Америка буржуазиялық революциясының басқа еуропалық елдердегі революциясынан өзгешеліктеріне тоқталатын болсақ, Америкада Еуропадағы сияқты феодалдық қатынастардың тамыры тереңге жайылмады, мұнда тұрақты мемлекет болмады, американдық революция барысында американ ұлты қалыптасты, ал еуропалық революцияны қозғаушы плебейлер, қолөнершілер болған, Америкада ірі қалалар болмады, қозғаушы күші ауыл фермерлері болды. Америкада капиталистік қатынастар тез дами бастады. Ол үшін Америкада тағы да қолайлы жағдайлардың болуы, атап айтқанда батыс бос жерлерге қоныстану басталады, басып алынған жерлерде жаңа капиталистік фермерлік шаруашылықтар қалыптасты. Соғыстан кейін эмигранттардың келуі көбейіп кетті. Бұл тұрғындар санының өте тез өсуіне əкелді. Соның нəтижесінде жұмысшы күші жеткілікті болды. Соғыстан кейін Америка буржуазиясының жерді сатып алуы нəтижесінде капитализмнің қорлану үдерісі тез жүргізілді.