Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет173/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Қорытынды
Қорытындылай келсек,мен осы ғылыми жобаны зерттеу жұмыстары арқылы өзіме өте 
көп мәлемет алдым.Және тек ым ишара тілін ғана зерттеп қоймай оны ағылшын тілімен 
байланыстыра отырып зерттедім. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1.
Басова А.Г., Геранкина А.Г. Исторические данные об отношении сурдопедагогов к 
дактильной и жестовой форме речи в обучении глухих // Вопросы сурдопедагогики. 
— М., 1970. 
2.
Дактилология и мимика: В 5 ч.— Л., 1975—1979. 
3.
Гейлъман И.Ф. Изучаем жестуно: В 2 ч. — Л., 1980. — Ч. 1;Ч. П. — Л., 1982. 
4.
Гейльман И.Ф. Дактилология. — Л., 1981. 
5.
Геранкина А.Г. Практикум по дактильной речи. — М., 1972. 
6.
Димскис Л.С. Изучаем жестовый язык. Пособие для студентов дефектологических 
факультетов. — Минск: НМЦентр,1998. 
7.
Зайцева ГЛ. Дактилология. Жестовая речь. — М.: Просвещение, 1991. 
8.
Зайцева ГЛ. Использование жестовой речи на уроках литературы в вечерних 
школах глухих и слабослышащих. — Л., 1981. 


376 
САЯСИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ САРАПТАМАЛАРҒА КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ОҚУ БАҒЫТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ 
Өтепова Т.А., Кенжегулова Н.С. 
Тұран университеті 
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері, елімізде көптеген өзгерістер мен түрлі саяси-
әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар жайттар орын алды. Әр жағдайдың өзіндік белгілі бір 
орны мен мән-маңызы бар. Тәуелсіздік ұлы жолда, қиын-қыстау заманда ата-
бабаларымыздың қан төгісі мен қайтпас күшінің арқасында келгені барлығымызға аян. 
Сонау Желтоқсан көтерілісінен бастап, тәуелсіздік деп ұрандатып, халқым мен жерім 
деген азаматтар сөзсіз мәңгі есімізде қалары хақ. Елімізді басқа мемлекеттер мойындап, 
жер картасынан көріп, тани бастады. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, 
агроөнеркәсіп, телевизия мен радио салалары жетік дамып, бірнеше жылда Қазақстан 
өзінің орнын ойып аларлық дәрежеге жетті. Оның ішінде өзіміздің саламыз – 
журналистика саласы да жетістіктерге жетті. Республикамыздың қалалары мен ауыл-
аймақтарында телевизия арналары жұмыс істеп, халыққа хабар тарата бастады. 
Көліктерде қосылған радио арналары да аз емес еді. Бұқаралық ақпарат құралдары жан-
жақты ізденіс пен өзектілігін жоймайтын жолдарға түсе бастады [1]. 
Одан бері қарай біздің уақытқа шегерілсек, біршама өзгерістер орын алған еді. 
Мәселен, қазір бұрынғы кездегідей көп шұбыртып, оқырманның алдына бірнеше беттен 
құралған мақаланы ұсыну, былайша айтқанда «қателік» болып табылады. Өйткені, 
өздеріңіз біліп, аңғарып отырғандай, интернет әлемі бар қазір. Оның ішінде әлеуметтік 
желілер: телеграм, БАҚ-тың өзіндік жеке сайттары мен ресми парақшалары, твиттер, 
фейсбук, инстаграм, кейбір кезде тіпті whatsapp. Әрине қазір газет оқу қарқыны сайттан 
қарағанда бәсеңдеу. Өте бәсеңдеу. Оның өзіндік айтарлықтай себептері бар, білесіздер. 
Әрдайым қолда жүретін смартфон, оның ішінде болып жатқан жаңалықты әп сәтте оқи 
сала, пікір білдіріп кету ғажап қой?! Мәселен, өз басым жаңалықты бірінші болып 
телеграмнан оқимын. Телеграм әлеуметтік желісінде елімізде «жазады-ау» деген баспасөз 
құралдарының ресми парақшасына жазылып, өзіме керекті дүниені аламын және соған 
дән ризамын. Қазіргі таңда адамдарға жаңалықты беру қиындау. Мәселен, қоғамымыздың 
кейбір бөлігі жаңалықтың тақырыбын ғана оқып, өздеріне басқаша түйін шығарып 
жатады. Кейбірі соңына дейін оқымайды да жаңалықты және содан келіп «фейк» деген 
дүние шығады. Басқа біреуге жібереді, оқытады, сендіреді, қайта жіберткізеді. Былайша 
айтқанда жаңалықтың түп-негізі жоғалады. Сонымен қатар, жаңалықтың қандай бағытта 
болғанын да ескеру керек. Мәселен, қарапайым жаңалық, яғни пәлен жерде мынадай кісі 
үйін тартып алған адамдармен соттасуда десе, ол оқырманға қызық болмауы мүмкін (егер 
өзінің немесе жақындарының басынан дәл сондай жағдай өтпеген болса). Ал, егер де ол 
жаңалық өзекті, дәл қазіргі болып жатқан оқиға сарыны, оның ішінде саяси бағытта болса 
– онда өте қызықты болады. Себебі, қазіргі оқырмандардың көбісі тақырыпшаға 
жүгіретіні бәріне белгілі және актуалды болып тұрған мәселенің барлығын дерлік біледі. 
Бұл тұрғыда баспасөз өкілдеріне де қиынға соғады жұмыс істеу. Мәселен, жаз деген дүние 
бар, жазуға болмайды деп қатаң түрде ескертіп айтатын дүниелер де бар. Баспасөзге 
басымдық бермей, қоғам сенімі күшейметіні тағы бар. Қазақстанда алдымен экономика 


377 
мәселесі болуы керек, одан кейін ғана барып саясат деген ұғым өзінің мәнін жоғалтып 
алды. Қайта керісінше «сендер саясатқа жоламаңдар, саясатпен ойнамаңдар» деген 
тұжырым айналып келгенде саясатты да, экономиканы да, онымен бірге әлеуметтік 
ахуалды да, гуманитарлық саланы да тығырыққа әкеп тіреді [2]. Бұлай орын алудың да 
өзіндік себептері бар. Саяси алаңдағы ойын ережелері дұрысталмай, айқын әрі әділ 
болмайынша, басқа бағыттарда өрлемек түгілі, қолда бар дүниені солайша сақтап қалудың 
өзі қиын шаруа. Рухани жаңғыру кезеңінде саяси жаңғыру мәселесі дәл қазіргі уақытта өз 
жұмысын жақсы бастауда. Дәл сол мақсатпен дүниеге келген Ұлттық қоғамдық сенім 
кеңесінде де біраз тақырыптар қызу талқыланады. Әрине, жоғарыда отырған 
шенділеріміздің нақты іске тоқталып, мәселені шешіп қатырып жатпаса да, кейбір 
бағдарламалар өзінің ісін жүзеге асыруда. Халықтың сенімін жоғалтпас үшін, сол берілген 
уәде мен істің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету керек. Былайша айтқанда, 
халық елімізде қабылданып жатқан саяси шешімдерді біліп, одан қандай қорытынды 
шығып жатқанын біліп отыруы керек. Әзірше ұлттық кеңестің аяқ алысы жаман емес 
деуге болады. Оның ішінде атап айтқанда, саясатты демократияландыру жолында жүйе 
құраушы заңдарды қайта қарау бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Сайлау, саяси 
партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті өзін-өзі басқару, шерулер мен саяси 
ауқымды мәселелер кең талқыға түсті. Дегенмен, халық қалағандай толық түспесе де, 
белгілі бір жетістіктер бар. Әрине, осы заңнамалар әбден жетілдіріліп, дамығаннан кейін 
ертесіне қоғам бірден гүлденіп шыға салмайды. Алғашқы қадамдар ойдағыдай жасалынса, 
артынан екінші қадам, үшінші қадам, төртінші деп кете береді. Ең бастысы – жасау және 
әркімге жүктелген міндетті мұқият орындау [3]. 
Бұл ретте мәселенің түйіні қоғамның өзіне, оны жасақтаушы азаматтарға келіп 
тірелетіні де бар. Өйткені заң – қағаз бетіндегі жазбалар жиынтығы. Ал ол заңның дұрыс 
не бұрыс екеніне көз жеткізу – іс-әрекеттің жемісі болмақ. Сонымен қатар заңның 
толыққанды реттеуші сипатында іске асуын қамтамасыз етуші бірден-бір күш – халық. 
Сол азаматтарымыздың бүгінгі арман-ниеттері, өмірлік және саяси ұстанымдары қандай 
деген сұраққа назар аударсақ. Жалпы, қоғамды тұрғындардан, ұлтты тобырдан 
ерекшелейтін ортақ құндылық не? Саяси сауат пен жауапкершілік, өзара белсенділік пен 
азаматтық қоғам өркениеті қалай орнамақ? Кез-келген қиындықты еңсеру оны 
мойындаудан басталатыны белгілі. Өкінішке орай, біздің қоғамның басты дерті – саяси 
сауатсыздығы. Ауыл мен қала, қазақтілді мен орыстілді әлем, бай мен кедей деген секілді. 
Бұған сырт әлемнің ақпараттық, идеологиялық, мәдени ықпалын тағы қоса кетіңіз.
Қазақстандағы баспасөзде айтылатын саяси тақырыптарға, саяси сараптамаларға 
келсек, кей тұстарда проблеманы ашық айтып жатса, кей тұстарда бұғып қалатын жерлер 
аз емес. Оның ішінде барша халыққа жақын әрі өзекті мәселе, жер мәселесі болуы мүмкін 
немесе сайлау мәселесі болуы мүмкін. Өте көп негізі тақырыптар. Соңғы жарты жылда 
өзекті болған мәселелердің бірі – ол митинг. Қазақстандағы түрлі митинг шаралары, 
әртүрлі пікірлер, жан-жаққа жүгірген халықтың ойлары мен идея-ұсыныстары. Осы ретте 
баспасөз жариялаған жаңалықтар мен ауқымды мақалалар да көбейді. Бәрі білетін 
Тенгриньюс пен Азаттық радиосын оқымайтын адам жоқ шығар. Мәселен, Азаттық 
жаңалық тарататын баспасөз құралы көп жерде шындықты бүкпей, ашық сұхбатқа дайын 
екендерін көрсеткен болатын. Жалпы одан бөлек те көптеген порталдар бар. Мәселен, 
телеграмда ой қорытып оқитын Atameken Business, Zakon.kz, НеХабар, YEDILOV 


378 
ONLINE секілді арналар бар. Әркім өзіне керектісін алады демекші, әр арнаның 
оқырманға берер пайдасы бар. Мәселен, соңғы жылдары жақсы дамып, жетілген 
арналардың бірі ол – «Atameken Business». Мұнда көптеген кәсіпкерлер ойларымен 
бөлісіп, мазмұнды сұхбат беріп, Қазақстанның жетілуіне едәуір үлес қосып жүрген 
азаматтардың істерін халыққа паш етеді. Әрине тек бұл ғана емес, күнделікті жаңалықтар 
мен өзекті мәселелер, ел пайдасына шешілуі тиіс мәмілелер, ашық сұхбаттар мен 
халықтың пікірлері өз алдына. Сонымен бірге, аталмыш арнаның инфографика бағытында 
ерекше дамығандары көрініп тұр. Әр мақала шығарған сайын оқырманға түсінікті 
болатындай етіп жасалған инфографикалардың ерекшелігін айтпай кету мүмкін емес. 
Және телеграмда керемет бір функция түрі бар. Ол – «сауалнама» функциясы. Яғни сұрақ 
қойып, ол жерде халықтың пікірін біліп, өзекті мәселеге байланысты пікір алмасып 
отыруға болады. Тікелей эфир, комментарийлер қалдыру, халықтың ойымен санасу – 
қазіргі таңда керек дүние.
«НеХабар» – елімізде болып жатқан өзекті мәселелерді қалыспай жазатын 
арналардың бірі. Жастардың тұрмыстық жағдайда айтатын сөздерімен байланыстырып 
құрылған атауының өзі оқырманды өзіне тартады. Бұл кейбір арналардағыдай тым ресми 
емес, еркін түрде жазатын арна болып табылады. Яғни ішінде қарапайым халық 
қолданатын жаргондар болуы мүмкін және сонысымен қызықты. Арна негізінен орыс 
тілінде жазылады және қазақ тілде жазылған өзекті деген мақалалар мен сарапшылардың 
сілтемелерімен бөлісіп отырады.
Өзіме ұнайтын арналардың бірі ол – «YEDILOV ONLINE» арнасы. Ербол Еділов 
жүргізетін бұл арна басқа маңызды деген порталдар мен баспасөз құралдарынан да ерте 
жаңалықты біліп отыратындығында. Мемлекет тарапынан кім қай лауазымға 
тағайындалып жатқандығы туралы барлық толық ақпаратты осы арнадан біліп отырамын. 
Сонымен бірге, елімізде қандай лауазымды адамдар жемқорлықпен айналысып 
жатқандығын да осы арнадан біле аласыз. Себебі, басқа жаңалық тарататын бұқаралық 
ақпарат құралдары «кейбір» мемлекет қызметкерлерін ғана айтады, ал мына аталмыш 
арнада барлығы дерлік ашық айтылады.
Қорыта келгенде, осындай кейбір тығырықтан шығатындай біршама жолды 
ұсынуға болады. Дегенмен, ең осал тұсымыз – ақпарат пен идеология саласы болып 
тұрғандықтан, бұл аталған салаларды алғашқы кезекке қойып, жөнге келтіріп жетілдіру 
қажет. Нақтысы сол – цензура мен саяси мәселелер билікке тәуелділік жағдайында 
көпшілік үшін интернет желісі балама ақпарат пен сараптама көзіне айналған. Әсіресе, 
жоғарыда айтып өткен әлеуметтік желілердің ішінде, фейсбук пен твиттер сынды 
желілердің саяси-қоғамдық мәні артты. Бастапқыда ол желілердің үнін өшіруге 
тырысқанмен, жоғарыда отырған лауазымды тұлғалар заманауи үрдістермен санасудың 
маңызы бар екенін түсіне бастады. Дегенмен, интернет еркін ақпарат алмасуға мүмкіндік 
бергенімен, ұзақ мерзімде ортақ ұлттық тұғырдың қалыптасуына кепілдік бермейтінін де 
ескеруіміз қажет. Осы тұрғыда ақиқат пен жалғанның, демократия мен анархияның ара-
жігін анықтау сәл-пәл қиынға соғып жатқаны да рас [4]. Сонымен бірге, түрлі анонимдер 
мен боттар айдап салу, өшпенділікті қоздыру құралына айналдыра бастады. Міне, дәл 
осындай кезде алдымен дәстүрлі баспасөз ойға келеді. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі 
ақпараттық дағдарыстан, оған деген сенімсіздік баспасөздің нашар болғанынан немесе 
бәсекелестік қабілетінен айырылғандығынан емес, оның біріктіруші де жасампаз құдіретін 


379 
пайдалана алмаудан туды. Бұлай деуімізге себеп, әлеуметтік желілері бізден әлдеқайда 
қарқынды түрде дамыған Америка, Жапония немесе Ұлыбритания секілді елдерде 
бұқаралық ақпарат құралдары басты ұстанымды мемлекет пен саясатқа беріп қойған жоқ. 
Тәуелсіздігін, ұлттық мүддесін ойлаған кез-келген мемлекет бірінші кезекте ақпарттық 
кеңістігі мен қоғамын қорғайды 
[5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет