Вопросы на казахском языке


$$

Вопросы на казахском языке

7- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері


бет128/266
Дата16.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#93434
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   266
$$$007- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері
Бала 8 жаста 2 тәулік бойы жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте тістегенде күшейе түсетін өткір ауырсынуға шағымданады. Объективті: 1.6 тістің апроксимальды-дистальды бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы, термиялық тітіркендіргіштерге жауап, зондтау ауырсынусыз, перкуссия жедел ауырсынады, тіс түсі өзгермеген, қозғалғыш, 1.6 тіс маңындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада –периодонтта өзгерістер жоқ. Болжам диагноз қойыңыз және емдеу тактикасы қандай:
А) Жедел іріңді периодонтит -апексофикация әдісі
В) Созылмалы периодонтиттің асқынуы-тіс экстракциясы
С) Жедел іріңді пульпит - апексогенез әдісі
D) Жедел серозды периодонтит - апексофикация әдісі
Е) Жедел серозды пульпит - ұлпа ампутациясы
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілік }= 3

$$$001Гингивит
Қыз бала 13 жаста ауырсынуға, қызылиегінің қанағыштығына шағымданып келді. Екі күн бұрын ауырып қалған. Объективті: бала бозғылт, дене температурасы 38,5 С. Жақасты лимфа түйіндері сол жағынан ұлғайған және ауырсынады, астында жатқан тіндермен байланыспаған. 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7 тістердің аймағындағы қызылиек емізікшелері мен қызылиектің жиектік бөліктері гиперемияланған, жараланған, некротикалық қақпен жабылған. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:
А) Жаралы-некротикалық гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар
В) Жедел катаральды гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, кератопластикалық заттар
С) Созылмалы гипертрофиялық гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар
D) Созылмалы катаральды гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, кератопластикалық заттар
Е) Созылмалы гингивиттің асқынуы. . Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар
{ Дұрыс жауабы }=А
{ Күрделілік }= 3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет