Вопросы на казахском языке


$$

Вопросы на казахском языке

4- Уақытша тістердің периодонтиттері


бет127/266
Дата16.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#93434
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   266
$$$004- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 8 жаста жоғарғы жақтың оң жағындағы тістегенде күшейетін 2 тәулік бойы өткір ауырсынуға шағымданады. Объективті: 1.6 тістің апроксимальды-дистальды бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы, температуралық тітіркендіргіштерге жауап, зондтау ауырсынусыз, перкуссия өткір ауырсынбалы, тіс түсі өзгермеген, қозғалмалы, 1.6 тістің маңындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада – периодонтта өзгеріс жоқ. Болжам диагноз қойыңыз және емдеу тактикасы қандай:
А) Жедел іріңді периодонтит – апексофикация әдісі
В) Созылмалы периодонтиттің асқынуы – тістің экстракциясы
С) Жедел іріңді пульпит – ұлпа экстирпациясы
D) Жедел серозды периодонтит – апексофикация әдісі
Е) Жедел серозды пульпит – ұлпа ампутациясы
{Дұрыс жауабы}= А
{Күрделілігі}= 3
$$$005- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң жағындағы 4 күн бойы ауырсынуға шағымданады, нашар тамақтанады. Қараудан кейін кп= 7, 6.5 тісте – медиальды-шайнау бетінде тісжегі қуысы, тіс қуысы ашық, зондтау ауырсынусыз, перкуссия ауырсынусыз, тіс түсі өзгерген, түбір каналында грануляция, шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада 6.5 периодонтында және 2.4 фолликуласының кортикальды пластинкасында деструктивті өзгерістер. Емдеу әдісін таңдаңыз:
А) консервативті – тіс қуысын ашумен бір келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау
В) консервативті –тіс қуысын ашумен екі келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау
С) консервативті –тіс қуысын ашумен үш келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау
D) хирургиялық –тісті жұлу
Е) консервативті – тіс қуысын ашумен бір келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды фосфат-цементпен пломбылау
{Дұрыс жауабы}= Е
{Күрделілігі}= 3
$$$006- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері -
9 жастағы балада төменгі жақ тісінде тістегенде күшейе түсетін қақсап ауырсынулар. Тісті 2 апта бұрын емдеді, күшәлә пастасын салған, қабылдауға уақытында келмеді. Объективті тексеруде: 4.6 шайнау бетінде тісжегілі қуыс, тіс қуысымен байланыспайды. Зондтау және перкуссия өткір ауырсынады. 4.6 аймағындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Жұмсарған дентин мен пломбалық материалдың қалдықтарын алғаннан кейін қансыраған ұлпа жалаңаштанды. Диагноз қойыңыз:
А) жедел медикаментозды периодонтит
В) созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
С) созылмалы гранулирлеуші пульпиттің асқынуы
D) жедел жарақаттық периодонтит
Е) жедел инфекциялық периодонтит
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілік}= 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет