66. Гендік аурулар. Қан топтарының тұқым қуалауы.
Гендік аурулар — гендердің өзгеру нәтижесінде пайда болатын тұқым қуалайтын аурулар.
Гендердің өзгеру нәтижесінде пайда болған тұқым қуалайтын ауруларды гендік аурулар дейді. Гендік ауруларды тұқым қуалау ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөледі.
Аутосомды-доминанттық тұқым қуалау кезінде белгілер аутосомда орналасады, жынысқа тәуелсіз, ұрпақ сайын көрінеді. Мұндай ауруларға: брахидактилия — қысқасаусақтылық, полпдактилия — алтысаусақтылық, ахондроплазия — ергежейлілік, беттің секпілі, кезді шел басу, сүйектің омырлығы т.б. жатады.
Аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типінде зерттелетін белгі аутосомда орналасады. Ата-анасында білінбей, ұрпағында көрінеді. Мұндай ауруларға альбинизм (пигментсіз), алькантонурия гомогентизин қышқылын артық бөледі, идиопатия мишықтың өзгеруі, фенилкетонурия — кемақыл жатады.
Жыныспен тіркескен рецессивті белгілердің тұқым қуалау типінде, аурулар келесі ұрпақта X хромосомада көрінеді. Оларға: гемофилия — қанның ұйымауы, гемералопатия — түнде көрмеу, дальтонизм — түсті ажырата алмау, рахит — сүйектің қисаюы, галактоземия — галактозаны игере алмау, бауыр циррозы, кемақыл, т.б. жатады.
Голландиялық тұқым қуалау типінде белгілер әкесінен тек ұлына ғана беріліп отырады. Мысалға, құлақ қалқаншасының жүнді болуы — гипертрихоз, гипертрихоздың гені Ү хромосомамен тіркесіп тұқым қуалайды. Ер бала Ү хромосоманы тек әкесінен алады, сондықтан ол ген балаға толық беріледі.
Гендік аурулардың ерекшелігі: Біріншіден, гендік аурулар әр жаста болуы мүмкін. Кей біреулері жатыр ішінде (гемофилия, саңыраулық), басқалары- туғаннан кейін, балалық шақта (Фридрейх атаксиясы), кейде жасы толған кезде (Гентингтон хореясы), тіпті ересек, кәрі, мосқал адамдарда (подагра) кездеседі.
Екіншіден, гендік аурулардың көбісі көп гендердің және сыртқы орта факторларының үйлесімділік жұмысының бұзылуына тәуелді болады. Бұл полигенді ауруларына: диабет, шизофрения және басқалары жатады. Сонымен қоса моногенді, Мендель заңдары бойынша тұқым қуалайтын ауруларда бар (саңыраулық, нерв жүйесінің аурулары), олардың саны бүгінгі күні бір жарым мыңдай болады.
Үшіншіден, Мендель заңдары бойынша тұқым қуалайтын аурулар бір ғана емес, түрлі мутантты гендермен тұғызылуы мүмкін, олар ұқсас, клиникалы ажыраталмайтын зақымдану суреттемесімен бейнеленеді. Бұндай тұқым қуалайтын аурулардың гетерогендігі моногенді аурулардың ережесі болып табылады.
Төртіншіден, бір ауру әр тасымалдаушыда әр түрлі, әр дәрежеде байқалынады, тіпті бір жанұядада, - клиникалық полиморфизм деп аталады
Мысал ретінде зат алмасуының тұқым қуалайтын екі ең белгілі кемшіліктерін қарастырайық (фенилкетонурия мен галактоземияны).
Фенилкетонурия алғашқы 1934 жылы норвеждік дәрігер мен биохимик И.Феллингпен жазылып көрсетілген, ол екі ақыл есі төмен сибстардың зәрісінен фенилпировиноград қышқылын бөліп алған. Фенилкетонурия аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Жаңа туған нәрестелер арасындағы жиілігі орташа алғанда 1:10 000 құрайды. Олигофрениясы бар аурулар арасында фенилкетонурия орташа алғанда 1,0% жағдайда байқалынады, зерттелінетін контингент неғұрлым күрделі, ауыр болса, соғұрлым ауру жиі байқалынады.
Фенилкетонуриямен ауыратындарда фенилаланинның тирозинға айналуы бұзылған, ол осы реакцияны бақылайтын гидроксилаза-4-фенилаланин ферментінің болмауымен байланысты. Осындай зат алмасудың дамуы нәтижесінде фенилаланин концентрациясы ағзаның барлық сұйық орталарында он есе рет көбейіп кетеді.
Фенилаланинның жартысы зәрімен шығады, ал оның қалғаны фенилпировиноградты, фенилсірке, фенилсүтті қышқылдарға және басқа фенилкетонды заттарға айналады, олар да зәрімен бірге шығады. Фенилаланинның алмасу блогімен байланысты ағзада екінші биохимиялық бұзылулар қатары дамиды.
Бұл ауытқулардың барлық жинағы бас миының жетілуінің бұзылуын туғызады, ең алдымен, миелинизациясының (жүйке талшықтарының дамуының).
Ауру баланың алғашқы 2-3 айларында дамуында ауытқулар көбіне көрінбейді. Ауру біртіндеп біліне бастайды және өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында айқын көрінеді (сур.3).
Аурудың жалпы клиникалық суреттемесі өзіне келесіні кіргізеді: кемақылдылықты, тәртібінің бұзылуын, пигментация кемшілігін, аурулардың жартысында - құрысу синдромы мен дене терісінің өзгеруін. Ауруларда сонымен қоса бұлшық еттерінің гипотониясы (аяқ-қолдары бүгіліп, сіңір рефлекстері жоғарылайды), гиперкинездер (қол-аяқтардың қалыптан тыс әрекеттері), саусақтар треморы (дірілдеуі), атаксия, кейде орталық парездер (жартылай сал болуы) байқалынады. Емделмеген аурулардың көбісінде (92-96% аралығында) кемақылдылықтың терең дәрежелері – милау (идиотия), миқұла (имбецильность) байқалынады. 3-4% ақыл-ойының жеңіл жетіспеушілігі білінеді және 0,2-0,3%- ақыл-ой қабілеттері қалыпты дерлік. 3-4 жасынан кейін ақыл-ойының жетіспеушілігінің деңгейі көбіне тұрақты болып қалады (Б.В.Лебедев, М.Г.Блюмина).
Интеллектуалдық кемшіліктен басқа, тәртібінің түрлі бұзылулары байқалынады, көбіне қозу мен қайталанып тұратын бір типті қимылдармен сипатталады, қоршағандармен қатынасының бұзылуы байқалынады, кейде ауытқулар психоз сипатында болады.
Фенилкетонурияның биохимиялық диагностикасы зәрінің фенилпировиноградты қышқылымен реакциясының оң сапасына және қан плазмасында фенилаланин концентрациясының жоғарлауының байқалуына негізделеді
Өз уақытындағы (дер кезіндегі) диагностика (жаңа туған нәрестелерде) мен дұрыс жүргізілген ем ауруларда кемақылдылықтың дамуының алдын алады.
Бүгінгі күні өзін ақтаған фенилкетонурияны емдеу әдісі болып фенилаланины шектелген диетаны қолдану саналады. Рационнан құрамында ақуыз саны көп барлық азық-түліктерді алып тастау қажет (ет, балық, ұннан жасалынған нан, жұмсақ бөлішкелер және кондитер тағамдары, жұмыртқа, сыр, ірімшік, өрік, фасоль, бұршақ және т.б.). Ақуыздың арнайы гидролизаттары тағайындалады, олардан фенилаланин толығынан немесе жартылай алынады. Диетамен емдеу 6-8 жасына дейін жүргізіледі.
Галактоземия алғашқы рет 90 жыл бұрын жазылып көрсетілген. Бұл зат алмасуының кемшілігін дер уақытында диагностика жасап анықтаса табысты емдеуге болады. Ауру жиілігі жаңа туған нәрестелерге шаққанда 1:70 000 құрайды. Ауру аутосомды-рецессивті жолмен тұқым қуалайды. Негізгі кемшілік галактозаның алмасуына қатысатын галактозо-1-фосфатуридилтрансфераза ферментінің жетіспеушілігімен сипатталады. Ауру басқа ферменттің - галактокиназаның жетіспеушілігімен де туындауы мүмкін.
Аурудың симптомдары кейде өмірінің алғашқы күндерінде байқалынады: құсу, кенеттен әлсіздену, гипотония, сары ауру. Сіңір тартылу, құрысу жиі пайда болады. Ауру бірте-бірте басталуы мүмкін, онда негізгі симптомдары кейіннен байқалынады. Ол- катаракта, кемақылдылық және хроникалық гепатит (бауыр ақауы).
Аурулардың зәрісінде және сары суында (сыворотка) галактоза санының көптігі байқалынады. Онымен қоса глюкоза деңгейі төмендей түседі, бұл гипогликемияның клиникалық құбылыстарымен қосарласады. Зәрімен қоса, бүйректердің уланып зақымдану салдарынан, ақуыз бен аминқышқылының шығуы байқалынады. Әдетте анемия (қанының аздығы) дамиды.
Галактозо-1-фосфатуридилтрансфераза ферментінің белсенділігінің кемшілігі эритроциттерді, лейкоциттерді, бауыр пунктаттарын және дене терісінің культурасын (тұқымын) зерттегенде анықталады.
Емдеу тағамдағы галактозаның шектелуімен, басқаша айтқанда рационнан сүт тағамдарын алумен сипатталады. Зақымдану жаға туған нәрестелерде анықталса және емдеуді дұрыс бақылап отырса, балалардың дамуы қалыпты немесе қалыптыға жақын жүреді.
Кейбір белгілі тұқым қуалайтын алмасу кемшіліктеріне аталмыш алғашқы биохимиялық кемшілік ашылған, басқаша айтқанда жетіспейтін фермент анықталған, басқаларына диагностика тек бұзылған метаболизмның екінші заттары (по вторичным продуктам метаболизма) бойынша жүргізіледі, ең алдымен ағзаның сұйық заттарында (қанда, зәріде). Тұқым қуалайтын алмасу кемшіліктері – сирек кездесетін аурулар.
Адамдардағы қан топтарының тұқым қуалауы кодоминанттылыққа, сонымен қатар көп аллельизмге негізделген.
Кодоминанттылық - (бірлесіп ) доминанттылык көрсету) дегенiмiз екi гетерозиготалы доминантты аллельдiн бiрлесiп бiр белгiнi дамытуы, ал жеке-жеке олар әр түрлi 2) белгiлердi дамытады. Қан тобының тұкым куалауы. Аллелді гендердің өзара әрекеттесуiнiң мысалына кан топтарының тұқым куалауы болып табылады.
Көп аллельдік популяцияның генофондында бір геннің екі емес, одан да көп аллельдері болуы. Әрине, әрбір жеке адамның генотипінде тек екі аллель бар, бірақ аллельдер көбірек болғандықтан, олардың көптеген әртүрлі комбинациялары түзілуі мүмкін. Егер геннің екі аллелімен үш генотип (АА, Аа, аа) болуы мүмкін болса, онда үш аллельмен (мысалы, А, а, а') генотиптің 6 нұсқасы (АА, Аа, Аа', ааа) болады. , aa', a' a').
Қан тобын анықтайтын ген аутосомада локализацияланған. Көбінесе ол I әрпімен белгіленеді («изогемаглютиноген» сөзінің ағылшын тіліндегі нұсқасынан). Бұл геннің үш аллелі бар: : IA, IB, I0. IA және IB аллельдері доминантты, ал I0 рецессивті. Доминантты гендер генотипте бір рет оның әрбір агглютининінің (қандағы белгілі бір антидене) синтезін тудырады. IAIВ генотипі бар адамның қанында әрқайсысы геннің жеке аллельіне сәйкес келетін екі агглютинин болады. Мұндай қан төртінші топ деп аталады. I0I0
генотипі бар адамдардың қанында сәйкес антиденелер болмайды. Олардың қан тобы бірінші деп аталады. Екінші және үшінші қан топтары екі генотиппен анықталады. Бұл IAI0 және IAIA (екінші үшін), IBI0 және IBIB (үшінші үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |