49. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы.
Нуклеин қышқылы - организмдерге гендік ақпаратты бір буыннан екінші ұрпаққа көшіруге мүмкіндік беретін молекулалар. Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) немесе полинуклеотидтер — көптеген нуклеотидтерден тұратын үлкен молекулалы күрделі полимерлер. Нуклеин қышқылдарының екі түрі болады: ДНҚ және РНҚ — мономері нуклеотид болатын биополимерлер.
Нуклеотидтің құрамы:
Рибоза немесе дезоксирибоза.
Азотты негіз — аденин, гуанин, цитозин, тимин, урацил.
Фосфор қышқылының (H3PO4) қалдығы. Азоттық негіздің комплементарлығы А-T (ДНҚ), А-У (РНҚ), Г-Ц.
ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) молекуласы — бір-бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор қалдықтары бар қос оралымды екі полимерлі жіпші түрінде болады. Полимерлік жіпшенің әрбір қант қалдықтарына түзу бұрыш бойында азоттық негіздердің біреуі (А, Г, Ц, Т) байланысады. Екі полимерлік жіпше өзара бір-бірімен екі жіпшедегі азоттық негіздердің арасында (А-Т, Г-Ц) сутектік байланыстың түзілуі нәтижесінде байланысады. Яғни бір жіпшедегі А екінші жіпшедегі Т-мен сутекті байланыс түзеді. Аденин мен тимин арасында екі, ал цитозин мен гуанин арасында үш сутектік байланыс түзіледі, осыны азоттық негіздердің комплементарлығы дейді.
ДНҚ қызметтері:
тұқымқуалаушылық ақпараты мен генетикалық кодты сақтау, ұрпақтан ұрпаққа беру;
нәруыздың биосинтезіне қатысу;
Днқ құрылысы.
Дезоксирибонуклин қышқылы екі полинуклеотидтік тізбектен тұратын оралым / спираль/ тәрізді ширатылған молекула. ДНК – нуклеотидтердің полимері, күрделі молекулалық зат. Оның мономерлері – нуклеотидтер. Нуклеотидтердің құрамына азоттық негіз / аденин, гуанин, тимин, цитозин/, көмірсутек – дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіреді. Нуклеотидтер тек азоттық негіздермен ажыратылады да, солардың бас әріптерімен белгіленеді. А, Г, Т, Ц.
Уотсон мен Криктің моделі бойынша ДНК молекуласы бір оське бағытталған оралым тәрізді оңға қарай айнала оралған екі тізбек / қос оралым/ болып келеді. Тізбектер түзілгенде, бір нуклеотидтің фосфор қышқылының қалдығы келесісінің дезоксирибозасымен ковалентті түрде байланысады, яғни фосфат көпіршесі арқылы. Екі тізбек азоттық негіздер арқылы қосақтала алады.
Сол себептен қос тізбекті оралымның ішіне азот негіздері орналасады, ал көмірсу мен фосфат топтары оралымның сыртына орналасады. Бұл сутектік байланыс бірін – бірі толықтырып тқратын комплементарлық принцип бойынша қалыптасады : Аденин /А/ тек Тиминмен /Т/, ал Цитозин /Ц/ тек Гуанинмен /Г/.
Э. Чаргафтың 1952 ж заңы бойынша ДНК молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздердің арасында сандық сәйкестіліктің бар екенін көреміз.
Шыққан тегіне байланыссыз әр түрлі ДНК –ның молекуласындағы пурин негіздерінің қосындысы пиримидин негіздерінің қосындысына тең
А + Г = Т + Ц =1
ДНК – нің біріншілей құрылымы деп, оның молекуласындағы нуклеотид қалдықтарының белгілі тәртіппен /ретпен/ кезектесіп қайталануын айтады.
ДНК –нің екіншілей құрылымы – оның спиральдық құрылымы, яғни көптеген дезоксирибонуклеотид тізбектерінің оралым түрінде болатындығы.
ДНК –ның үшіншілей құрылымында оралым кеңістікте бүктеліп қалады.
ДНК –ның негізгі биологиялық қызметі белоксинтез- делгенде оның құрамын реттеу және тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Толықтырушы принциптегі байланыс бізге ДНК молекуласының негізгі қасиетін өзін — өзі еселей алатынын / репликация, редупликация/ түсінуге болады.
ДНК клеткадағы ядроның құрамындағы хромосомдарда болады. Хромосома деп аталуы / грекше «хрома» — түс «сома» — дене / оның жақсы боялуына байланысты.
РНҚ (рибонуклеин қышқылы) — бір тізбекті полимер, оның полимерлі жіпшесі рибоза қант қалдығы мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұрады. Жіпшедегі әр қант қалдығына азоттық негіздер (А, Г, Ц, У) жалғасқан. ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіруші рибонуклеин қышқылы-РНҚ болып саналады.
РНҚ – бір полинуклеотидті тізбектен,4 әртүрлі нуклеотидтерден: құрамы қант – рибозадан, фосфаттан және 4-азотты негізден –аденин,гуанин,цитозин және урацилден тұрады.
РНҚ түрлері мен қызметтері:
Ақпараттық РНҚ немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ) — ДНҚ-дағы нәруыздар туралы генетикалық ақпаратты көшіру және нәруыз синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға жеткізу.
Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) — амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдайды.
Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) — рибосоманың құрылымдық деңгейін түзеді, осында нәруыз биосинтезі жүреді.
РНҚ нәруыз биосинтезіне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |