10. Бала 3 жаста. Шағымдары: жоғары жақтың күрек тістерінде тамақ қабылдағанда ауырсынуы. Бірнеше күн бойы мазалаған. Анамнез: бұрын емделмеген. Обьективті кп=8, ГИ=1,2. 6.1 тіс 1/3 бөлігінде бұзылған, эмалы нәзік, дентин ақшыл, иілгіш. Зондтауда қуыс тіс қуысымен байланыспаған, ауырсынусыз. Перкуссияда ауырсынады. І дәрежалі қозғалмалылық анықталады. Шырышты қабаты қызарған, т-тітіркендіргішке реакция жоқ. Ем жүргізіңіз.
Тісті жұлу
12. Бала 1,5 жаста.Анасы жоғарғы күрек тістердің мойыны тұсында түсі өзгеше дақтарды байқаған. Анамнезде: бала шала туылған, ана сүтін ембеген, жасанды сүтті қорек еткен. 1 сатылы рахитке, орта дәрежелі диспепсияға шалдыққан. Ауыз қуысында: күрек және ит тістердің мойыны тұсында кіреуке жылтыры жоқ, бұлдыр. Сүңгімен тексергенде түсі өзгерген аймақтардың беті кедір-бұдырлы. Алдын-ала диагноз қойыңыз.
Бастапқы кариес, компенсациялық түрі