ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: «Алтын Орда мемлекеті: территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы»
Студенттің аты-жөні: Сақтаған Г.Е.
5в011400
Курсы ІІ, топ И (о)-16 к
Оқу түрі: күндізгі
Жетекші: Т.ғ.к., доцент Картова З.К.
Петропавл қ., 2018 ж.
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Алтын Орда мемлекетінің тарихи сахнаға шығуы
1.1.Алтын Орданың территориялық аумағы 5
1.2.Алтын Орданың этникалық құрамы 6
2. Алтын Орда мемлекетінің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайы
2.1. Алтын Орданың саяси тарихы 8
2.2.Алтын Орда мәдениетінің дамуы 14
2.3. Алтын Орданың ыдырауы 17
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер 20
Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар бойы мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің тарихи тәжірибесін объективті шындық тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу - отандық тарихнамаға жүктеліп отырған күрделі де маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта қол жеткізген ғылыми тұжырымдардың мемлекеттік идеологияны, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруына, егеменді еліміздің іргетасын нығайтуға, жалпы алғанда халқымыздың болашаққа деген сенімінің артуына қосар үлесі зор. Кең-байтақ еліміздің тарихы әлі де толығымен зерттелмеген. Соңғы онжылдықтарда тарихшылар зерттеулерінің пәні Қазақстан аумағында мемлекеттің дамуы болды. Мемлекеттің пайда болуын осы аумақта қазақ хандығының немесе Монғол империясы мен монғол мемлекеттерінің тууымен байланыстыру тоқтатылды. Тақырыптың өзектілігі: «Ел тарихы – жер тарихы. Жер тарихы – мемлекет тарихы». Біздің қазақ халқы «Тарих толқынында» қалыптасқан ұлт екендігіні анық. Бүгінгі таңда Алтын Орда мемлекетіне деген қызығушылық әлсіреген жоқ және оның тарихы көптеген елдерде бұрыннан зерттеліп келе жатыр. Алтын Орданың өзектілігі өте маңызды, ғылыми және тәжірибелік қызығушылыққа ие. Бірақ, Алтын Орданың өмірі мен тарихының көптеген саяси және күнделікті аспектілерін бағалауда әлі де қарама-қайшы пікірлер бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін ғылыми жұмыстар мен оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ тарихтың кеңінен таралған көрінісінде, Алтын Ордаға байланысты бірқатар қателіктер немесе қалыптасқан көзқарастар бар. Алтын Орда мемлекеті туралы тың деректер аз, сондықтан бүгінгі таңда зерттеп, зерделеп, тарихына тереңінен үңілу жас ұрпақ үшін өзекті мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |