Тіс қатарлары ақауларын көпіртектес протездермен ортопедиялық емдеу $$$001
Науқастың 22,23,24 тістері жоқ, 21, 25 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 21 және 25 тістер болатын металдан көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?
А) Дұрыс емес – шайнау қысымын толығымен қалыптастырмайды.
В) Дұрыс емес – эстетикалық талапқа сай емес
С) Дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі
D) Дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді
Е) Дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз
(Дұрыс жауабы) =В
{Күрделілігі} = 2
$$$002
Науқаста тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3-класс. Емдеу жоспары: тірегі 37 және 33 тістер болатын құралмалы көпірлі протез. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көріністі көруге болады?
А) тірек тістердің қозғалғыштығы
В) тіс қатарының шеткі ақауы
С) ақауды шектеп тұрған тістердің үлкен конвергенциясы
D) тіс қатары ақауының аумақтылығы
Е) терең тістесу
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 2
$$$003
Ортопедиялық стоматология клиникасына науқас 35,36,37 тістер аймағының қызыл иегі ісініп кеткеніне шағымданып қаралды.
Объективті: 35,36,37 тістер алтын сауыттармен қапталған. Сауыт қыры қызыл иекке еніп тұр, зондпен сауыт қыры анықталмайды. Қай кезеңде қателік жіберілген?
А) 1-клиникалық кезең
В) 1- лабораториялық кезең
С) 2-клиникалық кезең
D) 2- лабораториялық кезең
Е) 3- клиникалық кезең
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 1
$$$004
48 жастағы науқас 12,11,21,22 тістерінің болмауына шағымданып, көпірлі протез жасауды сұрайды. Пластмассалы фасеткалы металл құрама көпірлі протезді өткізу кезеңінде протезді тірек тістерге отырғызған соң, фасетка альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына тығыз жанасып жатқанын анықтады. Орталық окклюзия жағдайында фасеткадағы жоғарғы күрек тістер ғана түйіседі, ал басқа тістер түйіспейді. 13 тістің сауыты мен аралық бөлімнің арасындағы дәнекер қызыл иек емізікшесіне тиіп тұр, протезге түзетулер жасаған соң дәрігер висфат-цементпен тіске бекітті. Қандай түзету жүргізу қажет болды?
А) қызыл иек емізікшесін дәнекерден босатып және көпірлі протезді тереңірек енгізу В) қызыл иек емізікшесін көпірлі протездің аралық бөлімінен босату
С) дәнекерді қызыл иек емізікшесінен босатып және фасетканың түйісу аймағын алу
D) фасетка мен дәнекерді қызыл иек емізікшесінен ашып, тірек тістерді қосымша егеу
Е) бұл жағдайда көпірлі протезге түзету жасалмайды, қайтадан жасау қажет.
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 3
$$$005
Көпірлі протезді ауызға өлшеп тексеру кезінде тірегі 13,16 тістер болатын көпірлі протез тістерге киілмейді. Себебі? Сіздің іс-әрекетіңіз?
А) тірек тістердің параллельдігі жоқ, тістерді қосымша егеу қажет
В) көпірлі протездің көлемі өзгерген, қайтадан жасау қажет
С) дәнекерлеу кезінде сауыттардың пішіні өзгерген, сауыттарды қайта жасау керек
D) тірек тістердің параллельдігі жоқ, қайта жасау қажет
Е) тірек сауыттар дұрыс қалыптастырылмаған, қайтадан жасау қажет
(Дұрыс жауабы) =А
{Күрделілігі} = 2
$$$006
Тістер жартылай жоғалғанда қызметтік жағынан тіс қатарлары негізгі екі топқа бөлінеді:
A) ақау жағына ығысқан немесе шалқайған
B) көрші тістердің болуы немесе болмауы,
C) функциональдық жүктеме жағдайында немесе салыстырмалы жағдайда,
антагонистері жоқ (функциональдық топ) немесе олар жойылғанда (функциональдық емес топ).
D) функциональдық жүктеме жағдайында немесе қалыпты жағдайда,
антагонистері бар (функциональдық топ) немесе олар жойылғанда (функциональдық емес топ).
E) аттас тістердің болуы немесе болмауы
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
$$$007
Екі тіс жоқ 34 пен 35. ортопедиялық ем жүргізгенде көпір тәрізді протездің қандай конструкциясын қолдануға болады?
A) көпіртәрізді протез
B) ЖАСП
C) ТАСП
D) доғалы протез
E) сауыттар
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 1
$$$008
55 жастағы науқасты ортопедиялық емдегенде, қандай ортопедиялық құрылымдарды қолданғанда құрама аралас мүсіндер қолданылады?
A)Толық құйылған, фафорлы, металдыкерамикалық, металды пластмассалы қаптамаларды, көпіртектес протездерді
B) Пластмассадан дайындалған қаптамаларды
C) Доғалы протездер дайындағанда
D) Күміс палладий құймаларынан дайындалған штампталған қаптама
E) Тот баспайтын болаттан дайындалған штампталған қаптама
{ Дұрыс жауап } = А
{Күрделілігі} = 2
$$$009
Науқасты көпіртектес протезбен протездеу кезінде тіс қатарының фронтальды сегментінде көпіртектес протездің аралық бөлігі қалай орналасады?:
A)жанама
B)сына
C)жанама және шайылмалы
D)ершік
E)қызыл иектің жағдайына байланысты
{ Дұрыс жауап } = А
{Күрделілігі} = 1
$$$010
Науқастың 22,23,24,25,26 тістері жоқ, 11, 21, 27 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 11,21 және 27 тістер болатын металлокерамикалы көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?
А) Дұрыс – көпіртектес протез шайнау қысымын толығымен қалыптастырады.
В) Дұрыс емес – тірек тістер ұлпасы алынбаған
С) Дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі
D) Дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді
Е) Дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 2
$$$011
Науқаста тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3-класс. Емдеу жоспары: тірегі 37 және 33 тістер болатын құралмалы көпірлі протез. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көріністі көруге болады?
А) тірек тістердің қозғалғыштығы
В) тіс қатарының шеткі ақауы
С) ақауды шектеп тұрған тістердің үлкен конвергенциясы
D) тіс қатары ақауының аумақтылығы
Е) терең тістесу
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 2
$$$012
30 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына төменгі жақтағы тістерінің болмауына шағымданып қаралды. Тістері 5 жыл бұрын кариестің асқынуынан жұлынған. Тістері төзімді.
Тіс қатарының формуласы: 8765432112345678
8765432112300678
Диагноз қойыңыз? Ең тиімді протез конструкциясын таңдаңыз
А) Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металды көпірлі протез
В) Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2 класс, металды керамикалы көпірлі протез
С) Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металды керамикалы көпірлі протез
D) Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4 класс, пластмассадан құрама көпірлі протез
Е) Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, пластмассалы көпірлі протез
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 2
$$$013
Тірек тістердің ұлпалары алынбаған жағдайда металокерамикалық көпір тәрізді протезді тұрақты бекіту үшін қандай бекітуші материал қолданған жөн?
A) цинк-фосфатты цемент
B) поликарбоксилатты цемент, шыныиономерлі цемент
С) гелиокомпозитті материал
D) альгинатты материал
E) силиконды материал
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 1
$$$014
Доғалы протездермен салыстырғанда көпір тәрізді протездер
A) тіректік тістердің пародонттына жүктеме жоғары және протезге адаптация тез жүреді
B) тіректік тістердің пародонттына жүктеме жоғары және протезге адаптация баяу жүреді,
C) тіректік тістердің пародонттына жүктеме төмен және протезге адаптация тез жүреді,
D)тіректік тістердің пародонттына жүктеме төмен және протезге адаптация баяу жүреді.
E) бірдей
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 2
$$$015
45 жастағы науқаста күрек тістері және cүйір тістеpi жоқ наразылық білдіреді:
A) Эстетикалық кетікке, сөзінің бұзылуына, тағамды тістеуте мүмкіндігі болмағанына
B) Сөзінің бұзылуына, ұртының түсуіне тағамды шайнауының бұзылуына
C) Шықшыт буыны аймағы ауыруына
D) Тағамды шайнау мумкінсіздігіне
E) Сөзінің бұзылуына
{ Дұрыс жауап } = A
{Күрделілігі} = 2
$$$016
Кеннеди жіктемесі бойынша тіс қатары ақауының I класын көрсетіңіз:
A) бір жақты шектелмеген
B) екі жақты шектелмеген
C) шектелген бүйір
D) шектелген алдыңғы
E) жеке дара сақталған тістер
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 1
$$$017
Тістің рентгенографиясы қолданылады
A) пульпиттерді және периодонтиттерді дифференциалды диагностикасында
B) тістердің және олардың пародонттының қызметтік жағдайын анықтау
C) тіс қуысы топографиясын,қатты тіндердің ақауын анықтау, түбір өзектерінің өтімділігін анықтау, пародонт жағдайын нақтылау.
D) қатты тіндердің ақауын анықтау
E) тістердің функциональды жағдайын анықтау
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделілігі} = 2
$$$018
Кеннеди жіктемесі бойынша тіс қатары ақауының IІ класын көрсетіңіз:
A) бір жақты шектелмеген ақау
B) екі жақты шектелмеген ақау
C) екі жақты бүйір бөліміндегі ендірмелі ақау
D) алдыңғы бөліміндегі ендірмелі ақау
E) бір жақты бүйір бөліміндегі ендірмелі ақау
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 1