Xx ғасырдағы Қазақстан



бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі6,5 Mb.
#52118
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция. ХХ ғасырдағы Қазақстан

6 ҚАЗАҚСТАН – ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ


6.1 Қазақстанның қоғамдық саяси және мәдени өмірі
6.2 Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалар
6.3 Қазақстанның сыртқы саясаты

6.1 1991 ж. 10 желтоқсанында Н.Назарбаев Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы Парламент қабылдаған заңға қол қойды.


1991 ж. 12 желтоқсанында Президент «1986 ж. 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау жөніндегі» жарлыққа қол қойды.
Ал 1991 ж. 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
Қабылдаған құжаттың 1-бабында Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Ол өз территориясында барлық өкімет билігін толығынан қолданады. Ішкі және сыртқы саясатты өз еркімен жүргізеді, республика барлық мемлекеттермен халықаралық құқық принципі негізінде қарым-қатынас орнықтырады. Қазіргі бүкіл Қазақстан территориясы біртұтас бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды.
Заңның 2- тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, шыққан тегі, әлеуметтік және дүние мүліктік жағдайына, айналысатын ісіне, тұрған жеріне қарамастан құқылар мен міндеткерліктерін пайдаланатындығы атап көрсетілген. Егемендіктің бірден бір иесі және мемлекеттің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика территориясын тастап кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын жергілікті халықтың өкілдеріне сол елдің заңына қайшы келмесе қосазаматтық алу құқы берілді: жаппай қуғын-сүргін жылдары зорлықпен ұжымдастыру кезінде, адамгершілікке қайшы саяси акциялар нәтижесінде республика территориясынан қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды.
Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі мәдениетімізді, дәстүр мен тілімізді қайта жаңғыртып дамыту. Қазақстанда өмір сүруші қазақ ұлты мен басқа ұлт өкілдерінің ұлттық қадір-қасиетін нығайту болып табылады.
3-тарауда Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. Қазақстан Республикасы және оның атқарушы өкіметінің басшы сы Президент болып табылады.
Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экокнмикалық негіздеріне анықтама берген 4- тарауда, оның тәуелсіз мемлекет статусына сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйенің болатындығы атап көрсетілген. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістіктері, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи байлықтары, экономикалық және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының күмәнсіз меншігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды, ол тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттігін нығайту үшін іс-шаралар қабылдайды. Республиканың төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге қандай да бірараласу оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сұққандық болып бағаланады.
Осы күннен бастап Қазақстан заң жүзінде егеменді мемлекет ретінде өмір сүріп келеді.
Қазақстан басшылығының алғашқы міндеттерінің бірі мемлекеттіліктің сипатын анықтау және оның заңдық негізінжасау болып табылады.
1992 жылдың бірінші жартысында саясат саласының маңызды стратегиялық мақсаттары айқындалды:
-егеменді мемлекетті күшті президенттік республика бағытында дамыту;
- демократиялық өзгерістерді тереңдетіп, көпұлтты қоғамды біріктіретін, жаңа саяси қайраткерлер мен лидерлерді қалыптастыратын көппартиялық жүйе құру;
- экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асырудың басты кепілі – елдің ішкі тұрақтылығын сақтау;
-Қазақстаннның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ететін көпжақты әскери-саяси және экономикалық одақтар құру;
-адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын бұлжытпай сақтау арқылы Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы саяси салмағын өсіру;
-Қазақстанның ыңғайлы геосаяси жағдайын оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына енуі үшін пайдалану.
Бұл жұмыс мемлекеттік рәміздердің заңдық негізін қалыптастырудан басталды. Жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1992 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңес жұмыс тобын құрды. 1992 жылдың жазында тудың 453 эскизі мен 42 жазбаша ұсыныстарын, әнұранның 51 әуендік және 132 мәтіндік нұсқаларын қарастырып, бұл топ өз жұмысын аяқтады.
Жұмысты қортындылай келе Жоғары Кеңес 1992 жылдың 4 маусымында өз шешімін қабылдады: суретші Шәкен Ниязбеков- Мемлкеттік Тудың авторы; сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов – Мемлекеттік елтаңбаның авторлары болып танылды.
Әнұранның әуені Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди жазған ескі нұсқада сақталды. Әнұранның мәтінін Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаевалар жазды. 1992 жылдың желтоқсанында әнұран ресми түрде бекітілді. 2005 ж. желтоқсанында әнұранның жаңа мәтіні қабылданды.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңдегі басты саяси міндет жаңа Конституция жобасын талқылау болды. Жоғары Кеңесте талқылаудан өткеннен кейін бірінші жоба 1992 жылдың маусымында бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, баспасөзде жарияланды, екіншісі – бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылдың қарашасында жарияланды.
Парламент пен қоғамда аса белсенділікпен талқыланған мәсәлелер мыналар еді: экономикалық мәселе (әсіресе меншік мәселесі), Қазақстанның әкімшілік-аймақтық құрылымы, мемлекеттік тіл, басқару түрлері, азаматтық алу мәселесі.
Меншік мәселесі. Конституцияның бірінші жобасында бұл мәселе бойынша «Қазақстан экономикасы меншіктің әркелкі түрлері – жеке, ұжымдық және мемлекеттік меншікке негізделеді» деп жазылды. Жобаның екінші нұсқасында меншіктің екі түрі – жеке және мемлекеттік меншік қана қалдырылды. Ұлттық оппозиция жердің жеке меншікке берілуіне үзілді-кесілді қарсы болды. Ерте заманнан қазақтардың жерлері қауымдық меншікте болды, ал жерге жеке меншік енгізген жағдайда халықтың басым бөлігі жерінен айырылады деген дәлелдер келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет