13. Бала 11 жаста. Шағымы жоқ. Ауыз қуысында 1.6 тіс түсі өзгерген, тамақ қалдықтарына толық кариес қуысы бар. Түбір өзектерін сүңгілеген кезде аздап ауырсынады. Бұзылған тіндерді алғанда жағымсыз иіс шығады. Перкуссия ауырмайды. Рентгенограммада түбірлер толық қалыптасқан, түбір айналасындағы тіндерде патологиялық өзгерістер жоқ. Диагноз қойыңыз
Созылмалы фиброзды пульпит
Созылмалы гангренозды пульпит+
Созылмалы гранулденген периодонтит
Созылмалы гипертрофиялық пульпит
Созылмалы фиброзды периодонтит
Дет.Хирургия 14. 11 жасар бала дәрігер-стоматологқа қаралды. 6 күн бұрын футбол ойнаған кезде жарақат алған. Тіс түсіп қалған, ата-анасынан қорыққанынан көмекке жүгінбеген. Қарап тексергенде беті симметриялы, тері жабындысы өзгеріссіз. Ауыс қуысында 1.1тіс жоқ. Түсіп қалған тістің орны жартылай эпителизацияланған.Шырышты қабат өзгеріссіз.Дәрігер-стоматолог қандай болжамды диагноз қойған?
11-тістің біріншілік адентиясы
11-тістің екіншілік адентиясы
11-тістің шығып кетуі
11-тістің толық шығып кетуі+
11-тістің сауытының сынуы
15. Балаларда сілекей бездері ауруларының асқыну және ремиссия мерзімдері тән?
жедел вирусты сиалоденитке
нәрестелердің сиалоденитіне
жедел бактериалды сиалоденитке
жедел сиалоденитке
созылмалы паренxиматозды сиалоденитке+
16. Балаларда шынайы патологиялық қалтаны анықтайтын тәсілді көрсетіңіз?
визуальды
пальпация
рентгенологиялық+
капилляроскопиялық
реопародонтографиялық
17. Анасының айтуы бойынша 8 жастағы баланың тісінің бұзылуына байланысты, аузынан жағымсыз иіс шығады. Қарау кезінде 5.5 тіс қуысы ашылған, ұлпасы қою сұр тұсті және жағымсыз иісті, терең зондтау кезінде ауырсыну байқалады. Рентгенограммада тұрақты тістің ұрықтану процесімен бірге тістүбірі ұшының аймағында деструктивті өзгерістер бар екені анықталады. Қандай емдеу әдісін пайдаланған дұрыс?
Пульпоэктомия