Вопросник: Генетика с основами селекции


Адам генетикасы, оның әдістері



бет29/44
Дата16.10.2023
өлшемі136,82 Kb.
#115889
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
60. Адам генетикасы, оның әдістері.


61. Будандастырудың типтері, оларға қойылатын талаптар.
Будандастыру — тұқым қуалаушылық (нәсілдік) қасиеттерінде өзгешелігі бар екі организмді шағылыстыру арқылы будан алу.

Будандастыру алға қойған мақсат пен жететін нәтижесіне қарай бес түрге бөлінеді: сіңіре (аудара) будандастыру, қан араластыра (түзетуші) будандастыру, зауыттық (тұқым түзуші) будандастыру, өнеркәсіптік будандастыру, кезек будандастыру.


Сіңіре будандастыру деп кең мағынада бір тұқымдық топтын, негізгі өнімдік белгі, қасиеттерін екінші тұқымдық топтың қасиеттерімен ауыстыруды, яғни өнімі төмен жергілікті тұқымды өнім сапасы мен саны жоғары тұқыммен будандастыру арқылы түбегейлі өзгертуді айтады. Ол үшін жергілікті тұқымның және әр келесі ұрпақтың аналықтарын бірнеше ұрпақ бойы тек жақсартқыш тұқымның аталығымен шағылыстырады. Осы ретте жергілікті тұқымды-жақсартылатын, өнімі мол тұқымды-жақсартқыш тұқым деп атайды. Сонымен, сіңіре будандастырудың нәтижесінде жергілікті тұқым түбегейлі өзгеріп, жақсартқыш тұқымға ұқсас мол өнімді мал тобы құрылады. Оның бірте-бірте тіпті жаңа тұқымға айналуы да мүмкін.
Сіңіре будандастырудың басты артықшылығы өнімі төмен жергілікті тұқым табындарын қысқа мерзімде, қауіпсіз, тез жақсартуға болады және мұны көп шығынсыз, әсіресе қолдан ұрықтандыру кең тараған жағдайда, іске асыруға болады.
Түзетуші (кірістіре, қан араластыра) будандастыру. Түзетуші немесе кірістіре будандастыру дегеніміз — қолда бар зауыттық тұқымның өнімділік және асыл тұқымдық қасиеттерін одан әрі жетілдіру үшін жүргізіледі. Яғни түзетуші (қан араластыра) немесе кірістіре будандастыру — жалпы өнімділік қасиеттері жақсы, жергілікті жағдайға бейімделген мал тұқымының негізгі қалпын сақтай отырып, тез арада кейбір кемшіліктерін жою немесе кейбір өнімділік белгілерін жедел жетілдіру үшін қолданылады.
Кірістіре (қан араластыра) будандастыру елімізде мал шаруашылығының барлық саласында дерлік кең көлемде қолданылып отырған тәсілдің бірі. Мысалы, биязы жүнді қой тұқымдарын австралия мериносымен, сүтті бағыттағы сиыр тұқымдарын голштинофриз, швиц тұқымдарымен кірістіре будандастыру жүріп жатыр.
Дегенмен де қан араластыру әдісін қолданғанда аса сақтық, білгірлік керек. Себебі бұл будандастыруда тұқымдар "жақсар-тылатын" екіншісін — "жақсартқыш" деп шартты түрде ғана бөлінеді. Әйтпесе, жергілікті тұқымның жақсы жақтары көп. Сондықтан жақсартқыш тұқымға мән бермеушілік, будандарды ретсіз пайдалану мен кездейсоқ жұптау жергілікті мал тұқымын жақсартудың орнына, аздыруға әкеп соқтыратыны әр уақытта есте болуы керек.
Зауыттық, тұқым түзуші будандастыру. Бұл әдіс мал тұқымын шығару үшін қолданылады. Қазіргі мал тұқымдарының басым көпшілігі будандастырудың осы түрімен шығарылған. Зауыттық будандастыру жаңа мал тұқымын шығару тәсілдерінің ішіндегі ұтымдысы болғанымен, оны іске асыру өте күрделі, қоғамнан қажетті мөлшерде қаражат бөлуді, тыянақты білімділікті және іскерлікті талап етеді. Осыған орай, мал тұқымын шығару жұмысы қоғамның әлеуметтік-экономикалық сұранысы негізінде, белгілі бір жоспармен жүргізіледі.
Селекцияда будандастырудың әр түрлі жүйесі қолданылады. Олар: а)туыстық будандастыру (инбридинг, инцухт), ә)туыстық емес будандастыру (аутбридинг) және б)алыс будандастыру. Туыстық будандастыру генотиптері жағынан бір-біріне жақын организмдердің арасында болатындықтан олардан көбінесе гомозиготалы ұрпақ алынады. Ал мұндай будандастыруды ұзақ уақыт пайдаланса, жануарлар мен өсімдіктердің бойында пайдалы қасиеттері бар гомозиготалы таза линияларын алуға болады. Туыстық будандастыру жануарлар мен өсімдіктердің селекция үшін қажетті таза линияларын алу үшін кеңінен қолданылады.
Популяция құрамындағы рецессивті гендердің көпшілігі организм үшін тиімді бола бермейді, сол себепті егер туыстық будандастыру жиі қайталанса, сорт немесе тұқым азғындайды. Бұған дәлел ретінде Д.Джонстың жұмысын алуға болады. Ол жүгері өсімдігін 15 ұрпақ бойы өздігінен тозаңдандырып отырған. Сонда, оның екі тармағын еріксіз түрде өздігінен тозаңдандырудың нәтижесі өсімдіктің биіктігі мен өнімінің кемуіне әкеліп соққан.
Инбридингтің нәтижесінде организмнің өмір сүргіштігі, ұрпақ беру қабілеттілігі және түрлі ауруларға төзімділігінің төмендейтіндігі байқалады. Мұндай құбылысты инбредті депрессия деп атау қабылданған. Мысалы, инбридинг аллелі өмірсүргіштікті төмендетеді немесе летальды қасиетке ие. Яғни, әр ұрпақта 25% дарабастар өлімге ұшырайды немесе әлсіз болады. Нәтижесінде ұрпақ қатарында инбридинг депрессияға әкеледі. Егер инбридинг құбылысын бірнеше ұрпақтар деңгейінде қолданатын болса, онда белгілердің көрінуінің төмендеуі анық байқалады. Орташа өмірсүргіштік инбредті минимумга жеткенше ұрпақтан ұрпаққа төмендей береді. Бұл кезең инбридинг нәтижесінде шамамен 10 ұрпақтан кейін пайда болады және өмірсүргіштіктің ең төменгі деңгейіне түскенін көрсетеді. Сондықтан инбридингтің жалғасуы онан ары нашарлауын болдырмайды. Сондықтан туыстық емес будандастыру әдісі тиімді. Мұндай жағдайда әр түрлі линияларға жататын особьтар будандастырылады, соның нәтижесінде олардың ұрпағының тұқым қуатын қасиеттері жақсарады. 2. Туыс емес организмдердің будандасуын аутбридинг деп атайды. Мұнда бір тұқымға немесе сортқа (тұқымішілік немесе сортішілік), сондай-ақ әртүрлі тұқымдар мен сорттарға (тұқымаралық немесе сортаралық) жататын организмдер будандастырылады. Туыс емес дарабастарды будандастырғанда рецессивті зиянды мутациялар гетерозиготалы жағдайға көшеді. Сондықтан бірінші будан ұрпақ көбінесе тіршілік қабілеті жоғары, ауруларға төзімді, әрі өсімтал болып келеді.
Туыстық емес будандастыру селекцияда аса маңызды әдіс болып табылады. Осындай жолмен түрлі тұқым қуалайтын қасиеттер бір гибрид организмде топтастырылады. Қандай жағдайда тұқымішілік немесе сортішілік, ал қай кезде тұқымаралық немесе сортаралық будандастыруды қолдану керек дейтін болсақ. Айталық қой жүнінің ұзындығын арттыру қажет десек, онда тұқымның ішіндегі ұзын жүнді жануарларды таңдап алып будандастыру керек. Егер ондайларды табу қиынға соқса, қысқа жүнділерді ұзын жүнділермен будандастырып гибрид алу керек.
Аутбридингті пайдаланғанда комбинативті өзгергіштіктің есебінен тәуір немесе нашар белгі қасиеттері бар гибридтер болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Сондықтан будандастырудан соң міндетті түрде қажетті формаларды сұрыптап алып отыру керек.
3. Селекцияда алыстан будандастыру әдісі де кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда әр текті түрлер мен туыстар будандастырылып, нәтижесінде олардың гендері мен хромосомалары бір-бірімен алмасады.
Алыстан будандастырудың өсімдіктер селекциясында үлкен маңызы бар, соның ішінде әсіресе вегетативті жолмен көбейетіндер үшін, себебі алыстан келетін буданды вегетативті жолмен көбейту стерильділікті жоюға ықпал етеді. Мысалы, вирустық ауруларға төзімді қант қамысының жабайы түрін, қытайлық мәдени түрімен будандастыру қант өнімін үш есе арттыруға мүмкіндік берді. Практикада картопты, жүзімді, т.б. түраралық будандастыру кеңінен қолданылады.
Алыс будандастыруда бір-бірінен алшақ жатқан түр тармақтары пайдаланылады. Мысалы, қазақ ғалымдары Ә.Есенжолов, А.Жандеркин, Н. Бутарин жабайы арқар мен биязы жүнді қойды будандастыру арқылы қойдың “арқар-меринос” деп аталатын жаңа тұқымын шығарды. Сонда оған арқардың таулы аймаққа бейімділігі, қойдың жүнінің биязылығы т. б. пайдалы қасиеттері берілген. Сол сияқты Н.В.Цицин бидай мен жабайы бидайық өсімдігін будандастыру арқылы бидай-бидайық буданын алды. Бұл әдісті И. В. Мичурин жеміс-жидек өсімдіктерінің жаңа сорттарын шығару үшін кеңінен қолданғаны. Сонымен, алыс будандастыруды қолданғанда өсімдіктер мен жануарлардың сапасы жақсарып, беретін өнімі артқан. Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы Америка оқымыстысы Дж. Шелл жүгері өсімдігінен байқады. Оны гетерозис құбылысы деп атайды. Содан бері бұл заңдылық жүгері өсіретін шаруашылықтарда кеңінен қолданылып келеді. Жүгерінің әр түрлі сорттарын будандастыру арқылы алынатын гибридтерде гетерозис қасиеті бар, яғни олардың собығы үлкен, дәндері ірі, сабағы ұзын, жапырақтары ірі әрі салалы болып келеді, сондықтан олар мол өнім береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет