірінің
қанжарларын б.д.д. 7 ғасырдан бастап
қолданыстан ығыстырады [Тереножкин
А.И., 1975, 30-б., кесте. 21-22].
Қарасұқ
тұрпаттас
қанжардың
жалғыз данасы Жетісудағы Текеліден
табылды [Акишев К.А., Акишев
А.К., 1979, 59-63-бб., 9-сур.]. Биже
өзенінің жағасынан кездейсоқ табылған
көмбенің арасында болған. Қанжар
сабының ұшы доғалданған, балдағы
түзу. Бұл қаруға ұқсас қанжарлар Орта
Азия, Кавказ, Үндістан және Тәжікстан
жерлеріндегі б.д.д. 8-7 ғасырлармен
381
Қ
азаҚ
даласыНың
жауыНгерлері
...
А.Е. Чотбаев
мерзімделетін
ескерткіштерден
табылады [Кузьмина Е.Е., 1966, 59-60-
бб.]. Қанжардың енді бір данасының
ұштығы мен балдағы бар сабы, және
жүзінің ұшы, Қапал қорымынан
табылған. Темір қанжардың балдағы
бүйрек пошымды, ұштығы доғалданған.
Усть-Буконьнан табылған қанжардың
сабы жіңішке, ұштығы доғалданған
шатыр тәрізді, балдағы көбелек пішінді.
Бұл қанжарға жақын қаруларды
бүкіл сақ әлемінің территориясынан,
әсіресе
Қазақстаннан
кездестіруге
болады.
Қазақстанда
табылып,
мерзімделген қанжарлар бойынша
және бұл қарудың жанынан табылған
жебе ұштарына негіздеп, оны б.д.д.
6-5 ғ. жатқыза аламыз. Вавилоновка
ауылының
жанынан
кездейсоқ
табылған
қанжардың
ұштығының
жоғарғы жағы үшкірленіп балдағының
пішінін қайталайды. Вавилоновкадан
табылған
қанжардың
балдағын
қайталайтын қанжар Абай ауданынан
кездейсоқ табылған. Бұл қанжардың
сабы ұштығымен сақталмаған. Есік
маңынан табылған қазына бірнеше
қоладан жасалған заттардан тұрады.
Олардың ішінде бір қола қанжар
кездеседі [Акишев К.А., Кушаев Г.А.,
1963, 110-б., 85-сур.]. Қанжардың
жүзінің ұш жағы ежелде-ақ сынған.
Қарудың ұштығы ұзынша төртбұрышты,
балдағы көбелек тәріздес. Ұштығы мен
саптың ортасында баспалдақ тәрізді
орын қалдырылған. Қанжардың сабын
ұзына бойы тілген екі жолақ бар. Жүзі
төмен жағына қарай үшкірленеді,
екі қырлы, ортасында жүзінің сапасы
мен мықтылығын артыратын қабырға
жасалған.
Қанжардың
сабындағы
екі тілінген жолақ сапты ағашпен
аптау үшін жасалған болуы керек.
Есік көмбесіндегі қанжардың пішінін
қайталайтын қарудың бір үлгісі Алматы
қаласының
жанынан
кездейсоқ
табылған.
Қанжардың
балдағы
жіңішке, жүзінің ортасында балдақтан
ұшына дейін үш жолақ созылып
жатыр (Атырау қаласының тарихи-
өлкетану
мұражайының
қорында
сақтаулы). Жетісуден табылған енді бір
қанжардың балдағы жүрек пішінді,
ұштығы ұзынша төртбұрышты. Қарудың
сабында екі тілінген жолақ орын
алады. Жүзі екі қырлы, төменгі жағына
қарай үшкірленеді. Жүзінің ортасында
мықтылық қабырғасы бар. Екінші бір
қанжардың жалпы сыртқы пішінінің
сипаты
жоғарыда
қарастырылған
Бесшатыр қорымының 25-ші обасынан
табылған
темір
қанжарлардың
сипатына ұқсас. Тағы да бір қанжардың
балдағы көбелек пішінді, ұштығы екі
шеңбер тәрізді. Сабының қимасы
сопақ. Қанжардың жүзі екі қырлы
төменгі жағына қарай үшкірленеді.
Жүзінің ортасында қабырғасы бар.
Қарастырылып отырған қанжарлардың
алғашқы екеуі сипаты жағынан бір-біріне
жақын, тек қана балдақтарымен ғана
ерекшеленеді. Бұл қанжарлардың тура
аналогиялары Оңтүстік Қазақстаннан
көптеп табылады. Сипатталып отырған
қару түрлерінің сыртқы пішініне қарап
және мерзімделген аналогияларымен
салыстыра отырып оларды б.д.д. 6-5 ғ.
жатқызамыз.
Жар тас бетінде бейнеленген
қанжарлардың қарастырып отырған
кезеңнің түрлеріне сәйкес қару Зева-
кино тауындағы жауынгердің белдігіне
ілінген.
Қанжардың
ұштығы
тік
төртбұрышты, балдағы көбелек пішінді.
Жоғарыда қарастырып кеткен ерте
темір дәуірінің басымен орта кезеңіне
тура келетін қанжарлардың жерлеу
ескерткіштерінен, жар тас бетіндегі су-
382
Достарыңызбен бөлісу: |