38
Орта жүз Қыпшақ тайпасы Торы руы Бессары атасынан шыққан. Әкесі Тәжібай 1915
жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты
алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып
кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы
Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын
оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы
білетін сауатты,
көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет
үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық
көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл
адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп
отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған.
Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі
қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл
ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің
атақты ақын-жыршылары жиі
келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай
Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына
қуанып тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін
байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау
поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн
қосатын болған.[10]
Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше,
бірде-бір дәуірді дұрыстап
тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап
қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы
өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда
оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының
азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар
мақтанышы болып келген”, дейді.
«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер
бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді,
осы жерді қорғаған қайсар
жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
айтқандай,
2017 жылдың сәуір айында еліміздің тұңғыш президенті елбасы Н.Ә.
Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Біртұтас ұлт болу
үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды
тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.
Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. «Қазақстанның қасиетті орындары мен
кешендеріне» ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұралар, зайырлы және діни сәулеттің
айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сонымен қатар, Қазақстан халқының жадында
өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар
жатқызылды.Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі
маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ
ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси
өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.
Уақыт қисапсыз қазыналар көмілген құмға ұқсайды. Оларды тек ең табанды
қазына іздеушілер ғана таба алады. Әйтсе де, уақыт үздіксіз сырғитын құм. Қазір ғана көз
көріп тұрған
нәрселерді ғана ебін тауып, жасырып үлгіреді. Сырғыған сәттер, көзге
көрінбес құм қиыршығы іспетті. Дәл осы сәттің өзін уақыт жабыны ешқашан болмағандай
39
етіп, жасырып үлгіреді. Уақытты бәрін жалмап алатын құм деуге болады. Бұл уақытты тек
адам жады ғана бағына қоймас. Біздің өміріміз ғасырлар желінен пайда болатын құмдағы
сурет. Алайда уақытты жеңген халық жады Пайғамбарлар сөзімен, батырлардың
ерліктерін, тарихи тұлғалардың тағылымын сақтап тұр.
Халқымызда «Жақсының аты өлмейді» деген сөз бар. Қазақтың өркендеуіне,
тарихи тұрғыда қалыптасуына үлес қосқан жақсылардың көбі бүгінде арамызда жоқ. Ал
өткенге құрметтің өзі сол жақсылардың рухын құрметтеуден басталады. Елбасының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да қазақ даласынан
қыран құстай түлеп
ұшқан жақсыларды ұмытпау, оларға тиісінше құрмет көрсету,
сонымен қатар тарихты ұлықтау мәселесі айтылады.
Әрбір адам жеке тарих. Кезінде әлемдік рекорд орнатқан Ыбырай Жақаев, малшы-
лардың маршалы атанған Жазылбек Қуанышбаев, даңқты қызылшашы Мәрзия Ибраги-
мова сияқты қаншама Еңбек Ерлері қазақ топырағынан шықты. Сонымен қатар, Ағаділ
Сухамбаев, Баубек Бұлқышев, Абдолла Жұмағалиев сынды талай боздақ Отан үшін от
кешті.
Аманаттың салмағын,
парыздың қасиетін, борыштың сұрауын ұрпақтың бойына
дарыту, үрдісті үзбей, дәстүрді бұзбай келер буынға жеткізу – бүгінгі қоғамның
алдындағы қасиетті міндет. «Біздің заманымыз – өткен дәуірдің перзенті, келер заманның
атасы», деген екен. Қазақ тәуелсіздігі жолында күресіп өткен тарихи тұлғаларымыз біздің
ұлы бабаларымыз. Қазақ нағыз жуынгер, ержүрек, данышпан халық дейтін болсақ. Осы
игі қасиеттердің бүгінгі ұрпағына айтылуы өткен тарихында із қалдырған тұлғаларына
қатысты болар еді. Ешбір халық өткен тарихы мен бүгінінен сабақ алмай келешегін
кемелдей алмас. Тәуелсіздік - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл
қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Сол тәуелсіздікдіктің жаңа лебімен қазақ
тарихындағы ұлы тұлғалар мен ұлт интелегенцияларының есімі де жаңғырды.
Ал бүгінде аты ұмытылып бара жатқан жақсылар мен жайсаңдардың есімін қайта
жаңғырту, рухын қайта түлету бүгінгі ұрпақтың борышы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. С 95 “Сыр елі” Қызылорда облысы: Энциклопедия- Алматы: “Қазақ
энциклопедиясы” ЖШС, 2005. 536 б.
2. С 95 “Сыр елі” Қызылорда облысы: Энциклопедия- Алматы: “Қазақ
энциклопедиясы” ЖШС, 2005. 527 б.
3. Ж 22«Жалағаш жері-жыр кені» Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. 10 б.
4. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
5. Д 14 «Сыр перзенттері»- Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. 216 б.
6.
Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2011.
7. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ
энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
8. Байбот Кошым-Ноғай Серiкбайұлы. "Мұстафа Шоқай. Түркістаннын қилы
тағдыры". Алматы, "Жалын", 1992.
9. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
10. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.»
ЖШС, 2010 жыл