Восточно-казахстанский государственный



бет9/9
Дата02.12.2023
өлшемі87,55 Kb.
#131863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Силлабус Культурология— полная версия

4.1 Оқытушының талаптары



  • сабақ кестесі және график бойынша белгіленген сабақ түрлеріне үнемі қатысу;

  • аудиториялық сабақтарға кешікпеу;

  • оқу бағдарламасы және силлабус бойынша белгіленген тапсырмаларды

уақытында орындау және тапсыру;

  • сабақ кезінде ұялы телефонмен және студенттермен сөйлеспеу.



4.2 Бағалау критерийлері

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:


- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;
- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.
Қорытынды баға есебінің формуласы:

, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;


Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.
Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:

Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған



Сабақтың барлық түрінен 100-балдық жүйе бойынша есептеледі. Ағымдағы бақылау арнайы графикке сәйкес жүргізіледі және оған сабққа қатысуы, конспектілер, тестілеу тапсырмаларын орындау, семинар сабақтарында ауызша жауап беру, топтық жіне жұптық жұмыстар орындау, реферат, эссе жазу және т.б. енеді. Аралық бақылау 8 және 15 апталарда жүргізіледі.
Қорытынды бақылау мемлекеттік емтихан түрінде жүргізіледі.
Қорытынды баға келесі жүйе бойынша есептеледі:

  • 40% емтихан нәтижесі бойынша;

  • 60% ағымдағы білім нәтижесі бойынша.



4.3 Аралық және қорытынды бақылауларға арналған материалдар
4.3.1 «Мәдениеттану» курсы бойынша шекаралық және қорытынды бақылау сұрақтары



  1. Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде. Мәдениеттану пәні мен әдістері, оның ғылым жүйесіндегі орны.

  2. Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы. Материалдық және рухани мәдениет.

  3. Мәдениет типологиясы: мәдениет типінің түсінігі, мәдениеттің тарихи типологиясы.

  4. Мәдениет функциялары.

  5. Ф. Боастің, Л. Уайттің, З. Фрейдтің, К. Леви-Стросстің, К. Маркстің, Э. Тайлордің, О. Шпенглердің, А. Тойнбидің, Л. Гумилевтің, П. Сорокиндің, С. Хантингтонтің теориялық тәсілдер.

  6. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Түрлері едім.

  7. Мәдениет тілі белгілер мен таңбалық жүйелердің негізгі типтері.

  8. Қазақ тілі және оның тұлғаны мәдени-этникалық сәйкестендірудегі рөлі.

  9. Мәдениет зерттеулеріне структуралистік, семиотикалық тәсілдер.

  10. Мәдени код ұғымы. Мәдени кодтардың түрлері.

  11. Мәдениет символының түсінігі. Мәдениеттің негізгі нышандары.

  12. Рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің түрлері.

  13. Технологиялық мәдениет. Ғылым мәдениет феномені ретінде.

  14. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет.

  15. Номадизм мәдениеттің түрі ретінде. Номадизм тұжырымдамасы.

  16. Скифтердің, сақтардың, массагеттердің, сарматтардың номадтық мәдениеті.

  17. Үйсін және Қаңлы мәдениеті.

  18. Ғұндардың номадтық мәдениеті.

  19. Ежелгі түркілердің Космогония және мифологиясы. Тенгрианство. VI – VIII ғғ.

  20. Түркі жазуының түрлері. Руникалық хат. Түріктердің жазба ескерткіштері.

  21. Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буын ретінде.

  22. Философия және ортағасырлық ғылымның дамуы. Әл-Фараби, Хорезми, Бируни, Ибн Сина.

  23. Қазақстан аумағындағы Жібек жолы қалалары. Орталық Азияның қалалық мәдениетінің өркендеуі.

  24. Қараханид кезеңінің мәдениеті. Қалалық мәдениет. Әл-Қашғари, Юсуф Баласағұн, Ахмед Югнаки, Сүлеймен Бақырғани.

  25. Хорезмшах мемлекетінің мәдениеті.

  26. Суфиялық Ренессанс. Ахмет Ясауи.

  27. Моңғол шапқыншылығы мәдени апат ретінде. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті.

  28. Тимуридтер кезеңіндегі мәдениет. Ұлықбек.

  29. Қазақтардың эпикалық мәдениеті. Халық поэзиясының түрлері. Қазақ билері.

  30. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Халықтық мерекелер.

  31. Қазақ ағарту феномені. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай. Музыкалық шығармашылық

  32. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамдық ой-өрісі және қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.

  33. Кеңес кезеңіндегі мәдени саясаттың негізгі тенденциялары. Қазақстан ғылымының, Білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы.

  34. Кеңес кезеңіндегі қазақ әдебиеті мен өнерін дамыту. Қазақ мәдениетін дамытудағы интеллигенцияның шығармашылық үлесі.

  35. Қазақстанның заманауи өнерінің негізгі тенденциялары мен бағыттары.

  36. Қазақстандағы қазіргі бұқаралық мәдениет.

  37. Жаһандану жағдайында қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселелері.

  38. Қазақстанның жастар субкультурасы және рухани моральдық, эстетикалық және діни құндылықтар мәселелері.

  39. Мәдени саясаттың генезисі мен принциптері. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

  40. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның мәдени шығармашылықтағы рөлі.

  41. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімнің культі.

  42. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.

  43. Мәдени туризмді дамыту және оның «Туған-ел», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастырудағы және іске асырудағы рөлі.

  44. Жаһандану контекстіндегі Қазақстанның білім беру мәселелері.

5 НЕГІЗГІ ОҚУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ



  • проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары;

  • оқу-зерттеу қызметі технологиялары;

  • коммуникативтік технологиялар (пікірталас, баспасөз конференциясы, батыл ми әрекеті, оқу дебаттары және басқа да белсенді нысандар мен әдістер);

  • кейстер әдісі (жағдайды талдау);

  • ойын технологиялары, бұл шеңбер аясында білім алушылар іскерлік, рөлдік, еліктеме ойындарына катысады;

  • ақпараттық-коммуникативтік (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

6 КЕҢЕС БЕРУ УАҚЫТЫ





  • оқытушының жұмыс графигі бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет