Xx ғ. Басындағы Қазақстанның мәдениеті



бет4/6
Дата23.01.2023
өлшемі364,89 Kb.
#62384
1   2   3   4   5   6

Мұхтар Әуезов

  • 1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.
  • 921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.
  • Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.
  • Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
  • 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.

Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер мекемелері

  • Бүгінгі таңда республикамызда 147 мұражайлар мен әр саладағы мұражай-қорықтары істеуде. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының жолбасшысы болатын 3495 кітапхана қызмет көрсетеді.
  • Республикамыздың астанасы – Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ондағы жиынтықта тарихи мұражай, қоғамдық кітапхана, концерттік зал бар. Қазақстан Республикасының алтын және бағалы заттар Мемлекеттік мұражайы, Қазіргі заман өнерінің мұражайы, Астана қаласының атақты жазушы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Тамғалы шатқалындағы бірегей петроглиф және археологиялық жиынтықты қорғау мақсатында Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы «Тамғалы» құрылды.
  • 2004 жылдың шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының құрылысы аяқталды.
  • Қазіргі таңда кітапхана толықтырмалармен айналысуда, өз қорын жинақтауға және кітапхананың web-сайтын жасауға кірісті. Айтып өту қажет, республикамыздағы кітапханалық жұмыстар соңғы технологиялық инновациялардың әсерімен жүзеге асуда. Кітапханалар әлемдік ақпараттық жүйені қамтуда, электронды қолданушыларды мағлұматтық базаға енгізуде.
  • Кітапханалар жазба ақпараттарымен қоса, аудио-видео кассеталарды және СD шағын-дискілерін, электронды және web-мағлұматтарын тыңдауға мүмкіндік бар. Бірлескен жүйелер ұйымдары құрылуда. Оған мысал Қазақстандық бірлескен каталогиялық Орталықтың жұмыстары, оның мүшелері еліміздегі 14 кітапхана, ол ресей-қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» жобасы, оның мақсаты жалпы мағлұматтар базасын құру, біркелкі қолдану интерфейсті барлық топтамаларға кіруге мүмкіндігі бар электронды құжаттарды құрау.
  • Ақпараттық білімді, мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын ары қарай дамытудың мақсатында Қазақстанның археологиялық және этнографиялық Мемлекеттік мұражайын, Абылайхан атындағы тарихи-этнографиялық жиынтықты құру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ «Ыссық», Шығыс-Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданындағы ауданындағы «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы жасалынуды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет