Коммуникативтік қабілеттер:
- біздің заманымыздың әлеуметтік-мәдени ортасының үрдістері мен үрдістерін талдау дағдыларын дамыту.
Оқу қабілеті немесе оқуға қабілеті:
- Білім беру және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, мәдениет әлеміне бағдарлауға мүмкіндік беретін, оның өзгеретін функцияларын түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты шығарып, түсіндіру қабілеті.
1.4 Пререквизиттер
жоқ
1.5 Постреквизиттер
Философия
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптамалық жоспар
Модуль-дің тақырыптың №
Тақырыптың атауы, оның мазмұны
Әдебиеттерге және басқа да деректерге сілтеме
Кредиттердегі көп еңбек сіңіруді қажетсіну
1
2
3
4
1 Модуль Мәдениеттың теориясы. «Түркі әлемінің мәдениеті»
Дәрістік сабақтар
1
Мәдениет морфологиясы. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері.
Мәдениетке диахронды және синхронды ыңғайлар. Мәдениет кеңістігінің ерекшелігі. Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы бөлінгіштік (дихотомиялар). Материалдық және рухани мәдениет. Мәдени формалар мен артефактілердің олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі.
3 бөлімін қараңыз
2
Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық- семиотикалық түсіну. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Мағыналардың түрлері. Мәдениет белгілер әлемі ретінде. Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы. Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері. Табиғи белгілер. Қызметтік белгілер. Иконалық белгілер. Вербалды-белгілік жүйелер – табиғи шынайы тілдер. Тіл – қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде. Тіл және ойлау. Тілдің когнитивті қызметтері. Сепир-Уорф гипотезасы. Мәдениет тілі түсінігі. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы рөлі. Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы (бөлінуі).
Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі. Қазақ тілінің коммуникативтік қызметтері.
Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
3 бөлімін қараңыз
3
Мәдениет семиотикасы. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
Мәдени код. Мәдени код түсінігі. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы. Мәдениет этосы. Этос және мәдениет коды. Жаһандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық. Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық мәдениет коды. Конвенционалды белгілер. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері. Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері. Материалдық мәдениеттегі ғұндардың рәміздері мен белгілері. Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері.
Миф рәміздері. Антикалық мифтер рәміздері. Шығыс мифтері рәміздері. Сақ мәдениеті мен мифтері рәміздері. Түркі мифтері рәміздері. Қазақ мифтері рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері. Тәңіршілдік рәміздері. Буддизм рәміздері. Индуизм рәміздері. Иудаизм рәміздері. Христиандық рәміздері. Ислам рәміздері.
Өнердегі рәміз. Көркем өнер рәміздері. Сәулет өнеріндегі рәміздер.
Музыкадағы рәміздер. Би және балет рәміздері.
Саясаттағы рәміздер. Мемлекеттік-саяси рәміздер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси рәміздері. Ғылым мен техниканың негізгі рәміздері.
3 бөлімін қараңыз
4
Мәдениет анатомиясы. Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар.
Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.
Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері. Технологиялық мәдениет. Техниканың мәні.
3 бөлімін қараңыз
5
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері. Материалдық («технологиялық») мәдениеттің негізгі жетістіктері. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері.
Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм). концепциялары. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті).
Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері, салт-дәстүрлері. Аңызға айналған кейіпкерлердің бейнелері. Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт.
3 бөлімін қараңыз
6
Арғытүркілердің мәдени мұрасы. Номадтық мәдениетті дамытудағы арғытүркілердің кезеңі. Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Үйсін мен қаңлылар мәдениеті. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы. Ата-баба культы. Тәңіршілдік. Ежелгі түркілердің руна жазуы. Түркі жазуы. Түркі жазуының түрлері: соғдылық, брахми, манихейлік, ұйғыр. Түркі қағанатының мемлекеттік жазуы. Руна жазуы. Ежелгі түркілік өркениеттер мен жетістіктер.
3 бөлімін қараңыз
7
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер
Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі. Математиканың дамуы. Өнер, әдебиет, сәулет өнері, техниканың дамуы. Ортағасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім. Хорезми ұлы ортағасырлық ғалым- математик. Әбу Рейхан Бируни және Ғалам. Әбу Рейхан Бируни математик және мәдениет тарихшысы ретінде. Әбу Әли ибн Сина.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі.
3 бөлімін қараңыз
8
Түркілердің мәдени мұрасы. Қарахан кезеңіндегі мәдениет. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері. Әл-Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» еңбегі. Ахмед Үйгінеки, Сулеймен Бақырғани және олардың түркі мәдениетіне қосқан үлестері. Қазақстанда исламның таралуы. Ортағасырлық түркі мәдениетінің ерекшелігі: ислам және номадизм. Моңғолдық кезең және ортағасырлық Қазақстандағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына ықпалы.
Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Материалдық және рухани мәдениет. Рухани құндылықтар. Өнер. Діни наным-сенімдер. Салт-дәстүрлер. Атын Орданың негізгі технологиялық жетістіктері.
Ақсақ Темір кезеңіндегі мәдениет. Сәулет өнері. Өнер және сәулет өнері. Миниатюра. Фреска өнері. Ұлықбек (Мұхаммед Тарағай) астрономия ғылымының дамуы. Математиканың дамуы. Ұлықбек обсерваториясы.
3 бөлімін қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: |