Жоспары: 1. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары 2. Тəуелсіздік үшін соғыс 3. 1787 жылғы Конституция
Солтүстік Америкадағы отарлардың негізі Батыс Еуропадағы буржуазиялық қатынастардың «алғашқы қорлану» үдерісінің пайда болуымен байланысты . ХVІ ғасырдан бастап отарлауды Испания, Франция, Англия, Нидерланды жүргізді. Олардың ішіндегі ең берігі ағылшын қоныстанушылары болды. Мұның себебі Англияның əскери қуаттылығы мен отарлау сипатымен де ерекшеленді. Англиядан «алғашқы қорлану» үдерісі өте қарқынды өтті жəне шаруа мен қолөнершілердің көп бөлігінің кедейшілік күйге түсуімен қабаттаса болды, Америкаға қоныстанушы адамдардың тасқыны көптеп кетті. Солтүстік Америкаға ағылшындардың алғашқы тұрақты қоныстануы 1607 жылы Виргинии аумағындағы Джеймс өзенінің сағасында болды. Қоныстанушылар алтын іздеді. 1620 жылы Код мүйісінің жағалауына Англиядан діни қудалаушылықтан қашқан пуритан тобын əкелген болатын. Олар Жаңа Англияның отарына бастама болған Жаңа Плимутты құрды.