Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерістен кейінгі Қазақстан (1917 ж. наурыз-қазан)
Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді.
Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/modern/maps/
Съездер және қаралған мәселелер
Уақыты
Қаралған мәселелер
Өлкелік съезд
1917ж. 15-22 қараша
Ташкент
Түркістан өлкесінде жаңа үкімет-Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орнағанын жариялады.
Кеңестің 14 адамдық құрамы жарияланды.
Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
Уақыты
Қаралған мәселелер
Торғай облыстық I съезі
1918ж. 21 наурыз
Орынбор
Қызыл Армия бөлімдерін құру
Жергілікті үкімет органдары туралы шешім қабылданды
Жер және азық мәселелері
Съезд қаулысымен Алашорданың Орынборда шығарылып тұрған орталық органы – «Қазақ» газеті жабылды.