Тақырып 1.1. Кіріспе.
XVII—XIX ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды. Сөйтіп, дәстүрлі бірыңғай ауыл шаруашылығына негізделген қоғамдық қатынастар индустриялы қатынастарға жол ашты. Соның нәтижесінде XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзінде индустриялы қоғам орнықты. Бүгінде қоғамдық дамуы артта қалған елдер де осы арнаға бет бұрып, мешеуліктен біртіндеп арылу үстінде.
Қазіргі дүниежүзі тарихы өзіне ғана тән сипатымен ерекшеленеді. Оның негізін жұмысшы табының және сонымен тығыз байланысты социалистік ілімнің орнығуы, конституциялық тәртіп пен демократиялық дәстүрдің нығаюы, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы және ұлттық қозғалыстың өрістеуі қамтиды. ХХ ғасыр бұрын-соңды болмаған тарихи оқиғаларға толы болды. Яғни, екі бірдей дүниежүзілік соғыс пен әртүрлі саяси бағыттағы революциялар осы ғасырдың үлесінде. Қазіргі дүниежүзі тарихы Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап күні бүгінге дейінгі оқиғаларды қамтиды. Бұл дәуірдің ең басты оқиғасы — ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде көптеген елдердің егемендікке қолы жетіп, өркениетті елдердің қатарына қосылды. Сонымен қатар отарлық империялар күйреп, олардың орнына жүзден астам жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Қазіргі дүниежүзі тарихы бұрын-соңды болмаған ғы- лыми-техникалық прогреспен сипатталады. Адамзат ядро мен ғарыштың, генинженерия мен кибернетиканың құпияларын ашты. Сан алуан технологиялық жаңалықтар адамзаттың хал-ахуалын едәуір жеңілдетті. Қазіргі уақытта әлемде болып жатқан оқиғалардан күнбе-күн хабардар болуға әр адамның мүмкіндігі бар. Дүниежүзілік қақтығыстар мен соғыстар әлемнің біртұтастығын дәлел- деуде. Ал ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері және шаруашылық, сауда, мәдени байланыстар дүниежүзі елдерін одан әрі біріктіре түсуде. Елдердің жақындығы және ғаламдық дамуы ғаламшар адамзаттың ортақ үйі де- ген көзқарасты көтеріп, тату көршілікті, өзара түсіністікті талап етіп отыр. Қазіргі кезде ядролық қару-жарақты игерген елдердің арасындағы бақталастық бүкіл адамзаттың өміріне қауіп төндіріп, үрей тудыруда. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын шеккен халықтар үшінші дүниежүзілік соғысты болдырмауға тырысып бағуда. Барлық шиеленістерді, дау-таластарды бейбіт жолмен шешуді көздейтін Біріккен Ұлттар Ұйымы өткен ғасырдың орта шенінде құрылды.
ХХ ғасыр терең қайшылықтар мен соғыстарға толы болғанымен, адамзаттың бірлігін бұза алмады. Әлем халықтары біріге отырып ғарышты игеруде, бейбітшілікті қолдайтын ұйымдар құру арқылы соғыс қаупіне қарсы шығып, дүниежүзілік экологиялық мәселелерді шешуге талпынуда. Халықтарды одан әрі жақындастыру үшін әр адамның пікірін, көзқарасын, құқығын құрметтейтін демократия, жариялылық, азаматтық және қоғамдық қатынастар барынша дамуы қажет. Оқулықтың негізгі әдіснамалық міндеті — әлемде орын алған оқиғалар мен құбылыстарды тарихи тұрғыда қарастыру. ХХ ғасырда дәстүрлі қоғамды жаңғырту теориясы, артта қалған елдерді батысеуропалық өркениетті елдер деңгейіне жеткізу ең өзекті мәселеге айналды. Сондай-ақ бұл оқулық Еуропа, Америка, Азия және Африка сияқты өркениетті аймақтар тарихының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму тарихымен таныстырады.
XX ғасырдың басында саяси биліктің екі түрі — монархиялық және республикалық билік дамыды. Тарихта монархияның екі негізгі түрі — абсолюттік және конститу- циялық формалары белгілі. Абсолюттік монархия монархтың бүкіл билігінің, оның құзырының шексіздігін білдіреді. Конституциялық монархияда мемлекет басшысының (монарх, король, император) билігі шектеулі. Мемлекеттегі жоғары билік мұндай жағдайда екі субьектіге — монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (пар- ламентке, кеңеске) тиесілі болады. ХХ ғасырдың басында республика түріндегі демокра- тиялық және саяси құрылымдар қалыптаса бастады. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басқарудың республикалық формасы Америка Құрама Штаттарында, Францияда, Швейцарияда және Сан-Маринода қалыптасты.
