2.3- сур.Орнату барысында қатқыл дискте бөлім құру.
Create a Partition (сыймдылық бөлімін құру) бөлігінде қатқыл дискке максималды көлемде қатынау бейнеленген.С жүйелік бөлімі үшін: 10240 Мб (яғни 10 Гб) қалдырыңыз.Қалғанын D дискіне қалдырыңыз.
2.4-сур. Қатқыл дискте құрған бөлімдердің өлшем анықтамасы.
Бөлім тізімінде қайта құрылған бөлім С: бөлімі ретінде білдірілуі керек.Егер олай болмаса ,оны С: әрібі арқылы белгілеңіз және Enter түймешесін басыңыз.
2.5-сур. Windows XP орнатылуы жүзеге асатын бөлім.
Келесі диалогтік терезеде,жаңа бөлімде құру керек болатын файлдық жүйені таңдауға болады.Егер сіз диск бетінің сапалылығына күмәніңіз болмаса,қосқышты Format in NTFS File System (Quick)- (NTFS файлдық жүйесінің форматталған бөлімі) күйіне орнатыңыз,осылай сіз үнемдей аласыз.Ал егер күмәніңіз болса,Format in NTFS File System (NTFS файлдық жүйесінің форматталған бөлімі) күйін таңдаңыз.Бұл кезде форматтау барысында диск бетінде физикалық бақылау жүреді,және бүлінген («bad») блоктар қолданыстан шығады.Бөлімді форматтау аяқталғаннан кейін,файлдардың Windows XP Professional орнатқыш папкасына көшірілуі басталады.
Файлдардың көшірілуінен кейін компьютер қайта жүктеліп, орнатылуы графиктік режимде жалғасады.
Regional and Language Options (Аймақтық және тілдік баптау) (2.7-сур. қараңыз) диалогтік терезесінен,сәйкес аймақтық баптау таңдаңыз (тіл,уақыт пен күннің форматын,ақша бірлігін) және пернетақта құрылымын және Next (ары қарай) түймешесін басыңыз.
2.7-сур. Аймақтық және тілдік баптау терезесі.
Product Key (өнім коды) (2.8-сур. қараңыз) диалогтік терезесінде операциялық жүйе орнату үшін код енгізіп,Next түймешесін басыңыз.
Computer Name Add Administrator Password (компьютер аты мен администратор паролі) (2.10-сур.қараңыз) диалогтік терезесінде,компьютер аты (мысалы РС 001) және ұзындығы алты символдан аспайтын администратор паролін енгізіп,жалғастыру үшін Next түймешесін басыңыз.
Date And Time Settings (уақыт пен күнді баптау) диалогтік терезесінде,ағымдағы уақыт пен күнді енгізіп ,дұрыс сағаттық белдеуді таңдаңыз.Жалғастыру үшін Next түймешесін басыңыз.