Xx ғ. Басындағы Қазақстанның мәдениеті


ХХ ғасыр мәдениетінің өкілдері



бет2/6
Дата23.01.2023
өлшемі364,89 Kb.
#62384
1   2   3   4   5   6

ХХ ғасыр мәдениетінің өкілдері


Аты-жөні

өмір сүрді

Туған жері

шығармалары

Үкілі Ыбырай Сандыбай ұлы

1896-1930ж

Көкшетау облысы

әндері: «Гакку», «Жиырма бес»,»Көкше» т.б

Дина Кенже қызы Нұрпейісова

1861-1955ж

Батыс Қаз обл. Жаңа қала ауд

Күйлері: «Бұлбұл» «Байжұма» «Жеңіс» т.б

Халық артисі

Естай Беркімбай ұлы

1868-1943ж

Павлодар обл. Екібастұз ауд

әндері: «Құсни-Қорлан», «Хорлан» «Майда Қоңыр» т.б

Балуан Шолақ(Нұрмұхамбет Баймырза ұлы)

1864-1919ж

Ақмола обл .Еңбекшілдер ауд

әндері: «Ғалия» «Көкшетау» «Желдірме» т.б

Атақты палуан, далалық цирк өнерінің негізін салушы.

Қали Байжанов

1877-1966ж

Павлодар обл. Баянауыл ауд

Қазақ халық әншісі

Кенен әзірбаев

1884-1976ж

Жамбыл обл. Қордай ауд

«Ой Жайлау» «Көк шолақ»» «Бозторғай» т.б әндер

150 ге жуық әні бар

Мәриям Жагор қызы

1887-1950ж

Ақмола обл. Қорғалжын ауд

«Дудар-ай»

Қазақ жігіті Дүйсенге арнап жазылған

Әміре Қашаубаев

1888-1934ж

Шығыс Қаз. Абай ауд

1921ж Парижде бүкіл д.ж фестивалінде 2-орын алған әнші, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы

Майра Уәли қызы Шамсутдинова

1896-1929ж

Павлодар

«Майра» «Бақша» «Ертіс» т.б әндері

Кәзір Майра атында әншілер байқауы өтеді

ХХ ғ. қазақ әдебиеті

  • ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi.

ХХ ғ. қазақ әдебиеті

  • Сәбит шағын сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет