көбінесе буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүддесін қорғады.
үкіметтің дамуға бет алған жолы: реформашыл жолмен капитализмді дамыту.
үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағытталған шешімінің бірі: 1917 жылғы 20-наурыздағы азаматтардың дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешім.
империялық саясатты қайта қарау жағдайындағы Уақытша үкіметтің шаралары: «Қара жұмысқа» алынған шаруаларды қайтару.
1917 жылы Қазақстанда Уақытша үкімет органдары да құрылды. Ә.Бөкейханов Торғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары болып істеді.
1917 жылы наурыз, сәуірде жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Жекелеген қалаларда қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды.
Қос үкімет Тыл жұмысындағылардың оралуы
Уақытша үкімет 1917 ж. 5 мамырда тыл жұмысына алынған бұратаналарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдайды.
Тыл жұмысындағылар ауыр жағдайға байланысты ереуілге шықты. Барлық жерде тыл жұмысшыларының орыс солдаттарымен одағы нығая түсті.
Тыл жұмысшылары Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.
1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы адамзаттық мұраттарды-бостандықты, халықтардың кеңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
Ресейдегі Ақпан буржуаз-демократиялық төңкерісі
Монархия құлады
Қос үкімет
Уақытша үкімет
Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері
Дерек: автормен құрастырылған
Уақытша үкімет реформистік жолмен капитализмді дамыту
Ә.Бөкейхан –Торғай облысынан;
М.Тынышбаев – Жетісу облысынан;
М.Шоқай – Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болды.
1917 жыл 18 наурыз- "1916 жылғы көтеріліс кезінде казақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы" қаулы.
• 1917 жыл 20 наурыз- "Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы" қаулы.
Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірдс құрылды.
•1917 жыл 5 мамыр — "Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы қаулы.
•1917 жыл 8 қыркүйек — "Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 1 млн. 150000 сом болу туралы" қаулы (5 млн. сомы - жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы- орыс халқына).
Дерек: автормен құрастырылған