Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайда-сынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайда-сынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.
Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл бай-лықтары земство мүлкіне саналу.
уақыты
Өткен жері
Қаралған мәселелері
1917 ж. 27 сәуір – 7 мамыр
Қазақтардың Семей облыстық съезі
Автономия құру. Ресейдегі ұлыстардың еркіндігі, теңдігі және ерекшелігігне қарай қайта құру мүмкіндігі.дала генерал-губернаторлығы және приставтар, урядниктерді тарату.
1917 ж сәуір
Қазақтардың Жетісу облыстық съезі
Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, босқындарды Қытайдан қайтару, сот ісі, білім-ағарту ісі, аграрлық мәселе, өзін-өзі басқару
1917 ж 21-26 шілде
Орынборда жалпықазақ съезі
Мемлекетті басқару, автономия құру, жер мәселесі, білім беру, сот ісі, дін мәселесі, «Алаш» саяси партиясын құру, оның бағдарламасын жасау, халық милициясын құру, Қытайдағы 83 мың босқынды қайтару
1917 ж мамыр
Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі
Соғысты тоқтату, ұлттық-аймақтық федерациялық негізде демократиялық республика құру, мұсылман әйелдерінің ерлермен тең құқылы болуы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалың малға тыйым салу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру.
1917 ж өткен съездер
Дерек: автормен құрастырылған
уақыты
Өткен жері
Қаралған мәселелері
1917 ж. 17-20 қыркүйек
Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезі
«Иттифок-и-муслимин» (Мұсылмандар одағы) па құрылды. 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, салық мәселесі қаралды. Түркістан Федерациялық республикасы парламенітік республика негізінде құрылуға тиіс болды.
1917 ж. 22 қараша
Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше 4 съезд
Түркістан автономиясы құрылды. Ислам мемлекеттік дін деп жарияланды.
1917 ж. 5-13 желтоқсан
Орынбордағы жалпықазақ съезі
Территориялық-ұлттық автономия құру, Қазақ облыстарының автономиясына Алаш атауын беру. Автономиялы Алаш облыстарының территориясын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау. Алашорда уақытша Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау.
1918 ж. 21 наурыз-3 наурыз
Орынбордағы Кеңестердің Торғай облыстық І-съезі
Қызыл Армия бөлімдерін құру. Жергіікті өкімет органдары туралы. Жер және азық түлік мәселесі.
1918 ж. наурыз
Кеңестердің Ақмола уездік съезі
Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдау.
1918 ж. 20 сәуір – 1 мамыр
Ташкенттегі Түркістан өлкесі кеңестерінің 5-съезі
Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасы жарияланды. Республика құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кірді.