ХХ ғасырдың басында буржуазия мен пролетариаттың индустриялы қоғамның негізгі әлеуметтік таптарына айналуы түбегейлі аяқталды. Пролетариат қуатты әлеуметтік тапқа айналды. Өнер- кәсіптік төңкеріс сауатты және білікті жұмысшылардың қажеттігін айқындады. Жұмысшылар жекеменшігі болмағандықтан, өз еңбектерін сатудың есебінен күн көрді. Экономикалық жағдай ауыр болды. Өздерінің ма- териалдық талаптарын жүзеге асыру үшін жұмысшылар кәсіподақтарға біріге бастады. Батыс Еуропа елдерінде және Америка Құрама Штаттарында жұмысшылардың экономикалық мүдделерін қорғаушы ұйымдар —кәсіподақтар саяси партияларға қарағанда әлдеқайда ер- терек пайда болды. Алғашқы кәсіподақтар Англияда құрылды. Бастапқыда олар өзара көмек көрсету қоғамы болатын. Кәсіподақтар өз мүшелерінің қаражаты есебі- нен ақша қорын жасады. Жұмысшыларға ауырған кез- де, жұмысынан шығып қалған уақытта, ереуіл кезінде жәрдемақымен көмек көрсетті. Капиталистік қатынастардың дамуы жұмысшылар санының артуына және кәсіподақтар қозғалысының нығаюына алғышарт болды. Цехтық кәсіподақтар бірте-бірте өндірістік ұйымдарға айналды. Ұлттық кәсіподақ орталықтары, жұмысшы- лардың халықаралық федерациялары құрылды. Жұмысшылардың өз мүдделері үшін күресі бұқаралық жұмысшы қозғалысын тудырды. Ол ХIХ ғасырдағы Еуропа өмірінің жаңа айқындаушы факторына айнал- ды. Жұмысшылар теңсіздік пен қанаудың себептерін капиталистік жекеменшіктен көрді. Осыған байланысты барлық меншік иелерін жұмысшылар өздерінің тап жаула- ры деп қабылдады. Олар еңбекшілердің татулығын, ортақ байлықты иеленген қоғамды армандады. Революциялық социализм идеялары жұмысшы қозғалысының сипатты белгісіне ие болды. ХIХ ғасырда пролетариаттың мүддесін көздейтін жаңа идеялар қалыптаса бастады. Марксизм осындай ілімдердің бірі болды. Оның негізгі ережелерін К. Маркс пен Ф. Эн- гельс жасады. Марксизмнің әлеуметтік теориясының негізін тарихи дамудың қозғаушы күші — таптар мен тап күресі теория- сы құрады. Тарих сахнасынан қанаушы таптар өз еркімен кетпейді. Тек таптар күресі мен қаналушы бұқараның қақтығыстары нәтижесінде ғана капиталистік құрылысты жоюға болатын еді. Социалистік революцияның нәтижесінде буржуазия- ның мемлекеттік аппараты талқандалды да, жұмысшы таптың саяси үстемдігі орнады. Қанаушылардың қар- сылығы басып-жаншылды, қанаудың негізі болып табылатын жекеменшік жойылды. К. Маркс пен Ф. Энгельс саяси билік пен үстемдікті қолға алу үшін жұмысшы табы өз саяси партиясын құру керектігін атап көрсетті. ХIХ—ХХ ғасырлар тоғысында марксизм большевизмнің тәжірибесі негізінде айтарлықтай жаңаланды. К. Маркс пен Ф. Энгельс Батыс Еуропа тәжірибесін есепке ала отырып, социалистік революция бастапқыда экономи- касы дамыған елдерде жеңеді деп түйіндеген еді. В. И. Ленин революцияның артта қалған индустриалы-аграрлы елдерде, соның ішінде, Ресейде жеңуі мүмкін екендігі туралы қорытынды шығарды.
Ұлы державалардың қарсыластығы, олардың империялық шамдануы Еуропада милитаристік жағдайды күшейтті. Милитаризм әскери шығындарды және әскер санын арт- тырып, соғыс техникаларының дамуына мүмкіндіктер ашты. 1881—1914 жылдары Еуропа әскерінің саны екі есеге артты. Болат қорытудың жаңа тәсілдері артил- лериялық қаруларды, қуатты соғыс кемелерін, танкілерді, оқатарларды, оқпанды мылтықтарды өндіруде жол ашты. Соның нәтижесінде американдық Максим Х. Стивенс (1884 ж.) жасаған алғашқы оқатарлар пайда болды. Солдаттар мен әскери техникаларды тасымалдау қа- жеттігі теміржол құрылысын қарқынды дамытты. Мили- таризациялау “әскерде қызмет ету — әркімнің міндеті” деген қоғамдық көзқарастан алыстап, “жастардың қасиетті борышы” деген пікірді қалыптастырды. Халық әскери киім киген адамға құрметпен қарады.
Еуропа қоғамының бүкіл жіктері мили- таристердің жақтастары болған жоқ. Ұлыбритания, АҚШ және басқа да елдерде соғысқа қарсы пацифистердің (лат. pacificus — татуластыру) қозғалысы қалыптасты. Пацифистер соғыс атаулыға түбегейлі қарсы шықты. ХIХ ғасырдың 80-жылдарының соңы мен 90-жылдарының басында пацифистік қозғалыс кеңінен қанат жайды. Ұлтшылдық. Нәсілшілдік. Ұлтшылдық ХХ ғасырдың саяси ағымына айналды. Ұлттық мемлекеттердің ор- нығуы негізгі ұлттың маңызын арттырды. Ұлтшылдық өз ұлтының басқа ұлттан артықшылығын айқындады. Ұлыдержавалық ұлтшылдық саны аз ұлыстардың, аз шылық ұлттардың мүдделеріне қысым жасауға барды. Еуропадағы ұлттық төзбеушіліктің бір түрі — антисемитизм (еврейлерге дұшпандықпен қарау) еді. ХIХ—ХХ ғасырлар тоғысында антисемитизм қуатты саяси әдіске айналды. Бірқатар мемлекеттер еврейлердің қарапайым құқықтарын мойындаудан бас тартты.
Достарыңызбен бөлісу: |