Xiy-xy ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер


Әбілхайыр хандығы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және хандықтың этникалық құрамы



бет4/4
Дата16.12.2023
өлшемі24,24 Kb.
#140087
1   2   3   4
Әбілхайыр хандығы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және хандықтың этникалық құрамы.
Дәріс мақсаты: Әбілхайыр мемлекетінің қалыптасуы, территориясы және этникалық құрамына талдау жасау.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Әбілхайыр хандығының құрылуы. Территориясы және халқы.

  2. Хандықдың мемлекеттік және әлеуметтік құрылымы.

  3. Хандықтың саяси тарихы

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Ақ Орданың ыдырауына байланысты Әбілхайыр хандығы құрылды. Әбілхайыр-Жошы ханнаң бесінші ұлы Шайбани ұрпағы, 1428-1468 жылдар аралығында хан болды.


Хандықтың алып жатқан аумағы: батысында – Жайық, шығысында - Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде – Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы.
Халықтың этникалық құрамы: қият, маңғыт, өкіреш найман, үйсін, қоңырат, т.б. тайпалардан, негізгі үш халықтан – шайбаниліктерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрды. Барлығы Әбілхайыр ханығы 92 ру-тайпадан тұрды. Түркітілдес тайпалар болды.
Деректер: тарихшы Рузбиханның жазбалары арқылы қалды.
Әбілхайырдың жорықтары: 1430 жылы Әбілхайыр Тобыл өзенінің бойында Шайбани әулеті Махмұд Қожаны талқандады. Отызыншы жылдың басында Махмұд хан мен Ахмет ханды жеңіп, Орда – Базарды өзіне қосып алды. Бұл жеңіс үшін өз атынан ақша шығарды. Астананы Орда-Базарға көшіреді. 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңіп Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкектті басын алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын орталық етті.1446 жылы Самарқанды алды. 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңілді. Жеңілісін ішкі алауыздықтардан көрген Әбілхайыр қатал заң орнатып, мемлекетті нығайтуға тырысты. Өзіне бағынбай Жетісу жеріне ауып кеткен Керей мен Жәнібек сұлтандарды жазалау үшін жорыққа аттанды. Жорық кезінде Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде 1468 жылы қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұлысы немесе «көшпелі өзбек» деп аталған хандық тарих сахынасынан жойылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет