Тəуелсіздік жолындағы күрес қарсаңында ағылшын жəне француздық ағартушылық идеологиясының əсер етуімен американдық ағартушылар пайда болды. Олар Т.Джефферсон, Уильямс, Хукер, Томас Пейн, Бенджамин Франклин болды. Американдық Ағарту Бенджамин Франклин (1706-1790 жж.) есімімен тығыз байланысты. Ол қоғам қайраткері, философ, жазушы, экономист, ғалым болды. Бенджамин Франклин үздік өнертапқыштар қатарынан ойып орын алады. Оның ең айтулы жаңалығы - найзағайды қуатын жоба. Франклиннің арқасында адамдар өмірі біршама қауіпсіз бола бастады. Ол сондай-ақ электр қозғалтқышын жəне электростатикалық 99 күштердің көмегімен айналатын «электр доңғалақтың» нұсқасын ортаға салды. Франклин ең алғаш рет оқ-дəріні жару үшін ұшқынды пайдаланды, кейінірек тербелмелі орындықтың патентін де бірінші болып иеленді. Бұл ғалымның əлемдік ғылымға қосқан өзге де жаңалықтары жетерлік.