Алып жатқан жері:Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың ұлысы яғни Сырдария алқабы. Арал теңізінің Солтүстік Шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Астанасы: Сығанақ. Халқы:Өзбек-қазақ деп аталды.
XIV ғасырдың екінші ширегінде Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды.
Хандары: Сасы –Бұқа –алғашқы хан.
Ерзен – Сасы Бұқаның баласы, оның тұсында шаһарлы орындар көркейе түсті. Сауда дамыды. Егіншілік аудандар қалпына келтірілді, қолөнер ісі дамыды. Ислам дінін нығайту мақсатымен мешіт, медреселер салынды. Ерзен хан өзіне тәуелді елдер шекарасын қатаң белгілеп, оны басқаруға өз руынан шыққан кісілерді қойды.
Мүбәрәкқожа –Ерзеннің баласы. Ақ Орданы Алтын Ордадан бөліп алуға әрекет жасады. 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. Алтын Орданың ханы Өзбек пен Мүбәрәк ханның арасындағы күресте Мүбәрәк жеңіліске ұшырады да қырғыздар жері мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болды.
1354-1364 жж. 8 хан қаза тапты.
Ұрыс хан (Орыс) – Орда Еженніңұрпағы, мемлекетті нығайтты. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. 1374-1375 жылдары Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қолсы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырды. Бірақ Алтын Орда билеушісі Малайды жеңе алмайды. Осы кезде Әмір Темірдің күшейуінен сескенген Ұрыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне оралады. Хан өзіне көмектесуден бас тартқан Маңғыстау билеушісі Түй – Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп Ақ Орданы басып алуға жіберді, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Ұрыс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отыра алды.
Тоқтамыс- Алтын Орданы тәуелді етті 1379 жылы Тоқтамыс Ұрыс ханның ұлы Темір Мәлікті жеңіп, Сығанақты өз қолына алды. Осыдан кейін Әмір Темірге тәуелді болудан бас тартып оған қарсы әрекет жасай бастайды. 1380 жылы Мамай ордасын басып алды. 1381 жылы Әмір Темір Тоқтамыс әскерін талқандады. Тоқтамыс Сібірге қашып кетті. 1385 жылы Тоқтамыс тағыда күш жинап Кавказдағы Терек өзеннің бойындаТемірмен соғысты. Тоқтамыс тағыда жеңілді де Сібірге кетті. 1406 жылы Едіге Сібірге жорық жасап Тоқтамысты өлтірді.
Қойыршақ – Ұрыс ханның баласы, 1385 жылы Темірдің қолдауымен Ақ Орда ханы болды.
Барақ –Ұрыс ханның немересі. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. 1426 жылы Темір әскерін жеңіп, Сығанақты қайтарды. 1428 жылы қайтыс болды.
Әбілхайыр – Шайбани әулетінің ұрпағы. Ақ Орда жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ақ Орда өмір сүруін тоқтатты.