51. Гендердің комплементарлық әсері. Мысал келтір.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің 4 типі бар: комплементарлық, эпистаздық, полимериялық және гендердің көп жақты әсері.
Комплементарлық әсер.
Комплементарлы жағдайда доминантты гендер бір генотипте болса (AaBb; ААВВ), олар бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Ал гендер әр генотипте (ААbb және ааВВ) жеке болатын болса, жаңа белгінің түзілуі жүрмейді. Сонымен гендердің комплементарлық әсері деп өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгінің дамуын қамтамасыз ететін доминантты гендердің әсерін айтады. Бұл құбылыс өсімдіктер мен жануарларда жиі кездеседі. Гендердің комплементарлы әсері кезінде Ғ2 ұрпақ белгілерінің ажырауы мынадай сан қатынасында 9 : 7; 9 : 3 : : 4; 9 : 3 : 3 : 1 немесе 9:6:1 болады.
Белгілердің 9:7 қатынасында ажырауы.
Бұл құбылысты алғаш рет Бэтсон мен Пеннет 1906 жылы хош иісті бұршақ өсімдігінің гүлінің түсі бойынша тұқым қуалауын зерттегенде ашты. Гүлінің түсі ақ екі гетерозиготалы бұршақ өсімдігін бір-бірімен будандастырғанда, бірінші ұрпақтағы будан өсімдіктердің барлығының гүлінің түсі қызылға айналған. Ал қызыл гүлді будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандырғанда, екінші ұрпақта (Ғ2) 9/16 өсімдік гүлінің түсі қызыл және 7/16 өсімдік гүлінің түсі ақ болған. Сонда белгілердің ажырауы 9 : 7 қатынасында жүрген.
Белгілердің ажырау ерекшелігі — қызыл белгі екі комплементарлы доминантты гендердің (А-В) әсерінен түзіледі.
52. Адам нәсілдерін талдауға генетикалық мәліметтер Евгеника.
Евгеника - биологияның адамды генетикалық әдістермен жақсарту мүмкіншіліктерін баяндайтын саласы. Алғашқы селекциялық Евгеника, (1900-1930 жж.) күшпен көбейту немесе кейбір «тандамалы» нәсілдерін сақтап қалу мақсатында жеке бір адамдарды стерилизациялауға негізделген әдістерді ұсынады. Осы заманға онтайлы евгеника дәл адамгершілік, әдептілік қатынасында адамның генофондық сақтау үшін, денсаулығын жақсартып өмірін ұзарту үшін гендік инженерияға үміт артады.[1]
Евгеника— адамның түқымқуалаушылығы және оны жақсарту жолдары туралы адам генетикасы мен медициналық генетиканы пайдалануға шақыратын ілім. Евгениканың кейбір бағыттары нәсілшілдік пен «өлеуметтік дарвинизм" ағымдарының теріс идеяларын пайдалана отырып, адамдардың мәдени теңсіздігі олардың психо-физиологиялық айырмашылықтарына байланысты және адамдардың "жаңа тұқымын" шығару керек деген антигумандық кағидаларды ұстанған. Бірақ Евгениканың және оның жаңғыртылған қазіргі бағыттарында көптеген маңызды адамдық мәселелер көтерілген. Неоевгениканың өкілдері (П.Рамсей, Ч.Фрэнкель, Дж. Ледерборг, Д. Рорвик, М. Эбон және т.б) тұқымдық инженерияның қойған жаңа мәселелеріне назар аударады. "Жасалып жатқан адам" еңбегінде Г.Рамрсей зиянды түқымдық мутацияларға қарсы күрес қажеттігін алғай қойды, сонымен бірге ол адам "фенотипін" жөндеу, жасанды пробиркалық нәресте, тұқымдық бақылау калық, демографиялык кысымды азайту мәселелерін гуманизм мен этика талаптарына сай шешуді қалайды. Ч.Френкель "Евгеника елесі" деген мақаласында биомедициналық биоэтикаға тәуелді болуын жақтап, жаңа евгеникалық жобалардың құндылықтарынан лашақтамауын қолдайды. Бірақ адамдарды генетикалық жолмен модификациялау көптеген гуманитарлық және этикалық қиындықтармен кездесті. М. Эбон "Адамда клондау; тамаша жаңа үміт немесе жаңа үрей" еңбегінде бұл мәселеге үлкен байыппен қарауға шақырады.[2]
Евгениканың қағидаларын алғаш белгілеп берген - Ф.Гальтон. Өзінің "Таланттың тұқым қуалаушығы" атты кітабында мықты еркектер мен дені сау әйелдер арасындағы неке ақыр аяғында дарынды нәсілдің пайда болуына алып келеді деп болжады. 1926 жылы негізі қаланған американдық евгеникалық қоғам Гальтон теорияларын қолдады.
Евгеника
Евгеника адамның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін жақсарту және ұрпақтары кемтар болатын некелерді болдырмау туралы ғылым. «Евгеника» (грек. «evgenes» — жақсы тұқым) деген терминді 1883 жылы осы ғылымның негізін калаушы ағылшын зерттеушісі Ф. Гальтон енгізді. XX ғасырдың басында Еуропа мен АҚШ-та евгеника дами бастады. Бірак көптеген зерттеулердің деңгейі төмен болды. Мысалы, адамның ашуланшақ мінезі, адамдардың дуанашылыкка бейімділіғі Мендельдің зандарына сәйкес тұқым куалайтын қасиет деп түсіндірді. Американың бір қатар штаттарында евгеникалық зандар енгізілді. Бұл заң бойынша психикасы бұзылған, кемакыл адамдарға некелесуге рұқсат берілмеді. Қылмыс жасауға бейім деген адамдардың барлығын міндетті түрде ұрықсыздандыратын болған. Сол кездегі евгениканың басты мақсаты — малдардың асыл тұқымын шығару әдісін адамға колдана отырып, адамның таза, ак сүйек нәсілін шығару болды. Нобель сыйлығының иегері америка ғалымы Г. Меллер 1929 жылы адамның түқымын жақсарту үшін және атакты адамдардың генін ұрпактарға беру үшін, әйелдерді қолдан ұрыктандырудың тәсілін ұсынды. 30-жылдары Германияда евгеника ілімі ұлтшылдык идеологияға айналып, 1933 жылы адамды ұрықсыздандыру туралы заң қабылданды. Арнайы сот органдары құрылып, ұрықсыздандыру туралы істерді қарады. Тұқым куалайтын ауруы бар адамдарды міндетті түрде ұрықсыздандырды. «Бір нәсілдің басқа нәсілдерге қарағанда рухани және ақыл-ойы жағынан артыкшылығы бар» деген нәсілдік теория құрылды. Кеңестер Одағында 20-жылдары евгеника қоғам ретінде құрылып, өзінің журналы болған. Бірак кейіннен евгеникалық көзқарастар мемлекеттік идеологиямен сәйкес келмей, зерттеулер тоқтатылды. Евгеника саласында істеген ғалымдар есімдік пен жануарлар генетикасына ауысты.
Достарыңызбен бөлісу: |