Xiy-xy ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер



бет1/4
Дата16.12.2023
өлшемі24,24 Kb.
#140087
  1   2   3   4

XIY-XY ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.



  1. Моғолстан және Ақ Орда мемлекеттерінің тарихы

Дәріс мақсаты: Моғолстан мен Ақ Орданың қалыптасуындағы тарихи факторларды анықтау. Моғолстан тарихындағы дулат тайпаларының рөлін анықтау. Моғолстанның ішкі және сыртқы саясатын талдау. Ақ Орданың сыртқы саясатының тарихи маңызын саралау. Орыс ханның жорықтарын талдау.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Моғолстанның құрылуы, территориясы, халқы.

  2. Ішкі және сыртқы саясаты.

  3. Ақ Орда мемлекеті, территориясы, халқы.

  4. Ақ Орданың ішкі және сыртқы саясаты.



Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
XIVғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет. Алып жатқан аумағы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан. Астанасы: Алмалық. Этникалық құрамы:дулат, қаңлы, үйсік, арғын, барлас, бұлғашы,т.б. Басқару жүйесі: мемлекетті - хан, тайпаны – ұлысбегі басқарды.
Хандары: бірінші ханы, дулат тайпасынан шыққан. Поладшы басқарды. Ол хан тұқымы болмақандықтан Шағатай ұрпағы 16 жасар Тоғылық – Темір 1348 жылы Моғолстан ханы болды.
Тоғылық Темір – Мәуеренахрдың едәуір бөлірін жаулап алды. Ісләм дінін тірек етті, қарсы шыққандарды ауыр жазаға тартты.
Ілияс Қожа - 1365 жылы Мәуереннахрға жорық жасады. Шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болды. Бұл шайқасита Ілияс Қожа жеңіске жетті. Бірақ Самарқан түбінен Моғолстанға қайтып оралды, себебі халық қарсылық білдірді әрі індеттен аттары қырыла бастады.
Қызыр-Қожа оғлан - Тоғылық Темірдің соңғы ұрпағы. Дулат әмірлері Қомар ад – дин мен оның інісі Шамс ад - диндердің қолдауымен билік жүргізді. Дулат тайпасының әмірлерімен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салды.
XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бірнеше жорықтар жасайды. Жорықтардан Моғол хандығы әлсірейді. Ханды бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан әлсірейді.
Қызыр Қожа хан – Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.
Мұхаммед хан – (1408-1416жж.) Қызыр Қожаныңмұрагері. Темір ұрпақтары арсындағы тартысты пайдаланып, тәуелсіздікке қол жеткізді.
Шер-Мұхаммед – Қызыр Қожаның немересі Темірдің немересі Ұлықбектің қолдауымен таққа отырды. Ұлықбек өзіне тәуелді болуын талап етті. Оған Моғол шонжарлары қарсы болды.
Уәйіс – Қызыр Қожаның немересі Моғол шонжарларының қолдауымен таққа келді.
Есен-бұға –Уәйіс ханның баласы. Дулат әмірлерінің қолдауымен 1433-1462 жылдары хан тағыны келді. Есен-бұға тұсында Моғолстан жерінде алғашқы қазақ мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібекке Қозыбастан жер берді.
Абдар-Рашид – Уәйіс ханның баласы – Жүніс ханның немересі. Моғол хандығы ыдырады. Жетісу аймағы қазақ хандығының құрамына кірді.
Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі-XIII ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет