ІІ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТАРЫ АУЫТҚУШЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ 2.1 Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама
Зерттеудiң мақсаты: Жалпыға бірдей мектеп оқушылары және мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiнiң ерекшелiктерiн анықтау, эксперименталдық тұрғыда зерттеу.
Міндеттері;
1.Мінез – құлқы ауытқушы бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық өмірге қосу біздің алдымыздағы маңызды қоғамдық міндеттердің бірі.
2. Сонымен қатар баланың отбасысына, өз тұлғасына, мінез – құлқына, қарым – қатынасына қарай мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар балаларды алға қарай тартыу.
3.Медициналық, педагогикалық, мәдени, әлеуметтік көмек көрсетіп, әр түрлі психологиялық әдістерді қолдану арқылы өмірге бейімдеу.
4. Жасөспірімдердің, ата - аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып оқушылардың тұлғасы, қарым – қатынасы, өзін - өзі бағалауы мен мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағдарламаларын құру;
5.Жасөспірім тұлғасының және қарым – қатынас, өзін -өзі бағалауы, мінез – құлқының дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін, балаларда тиімді қарым - қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға, қақтығыстарды шеше алуға, стрессті жеңе білу және жағымды , барабар түрде өзін - өзі бағалауын дамытуға, салауатты өмір сүруге бағытталған психотехникалық тәсілдерді ұйымдастыру.
Зерттеу барысына Қызылорда қаласының №6 Арнаулы мектеп интернатының жасөспірімдері мен №12 орта мектептің 6, 8 сыныбының 12-15 жастағы жасөспірімдердің 90 сыналушысы қатысты. Жалпы қыздар мен ұлдардың саны бірдей болды.
Жалпыға бірдей мектеп оқушылары мен мiнез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiн анықтауға байланысты келесi реттегi эксперименталдық әдiстемелер қолданылды:
Т. Дембо-С.Я.Рубинштейiн әдiстемесi өзiн-өзi бағалаудың ерекшелiктерiн зерттеуге бағытталған.
Эксперимент барысындағы Т. Дембо-С.Я. Рубинштейннiң өзiн-өзi бағалау әдiстемесiнiң негiзгi мәнi: ол сыналушы оқушының алдында жатқан таза ақ қағазға тiгiнен сызық жүргiзiледi. Сыналушыға: “Өзiнiң сыныбыңдағы барлық оқушыларды бойлары бойынша мына сызықтың бойына орналастыруға болады, – деп ұсынылады. Ең жоғарысына (экспериметатор өзi көрсетедi) бойы үлкен оқушыларды, ортасына – орта бойлы, төменгiсiне - өте қысқа бойлы оқушыларды белгiлеу болады. Қалай ойлайсың, мына сызық бойынша өзiнiң бойына сәйкес келетiн орын қайсы болып есептеледi?”, “Ендi өз досының орнын белгiле”.
Кейiннен бiрiншi сызықтан бiршама алшақ қашықтықта екiншi сызықты жүргiзiп сыналушыға, ұқсас тәсiлмен өзiн және жолдасын сабақ үлгерiмi бойынша бағалау ұсынылады. Осы тәсiлмен үшiншi сызықта ақылы бойынша өзiн, жолдасын және мұғалiмiн бағалауы қажет. Төртiншi тiк сызықтың бойында сыналушы өзiнiң және жолдасының мiнезiне баға бередi. Бесiншi тiк сызықта сыналушы бақыты бойынша өз орнын табуы тиiс (ең бақытты немесе ең бақытсыз).
Осыдан кейiн сыналушылармен бағалауларына байланысты сұрақ қойып әңгiмелесу әдiсi жүргiзiлдi. Сыналушыға, бойына байланысты сұрақтар қойылмайды тек нұсқауды дұрыс түсiндiру үшiн енгiзiледi. Үлгерiмiне байланысты сыналушыға: “Сен қалай оқисың?”, “Сен қандай бағаларды аласың?”, “Сен үшiн қандай сабақ сәттi болып саналады?”, “Қандай сабақ сәтсiз болып саналады?”- деген сұрақтар қойылады. “Ақылын” бағалауға қатысты сыналушыдан ақылы және оның кемшiлiктерi неде көрiнетiндiгiн сипаттауын сұрадық. Неге ол өз жолдасын өзiнен жоғары (төмен) қойды.
Кейiн сыналушының өз мiнезiн бағалауына келгенде келесi реттегi сұрақтарды ұсындық: “Сенiң мiнезiң қандай?”, “Сен неге олай ойлайсың?”, “Сенiң мiнезiңнiң қандай жақсы және жаман қасиеттерi бар?”- деген сұрақтар қойылды. Сыналушының бақыты жайлы бағасына келгенде: “Сен өзiндi бақыттымын, - деп санайсың ба?”, “Әлде бақытсызбын, - деп ойлайсың ба?”, “Неге?”, “Бақытты болу үшiн саған не жетiспейдi?”- деген сұрақтар қойылды.
Бағалаудың ерекшеліктері мен тәсілдерін түсіну үшін эксперимент барысында әрбір баламен сұхбат өткізілді.
Алынған мәліметтерді Дембо-Рубинштейн әдісімен ары қарай өңдеген кезде А.В.Захарова көрсеткен өзін-өзі бағалаудың компоненттерінің сипаттамалары қолданылады. Ол өзін-өзі бағалаудың эмоциялық компоненті деп баланың өзіне қанағаттануының өз мәндер аумағындағы өлшемін айтты: 0-ден 0,3-дейінгі -төмен, 0,3-тен 0,6-дейінгі -орташа, 0,6- дан 1,0- дейінгі -жоғары және теріс мағыналар аумағындағы таңдауға сәйкес өзіне қанағаттанбаудың бір деңгейі.
Бірінші топқа берілген қасиеттердің көп болуымен өзін қабылдаудың жоғарғы деңгейін көрсеткен және өзін-өзі бағалау үшін өздерінің ерекшеліктеріне жатқызатын қасиеттері мен қабілетін таңдаған балалар енеді.
Екінші топқа ұсынылған қасиеттер бойынша өздеріне қанағаттануының деңгейі орташа болатын және өздері таңдаған шкала бойынша қанағаттануының деңгейі жоғары немесе орташа болатын балалар жатады.
Үшінші топқа ұсынылған қасиеттер бойынша өзін-өзі бағалауы төмен және өздері таңдаған шкалалар бойынша өздеріне қанағаттануының өлшемі әр түрлі болатын балалар енеді.
Өзін-өзі бағалаудың когнитивтік компоненттінің көрсеткіштері: оның шынайылығының өлшемі, негіздеу тәсілдері - өз тәжірибесін немесе өзін-өзі бағалау жағдайын талдауға сүйену, өзінің немесе айналасындығылардың пікіріне сүйену, эмоциялық қалауларына бет бұру, өзін-өзі бағалауда рефлексифтіліктің болуы немесе болмауы.
Рефлексивтілік проблема түрлерінде жиі пайдаланылатын, терең және жан-жақты мазмұнды өзін-өзі бағалау ойы ретінде қарастырылады.
Бала өзінің ерекшеліктеріне, жетістіктеріне сәйкес келетін ойларын жүзеге асыратын, бағалауды сараптай алатын өзін-өзі бағалаулары өзін-өзі шынайы бағалаулар деп ұғынылды.
Оқушылардың мінез-құлық ауытқуларының алдын алуының психологиялық жағдайларының құрылу жүйесінде психологиялық қызметтің орны ерекше. Психологиялық қызметтің мақсаты: әрбір оқушының сенімді психологиялық қорғанысын, оның өз мінез-құлқын өзгертуге тиісті екенін мойындатуға, жағымсыз тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастардағы кемшіліктерін тузетуге ұмтылыстарын калыптастыру болып табылады.
Жағымсыз тұлғалық қасиеттер мен бейімделудегі ақауларды психологиялық тұрғыдан түзету. Жұмысты ұйымдастыру барысында жас ерекшелік дамуының негізгі талаптарын міндетті түрде ескеру қажет. Бастауыш және орта жеткіншек жасындағы жеткіншектермен жұмыс істеген кезде олардың өз-өзіне сенімділігін тудыруға, өздерінің мінезін, мүмкіншіліктері мен қабілеттерін және т.б. біртіндеп түсінуіне ықпал ету керек.
Бұл жас кезеңі жасөспірімдердің өзіне сенімділігін, өзіндік намыс сезімін дамытуға және бекітуге қолайлы уақыт болып табылады [58.11]. Ал үлкен жасөспірімдермен жұмыс жасаған кезде олардың айналасындағы адамдарға қарым-қатынасы деген дамытуға, қарым - қатынастары мен тұлғааралық қатынастарының мотивтерін талдауға ерекше мән берген жөн.
Өмірдің мағынасын түсінуіне, уақыт жоспарын жасай білуіне, кәсіпті таңдауға қабілетіліктерін меңгеруге үлкен назар аудару керек. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін жай ғана ескеріп қоймай, олардың мүмкіншіліктерін белсенді қалыптастырып, пайдаланып, ары қарай дамыту аса маңызды орын алады.
Жеке адам ерекшеліктері реабилитациялық процестің барлық бағдарламаларында ескерілуі қажет. Оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді мұғалімдердің осылайша зерттеп білуі оқу-тәрбие үрдісі барысында қойылған міндеттерді тиімді шешуге және тәрбие арқылы ықпал ету шараларының тиімдісін табуды жеңілдетуге мүмкіндік туғызады.
Л.И.Белозерова тәртібі қиын оқушылардың үш тобын атап көрсетті:
- Бірінші топқа өмірдегі болашағы мүлдем жоқ жасөспірімдер жатады. Олар айналысында болып жатқан құбылыстарға ешқандай
құлық танытпайды. Қалыптасқан келеңсіз өмір жағдайларының салдарынан олар ештеңеге сенбейді. Айналасындағылардың оларға деген қатынасы оларды қызықтырмайды, олар өздеріне деген қайырымды қатынасты тудыруға тырыспайды.
Оларға ойлау жұтаңдығы, ойлау құнтсыздығы, өзінің оқу еңбегін ұйымдастыра алмайтындығы тән болады. Олардың өзімшілдік ұмтылыстары, кейде өзін ұжымға ашық қарсы қоюы - оның ұжымнан мүлдем шектеліп, оның өмірінен тысқары қалуының нәтижесі. Басты міндет - бұл жеткіншектердің өмірге деген қызығушылығын ояту, өмірдің болашағын түсінуге көмектесу, салауатты ұмтылыстар мен мақсаттарды тудыру;
-Айналасында болып жатқан құбылыстарға, мұғалімдер мен тәрбиешілердің кез-келген талаптарына немесе өтініштеріне, әдетте дұрыс емес әрі төтенше реакция көрсететін жасөспірімдер екінші топқа жатады. Бұл топтағылар ұжыммен келіспеушілікте бола тұра, айналасындағыларға ортақ ережелер мен талаптарға қарсы өзінің пиғылдарын іске асыруға ұмтылады.
Басқа тәртібі қиын жеткіншектерге қарағанда, мінез-құлықты қалыптастырушы баршаға деген ызаны, дөрекілікті бұлардың бойын көбірек байқауға болады. Негізгі міндет - оларды айналасындағы құбылыстарды дұрыс түсініп қабылдауға үйрету, сондай-ақ, өз ниет-тілектерін тежей отырып, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігіне дағдыландыру;
-Мінез-құлқының тұрақсыздығымен және тез сенгіштігімен айрықшаланатын жасөспірімдер жатады. Олар құрдастарының жағымсыз да, жағымды да ықпалдарын оңай қабылдайды. Бұл топтың барлық жеткіншектеріне өз-өзіне сенімсіздік тән.
Кейбіреулері тұйық, ал кейбіреулері керісінше, мөлшерден тыс қарым-қатынас жасауға құштар болады. Олардың болашақты болжауға құлшынысын тудырып, қолдап, жағымды мінез - құлқын бекіте отырып, жасөспірімдердің еріктік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет.
Тұлғаны зерттеу мен коррекциялауға жеке-әлеуметтік тұрғыдан қарау,
жеткіншектерді қоршаған адамдармен қатынас жасау арқылы, өмір сүру
әрекетінің әр түрлі саласындағы құрдастарымен және ересек
адамдармен нақтылы қатынастарын анықтау арқылы тұлғаны зерттеуді
меңзейді. Мұндай көзқарас, өмірдің белгілі бір жағдайларының
жиынтығына — объективті түрде байланысты, ал бұл жағдайлардың
көрінісінің заңдылықтары ретіндегі, оның тұлғасының, өнегелі
дамуының, өмірлік мақсаттарының ерекшеліктеріне — субъективті түрде
байланысты болатын әлеуметтік дезадаптацияның салдары тәрбиелеуді
қиындатады деген ережеге сүйенеді.
Сонымен қатар, оқушылардың мінез-құлық ауытқуларын алдын алуының психологиялық жағдайында алдын алу аса маңызды рөл атқарады. Алдын алу — оқушылардың дамуындағы болатын сәтсіздіктердің алдын алуға, олардың психикасының дамытуға, нығайтуға бағытталған әрекет түрі [67.133].
Бұл әрекет білім беру ортасын, дамып келе жатқан тұлғаның ішкі қайталанбас жан дүниесінің шынайы әлемінің өзге субъектілермен өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін, әрбір баланың қабілеттік мүмкіншіліктерін анықтауға бағытталған және нақты жағдайларын ескере отырып жасалынады. Психопрофилактинаның ұйымдастырылу талаптары:
білім беру ортасында оқушылардың психологиялық дамуын нығайтуды және сақтауды қамтамасыз ететін барлық заңдылықтар мен өзара байланыстардың бір тұтас көрінуі;
оқушылардың дамуындағы жеке психологиялық ерекшеліктердің салдарынан болатын қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу;
оқушының кезекті жас кезеңіне өтуіне байланысты болатын қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу;
4) жүйкелік-психикалық күйді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу;
Алдын алу жұмыстары төмендегідей бағыттар бойынша жүргізіледі:
- оқушының дамуындағы болатын «дағдарыстардың» келеңсіз салдарының уақытында алдын алуды мақсат ететін бағдарлама;
- оқушылардың кейінгі өмірінде болатын оқиғалардың келеңсіз салдарының алдын алуды мақсат ететін шұғыл алдын алу бағдарламасы;
- оқушылардың келеңсіз тұлғалык қасиеттері мен қылықтарын алдын алуға бағытталған жеке бағдарлама;
Сондай-ак, оқушылардың мінез-құлық ауытқуларын алдын алу жүйесінде оку-тәрбие үрдісінің психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілуі маңызды болып саналады.
Жас адамдардың девианттық мінез-құлықтарының алдын алу шараларын ұйымдастырудың бірнеше бағыттары бар. Бұл бағыттардың әрқайсысы пайда болуы себебінің айрықша пікіріне сүйенеді.
Мұндай бағыттардың үшеуін атап айтуға болады. Ортаға тән бағыт адамдардың әлеуметтік қауымдастыққа енуіне және әлеуметтік ортамен байланысына қатысты себептерімен сипатталады, осыған орай девианттық мінез-құлықтың алдын алу дегеніміз баланың өмір сүруі ортасымен жұмыс жасауды білдіреді (тұрғылықты жеріне қатысты ашық социумның тәрбиелік ортасы - Л.С.Алексеева, Б.С.Алмазов Г.П.Бочкарева, З.В.Баеруная, А.Е.Личко; жасөспірім топтарымен жұмыс - И.П.Башкатов; баланың өмір сүруінің қолайлы ортасын қалыптастыруға кешенді тұрғыдан қарау - С.А.Беличева; әлеуметтік қадағалау теориясы - Ю.А.Клейберг және т.б.).
Екінші бағытты клиникалық-биологиялық деп атауға болады; оның жақтастары адам мінез-құлықына әсер етуші генетикалық ықпал жайлы, физикалық, психопатологиялық, экологиялық айғақтар жайлы айтады [68.16]. Мұндай жағдайда алдын алудың негізгі бағыты медициналық және психологиялық шаралар кешенін жүзеге асыру болып саналады (А.Адлер, А.Бандура, А.Басс, Л.Берковец, с:Джеффи, Н.П.Дубинин, Э.Уилсон, З.Фрейд, Э,Фромм, К.Хорни және т.б.). Бұл көзқарастың өкілдері түзету жұмыстарына көбірек көңіл бөледі.
Үшінші бағыт - девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік, биологиялық, психологиялық сипаттағы әсерлер жиынтығы салдарынан пайда болатынын түсіндіретін тұлғалық бағытта. Аталмыш бағыт өкілдері алдын алу шараларын тұлғаның өзімен жұмыс жасауды, адамның пайда болған мәселелерді өздігінен шешуі біліктілігі мен әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуін, топтық ықпалға қарсы тұруы мен келіспеушіліктерден жол табуын қалыптастыру жұмыстарын қарастырады.
Біз тұлғалық бағыт арнасындағы зерттеулерімізде алдын алу процесіне субъективті нұсқалық тұрғыдан қарауға негіздеме береміз, оның мағынасын белгілі бір уақыттағы жастар ортасында орын алатын нұсқалық бөліктерін, жасөспірімдердің жыныстық және жас ерекшеліктерін, олардың жалпы физикалық және психикалық даму деңгейін, нақты бір оқушының психикалық жағдайын, баланың өмір сүруі ортасының басқа нұсқаға, яғни оқушылардағы рефлексивтік ұстанымның қалыптасуындағы экзистенциалдық саланың дамуына қарағандағы ерекшелігін үйлестіру қажеттілігі құрайды [69.310].
Субъективті нұсқалық көзқарас алдын алу шараларына қатынасушылардың барлығын субъективті тұрғыда араластыруды, жасөспірімдердің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және талап - тілектерін ескеруді, олардың жағымды қасиеттеріне сүйенуді, оқушыларға қарым - қатынас жасауда, өзіндік белсенуі мен дамуындағы, өзін - өзі көрсетуіндегі қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды ұстанады.
Субъективті нұсқалық көзқарасты мектептегі алдын алу шараларын ұйымдастырудың негізі ретінде қарастыру арқылы біз жоғары сынып оқушыларында болатын өзара байланысқан екі жақты процес ретінде қарастырған девианттық мінез - құлықтың алдын алу шаралары жайлы жаңа ғылыми ілімге шықтық.
Қоршаған ортадағы әлеуметтікке кері ықпалдарды жоюға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайларды жасауды білдірсе;
Екінші жағынан - оқушылардың қалыптасуы тұрғысынан қарағандағы рефлексивтік ұстаным деп қарастырып отырған экзистенциалдық даму саласын білдіреді.
Қолайлы жағдайды жасау дегеніміз педагогтарға, ата-аналарға және басқа мамандарға нақтылы жағдайда ересектер мен жасөспірімдердің барынша аз уақыты мен күшін пайдалану арқылы неғұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралардың нұсқалық кешенін іске асыру.
Біз зерттеулерімізде жоғары сынып оқушыларының девианттық мінез-құлықтарының алдын алу шараларының нұсқалық кешені ретінде қоршаған ортадағы әлеуметтік кері ықпалдардың алдын алуға бағытталған, оқушылардың мінез-құлқындағы ауытқуларды барынша азайтуға және жас адамдардағы экзистендалдық саланың дамуына мүмкіндік беретін әдістердің, бағдарламалардың, ұстанымдардың жиынтығын түсіндіреміз.
Жоғары сынып оқушыларының девианттық мінез-құлықтарының алдын алу шараларының нұсқалық және тиімді кешенін таңдауда аталған жұмыстың теориялық - әдістемелік біртұтас негізіне сүйенген жөн болады.