Xx-xxi ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың Қазақстандық жастардың құндылыұтық жұйесіне әсері



бет3/5
Дата30.01.2023
өлшемі193,21 Kb.
#63767
1   2   3   4   5

готтар

  • Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика – ХХ ғ. 70-жылдары панктермен қатар пайда болған топ. Олар панктерге өте ұқсас тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері болып, ол жастардың қызығушылығын туғызды. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, хрестиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп,ал бет-әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды

Панктер

  • Күнделікті қоғам өмірінен, әлеуметтік қалыпты құбылыстардан түңілген, саяси оқиғаларға наразы, «болашақ жоқ» деген көзқарасты ұстанушы адамдардан құралған, анархистер – панк субмәдениеті. Олар өмірден қажыған, зарыққан, болашаққа деген сенімдерін жоғалтқан топтар. Алғаш ХХ ғ. 70-жылдары Англияда болған экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды. Панктердің шаш үлгілері де ерекше болды. Олар төбе шаштарын ұзын қылып тігінен қатырып қояды. Лас, жыртық киімдерді кигенді ұнатады. Мінез-құлықтары өте есерсоқ, қоғамда өздерін ерекше көрсеткілері келіп, әртүрлі оқиғаларға тез ілігетін жанжалшыл топ. Панктер Кеңес Одағына 1979 жылдары жетті. Алғаш панктерге еліктеген рок-музыканттар қатарында музыкант Андрей Панов пен әнші Виктор Цой болды

ЭМОшылар

  • ЭМОшылар
  • Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды қнатады. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады [5]. Еліміздің де қала көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет