#Клиникаға 15 жастағы Е. науқас оң жақ ұрт аймағында ауырсыну, ісіну, әлсіздік, дене қызуының 37,2 0С дейін жоғарылауы шағымымен келді. 4.6 тісі ауырғанына 5 тәулік болды. 2 тәулік бұрын ұрт аймағының ісінуі пайда болды. Объективті: оң жақ ұрт аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. 4.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған. Өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген. Пальпацияда ауырсынады. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу қағидасын анықтаңыз:
#Клиникаға 16 жастағы И. науқас ауырсыну және сол жақасты аймағында жыланкөзден іріңнің бөлінуі шағымымен келді. 1,5 ай бұрын 3.6 тіс бойымен төменгі жақ денесінің сынығы диагнозымен стационарлы емдеуде болды. Қараған кезде: төменгі сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Жақасты аймағында ісінген грануляциялары және іріңді экссудаты бар жыланкөз жолы бар. Ауыздың ашылуы 3,0 см дейін шектелген. 3.6 тістің ұяшығы грануляцияларға толы. Рентгенограммада: 3.6 тістің ұяшығы проекциясында төменгі жақтың денесі аймағында ұсақ секвестрлер бар. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |