Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Персия,  я знаю,  Розы, как светильники, горят… Прощай , Баку



Pdf көрінісі
бет59/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   267
Персия
я знаю, 
Розы, как светильники, горят…
Прощай
, Баку
! Тебя я не увижу.
Использованная литература 
1. Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю. Современный русский язык. Синтаксис. 
Пунктуация.- М.: Просвещение, 1987.-256с. 
2. Базанов В.Г. Сергей Есенин // Творческие взгляды советских писателей.-
Л.,Наука,1981.- 234с. 
3. Есенин С. Собрание сочинений в двух томах. Т.1.-М., 1991.- 478с. 
4. Акимова Г.Н. Новое в синтаксисе современного русского языка.- М., 1990.- 
167с. 
5. Валгина Н.С. Активные процессы в современном русском языке. Учебное 
пособие.- М.: Логос, 2001.- С.182-237 
АБАЙ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ 
 
Бұлдырық Ұ., Жәрімбет Ғ.А. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Адамзат табалдырығынан аттаған осы мыңжылдықта болашақты кімдер 
айқындайды? Бұл сауалдың жауабы қазірдің өзінде бесенеден белгілі. Ендігі жерде 
қоғамды алға жетелейтіндер шәкірттерін қалыптан тыс қадамдарға рухтандыра алатын 
ұстаздар, тұтынушының қалауын қапысыз танып, басқаның түсіне кірмеген дүниелерді 
ойлап табатын, тыңнан жол салатын бизнесмендер, ел көрмеген жаңалық ашып, әлемді 
өзгертуге дайын ғалымдар болатыны сөзсіз. 
 
Мыңжылдықтар тоғысындағы осындай алмағайып кезеңде, дініміз бен 
дәстүріміздің тазалығына өзгелердің мәдениеті астасқан аласапыран сәтте, өскелең буынға 
аса қажет болып тұрған дүние - өздеріне темірқазық етер бағыт-бағдар. Осы орайда адам 
жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі Абайды айналып өте алмаймыз. 
Себебі, Абайдай қазақты танып-білген һәм Абай сынды қалың елі қазағына жаны 
күйзелген жанашырлар некен-саяқ. 
Қазақтың бары да, байлығы да-Абай. Адассақ та, алға ұмтылсақ та Абайға 
жүгінеміз. Абай-қазақтың ғана емес, күллі адамзат баласының жеті түнде адастырмас 
Темірқазығы [1.2]. 
«Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» 
Иә, Абай Құнанбаев бір жұмбақ қазына іспеттес. Ізденіп қараған сайын 
бойыңа ізгілік пен ғибрат, сан-қилы жолда адастырмас болашаққа бағдар, ертеңге мол 
өнегелі өсиет аласың. Абай заманынан 1 ғасырдан аса уақыт өтсе де өз құндылығын 
жоймай сақталып қала берген Абай мұрасын және оның қазақ руханиятындағы алатын 
орны мен маңызын талқылап, кешегі өткен ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсеткен Әлихан, 
Ахметтердің еңбектерін басшылыққа ала отырып, Абай әлеміне кішігірім зерттеу 
жасамақпын. 
Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан 
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды. Ахмет 
Байтұрсынұлы 1913 жылы "Қазақ" газетінде басылған "Абай – қазақтың бас ақыны" атты 
мақаласында "Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын 
болған жоқ" - деп Абайды аса жоғары бағалайды[2.3]. Тәуелсіздіктің алғашқы 


122 
жылдарында Абай мұраларын зерттеп, жүрген ғалымдар арасынан Тұрсын Жұртбай, 
Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай, О.Жәлел және т.б. ерекше атап өту керек. 
Абайды тану мәселесі ұлтымыздың рухани өміріндегі толастамайтын мәдени саясаттың 
мүддесі және күре тамырлы бағыты болғандықтан да Тұрсын Жұртбайдың "Күйесің, 
жүрек... сүйесің" кітабының маңызы зор. Ғалым аталған кітабында: "Абай шындық үшін 
ешкімді де аямайтын өте қатал сыншы. Тәңірім ондай азаптың бетін аулақ қылсын сізден. 
Тек іздегеніңізді таппасаңыз, мұратыңызға жетпесеңіз, жалғаннан жалықсаңыз, 
мәңгіліктің де, бақилықтың да баянсыздығына көзіңіз жетіп, көңіліңіз сенсе ғана іштегі 
шеріңіз еріп, ойыңызға өт құйылса ғана Абайдың "іші толған у мен дерт" жан дүниесін 
түсіну сапарына аттаныңыз. Ол Сіздің өзіңіздің таным сапарыңыз болады. Абай арқылы 
өзіңізді танысаңыз – мұратқа жеткеніңіз”, - дейді [3.2]. 
Абай өзі өмір сүріп көп сынға алған аумалы-төкпелі заманнан, өзіміз кешіп 
жатқан өмірге бір сәт көз жүгіртіп өтсек, біздің заманның да әттеген-ай дейтін тұстары 
баршылық екенін айдан анық аңғарамыз. Кешегі Кеңестік дәуірде ұлттық 
құндылықтарынан қол үзе жаздаған ұлтымыздың бүгінгі діни ахуалы біршама өзгерек. Біз 
бүгінгі ғылым мен технологияның шырқап дамып, халықтар мен ұлттар арасындағы 
алшақтықтар жойылып, қашықтықтар жақындаған сайын, әсіресе адамзаттың асыл 
құндылықтары жаһандық деңгейде сипат алған, қоршаған ортаның ластануы, 
нашақорлықтың тарауы, жаһандық және экономикалық дағдарыс, сан түрлі қауіпті 
аурулар, ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, терроризм сынды бүкіл адамзат 
бейбітшілігіне, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп тудыратын өзге де құбылыстар 
барынша өршіп тұрған алмағайып дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Адамзатқа ертеден таныс 
сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға 
төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін 
жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас 
мемлекетімізді бұл кесел айналып өткен жоқ. 
Міне, осындай кезеңде өткен мен бүгіннің өзекті мәселелерін ой елегінен 
өткізіп, сын тұрғысынан ойлау арқылы өзгеріс пен өзгеруге қадам басуымыз керектігін 
пайымдадым. Әуелі, тұңғыш Президетіміз айтқандай, Рухани жаңғыруымыз тиіс

Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын 
мәнінде, бұл-ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды 
көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айтпай кете алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл 
осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім 
болуға шақырған. 
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, 
өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін 
байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың 
дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, 
білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал 
іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру 
керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық 
білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет [4.2]. 
Біз отан тарихының бір бөлшегі болған “Тұлғатану” саласын дамытуымыз 
қажет. Абайды әлемге танытқан ұлы Әуезов бір сөзінде: «Абай - қанша алсаң да 
таусылмайтын ұлы мұхит. Мен одан өзіме керегімді ғана алдым», - деген екен. Ғылыми 
жұмысымды зерттей келе Абайды тану арқылы, Абайды оқу арқылы түрлі ой-
кеселдерінен, қоғам індеттерінен айығатын боламыз. 
Қазіргі
болмысы бұлыңғыр, мазмұны 
маргиналды діни ағымдардың өршіп тұрған тұсында
ұлы Абай рухымен тыныстау, сол 
арқылы бөтен ой-танымдарға, өзге террорлық әрекеттерге қарсы иммунитет 
қалыптастыруға зәрулік зор. Сол себептен де, Абайтану ғылымын жаһандық сипатта ілгері 
дамытқан жөн.


123 
Алла ішіңді айтқызбай біледі ойла,
Пендесіне қастықпен кінә қойма. 
Распенен таласпа мүмин болсаң, 
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!- деп, адамгершілік сезімі терең, жүрісі кең 
кісіні діні дұрыс адам деп есептейді.
Дін-адамның көңілі, адамгершілік қасиеті деп түсіндіреді. “Ғылымсыз 
оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық ешбір ғибадат орнына бармайды” дей келе, 
“не Алладан, не өкімет заңынан қорықпай не обалды, не сауапты білмейтіндер, біздің 
қоғамдағы халықтық тәрбиеге өгей ұрпақ өскенін көріп отырмыз. Абай ұстанған дін-ақыл 
діні[5.334]. 
Абай мұрасындағы қазақ руханиятына тағы да бір қымбат қазына-Қара 
сөздер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға. Шынында 
да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани 
өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпы-
адамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халықтарының ортақ 
қазынасы. Бұл – классикалық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, 
ғақлия сөздер деп әрқилы аталғанымен, бұл – ерекше дүние. Абай өзінің қара сөздерінде 
адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа 
қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы – кісілік, мәдениет, ізгілік. Хакім 
Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы Монтеньнің жазбалары 
ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде көбірек ой 
толғаса, Абай қара сөздерінің басты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты 
ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек.
Еліміздің дамуы жолында қазіргі уақытта тіл мәселесі алдыңғы орында. 
Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара 
сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі 
оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді. Демек, 
өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор. 
Қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар 
аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге 
де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі 
кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай 
айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, 
ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз. [6.2].
Ұлы тұлғаның қара сөздерін оқи отырып түйген қорытындым, Абай шығармаларын 
көп адамдар түсіне бермейді. Түсіну қиын. Оқыған сайын жаңа қырынан тани түсесің. Ал 
ерте жаста, көбіне мектеп қабырғасында оқушылар ағартушының өлеңдерін түсінгенімен, 
қара сөздеріне терең бойлап мән бермейді. Мән бергенмен, жете түсіндіріп бере алмайды. 
Абайды оқу үшін де білім керек. Бойыңдағы білім жеткілікті болғанда Абайды міндетті 
түрде оқып, өзіңше танымыңды кеңейтесің. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың 
ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа 
жетеміз. Қара сөз жайында қозғаған ой-толғауымды Абай атамыздың өмірлік ұстанымыма 
айналған он тоғызыншы сөзі арқылы нақтылы қорытындылағым келеді: «Естіген нәрсені 
ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - 
сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу 
керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту 
керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау 
керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я 
бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды 
тоздыратұғын нәрселер.» 
Абай мұрасын зерттей келе, заманынан озық туған, ғасырда бір туатын іргелі 
тұлғамызды, елім деп тебіренген ұлы ақынымызды "Абай қазақтың жаман жерін айтқан" 


124 
деп сөгетіндер, білмей сынға алатын өресі төмендер көп екенін аңғардым. «Қазаққа ес 
кіргенде, Абай ескіреді» деген сөз, одан қала бере,"қазаққа сол ес кірмей жүр ғой әлі, 
сондықтан да Абай әлі ескірмей жүр..." деген пікірді түсіндім. Жалпы, «Абай қазақты 
жамандаумен болған» деген суық сөздер бүгінгі мерзімді басылымдар мен интернет 
сайттарында кезіп жүр. Өз халқыңды шынымен жақсы көрсең, халқыңның нағыз патриоты 
болсаң, онда халқыңның кемшілігінде көрсете білу қажет. Орыстың атақты жазушылары 
Пушкин мен Некрасов та, Толстой да өз халқының мінін айтқан. Шынымен де халқын 
жақсы көретін адам ұлттың жаман жағын айтып, соны жақсартуға жұмыс істеуі керек. 
Зерттеуімді қорытындылай келе Абайды тану үшін ойың жетіліп, миың толығу керек 
екен. Екінің бірі Абайды жаттап жүр, бірақ түсініп оқу бір бөлек. Абайды оқығанда екі 
жолдың арасын оқымау керек, ой түйіп, қорыта оқу керек.
Осыншама құнды екбектер мен рухани азық қалдырған Абай атамызды бүгінде 
қалай дәріптеу үстіндеміз? Әлем жұртшылығына ұлы ақын мұрасын таныта алдық па? 
Үстіміздегі жылдың маңызды мерейтойы болған, Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын 
халықаралық деңгейде атап өте аламыз ба? 
Біздің есіміздегісі Мұхаңның ұлы шығармасындағы «...Шөл даланы жарып аққан 
дариядай игілік өмір үзілді. Зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті» - 
деген жолдар. Тегінде есті қазақтың есінен Абай шығуы мүмкін бе?...
Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық 
деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Ұлттың ұраны болған ұлы тұлғаның 
атын асқақтатуда «қалың елі қазағы» ұлағатты істер атқарып жатыр. Әрине, әлемдік 
мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін 
соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану заманында, ақпараттық-технологиялар 
кезеңінде Абай сөзі баршаға ой салуға тиіс. Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген 
ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы білеміз. Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы 
мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын. 
Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауға тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының 
орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз. 
Мәңгілік Ел болуды ниет еткен елмен ұлы Абайдың мәңгілік мұрасы да бірге 
болары хақ! 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Н.Ә.Назарбаев «Абай туралы сөз» Massaget.kz сайты 
2. А.Есекеева: «Ғылым іздеп дүние көздеп» /Ақмешіт жастары, 2. 11.2019 жыл, 2 
бет. 
3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы 
Қазақстан» атты мақаласы, // Егемен Қазақстан 9.01.2020жыл, 2б. 
4. М.Әуезов «Абай жайын зерттеушілерге» // Екпінді., Семей 17.07.1940ж., 2б.
5. Ш. Ә.Әбдірайымов «Абай жұмбақтығы - философиялық мәселе». Ітом, Астана, 
2015 ж.,.344 бет.
6. Б.Қ. Қанахметова «Шыңынан асқан Шыңғыстың» әдістемелік оқу-құралы 
Талдықорған, “Притланд ” баспасы, 2007ж., 281бет. 


125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет