Вопросы на казахском языке


$$

Вопросы на казахском языке

4 Балалардың ЖБА аралас жарақаттанулары


бет140/266
Дата16.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#93434
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   266
Байланысты:
Вопросы на казахском языке

$$$004 Балалардың ЖБА аралас жарақаттанулары
Ұл бала 6 жаста тіс жарақатын алған. Қарау кезінде: 8.1 және 7.1 интактілі, көршілес тістерден қысқарақ, 2 дәрежелі қозғалғыштық, перкуссияға жауап ауырсынады. Рентгенограммада 8.1 және 7.1 түбірлерінің 1/3 резорбциясы, түбірлер кемікті затқа енген. Аталған жағдайда оптимальды емдеу әдісін таңдаңыз:
А) 8.1 және 7.1 репозициялау
В) 8.1 және 7.1 жұлу
С) 8.1 және 7.1 реплантациялау
D) 8.1 және 7.1 шеңдеу
Е) диспансерлік бақылау
{Дұрыс жауабы} =В
{Күрделілік} =3
$$$005 Балалардың жақсүйектерінің сынуы
Бала 13 жаста бет-жақ аймағы хирургиясы бөліміне төменгі жақ аймағындағы ауырсынуға шағымданды, неврологиялық симптомдармен тістемнің бұзылуы (жүрек айну, құсу). Қатынасқа қиындықпен түседі, жылайды, мазасыз. Бетінде көптеген қан кетулер және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттық ісінуі. Сіздің диагнозыңыз:
A) біріккен жеңіл дәрежедегі жақ-бет және бассүйек-ми жарақаты
В) төменгі жақтың сынуы, бас миының шайқалуы, беттің жұмсақ тіндерінің соққысы
С) төменгі жақтың сынуы,беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
D)төменгі жақтың сынуы, беттің жұмсақ тіндерінің соққысы
Е)төменгі жақтың сынуы, бассүйек негізінің сынуы
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } =2
$$$006 Балалардың жақсүйектерінің сынуы
Дене шынықтыру сабағында 10 жастағы бала бетімен төмен құлады. Объективті: беті симметриялы, аузы жартылай ашық. Төменгі жақсүйек солға ығысқан. Пальпаторлы: оң жақ буын басы буын шұңқырынан тыс орналасқан. Емдеу әдісін таңдаңыз:
A) төменгі жаққа сымды шеңдеуіш-скоба
B)шығып кетуді орнына келтіру
C)төменгі жаққа пластмассалы тіс-қызылиектік шеңдеуіш
D)төменгі жақтың буындық өсіндісіне сүйектік тігіс салу
E)шайнау тістері маңына моноблок
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } =3

$$$001 Балалардағы эпидемиялық паротит, клиника, диагностика, емі
Ұл бала 6 жаста дене температурасының 38 С жоғарылауына және оң жақ және сол жақ құлақмаңы және құлақарты аймақтарының ісінуіне шағымданады. Объективті: құлақмаңы және құлақарты аймақтарындағы қамыртәрізді инфильтрат есебінен беттің асимметриясы. Құлақ сырғалығының алдында, емізікшетәрізді өсіндінің алдында және төменгі жақтың кесіндісінде ауырсынатын нүктелер байқалады. Тері қатпарға жиналады. Құлақмаңы сілекей безінің өзегінен аздаған мөлшерде мөлдір сұйықтық бөлінеді. Диагноз қойыңыз:
A) жедел бактериалды паротит
B) жедел эпидемиялық паротит
C) созылмалы паротиттің асқынуы
D) құлақмаңы аймағының жедел одонтогенді емес лимфадениті
E) Герценбергтің жалған паротиті
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } =2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет