Y морфология және бастауыш сыныпта морфологияны оқыту әдістемесі. Морфология


Сөз формаларының жасалу тәсілдері



бет2/4
Дата06.04.2023
өлшемі24,48 Kb.
#80032
1   2   3   4
Байланысты:
Морфология саласының зерттелуі. (1)

Сөз формаларының жасалу тәсілдері
Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық, не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.
Сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру
Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі — сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бул мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұба-нов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) жайында мынаны айтуға болады.

  • 1. Сөздердің негізгі тұлғасының бірі — түбір сөздер туралы ойлар кеңестік дәуірдегі барлық оқулықтар мен грамматикаларда кездеседі. Түбір сөз туралы пікір алшақтығы немесе өзгеше сипаттау әдеті кездеспейді. Оның анықтамасы Қ. Жұбановтың "Сөздің түбірі қосымшасыз өзі ғана тұрса, түбір сөздер дейміз" деген ережесінің негізіне құрылған. Бұған қосылған ұғым — туынды түбір, яғни әр түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіп табылған сөздер жайындағы түсінік.

  • 2. Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және соншалық қиын түрі — күрделі сөздер мәселесі. Күрделі сөздердің жеке тараулары (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) жайы Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап-ақ тек оқулықтар емес, сонымен қатар жеке ғылымы мақалалық зерттеулер объектісіне айналды да, 40-50-жылдардан бастап ішінара диссертациялық зерттеу тақырыбына көшті. Бұл зерттеулердің бәрінде де зерттеулер жүйесінің көлемі және мақсатына байланысты кездесетін ерекшеліктер болмаса, жалпы принципті мәселелер туралы пікір алшақтығы байқалмады. Бірақ жалпы алғанда, қазақ тілі білімінің күрделі сөз мәселесі толық шешіліп болған жоқ. Мысалы, осы уақытқа дейін күрделі сөздердің іштей грамматикалық мағынаны тудыратын түрлерінің өзара жігі айқындалып, тұрақты бір межеге тіркелмей келеді. Күрделі сөздердің ішінде біріккен сөздер үнемі лексикалық жаңа мағына тудырып отыратынына дауа жоқ. Бірақ кез келген қосарланған сөз тіркестері үнемі лексикалық жаңа мағына тудыра бермейді.

Мысалы, қора-қора (қой), тау-тау (шәп) дегеннен біз тек грамматикалық көптік мағынаны ғана ұғынамыз. Ал қора-қопсы, тау-тас десек, лексикалық мағына. Осы сияқты қазіргі қазақ тілінде ащы ішек, соқыр ішек, жер май, асықжілік, боз торғай, қос аяқ, ақ кұтан т.б. сияқты күрделі формаларда қолданылатын сөздер мол-ақ. Мұндай сөздер көпке тарап кеткен (бірақ теріс) түсінік бойынша, егер бірігіп жазылса, өз алды бір лексикалық бірлік (единица), демек, жеке сөз (біріккен сез) болып танылады да, егер бөлек жазылатын болса, бір бүтін лексикалық бірлік (единица) емес, демек, бір сөз емес, өз алдына бөлек-бөлек сөздер болып шығады. Оны фразалық тіркестер қатарына, сөз тіркесіне ығыстыра салады. Сөздерді анықтауда негізгі критерий олардың бірігіп немесе бөлек жазылуында болмаса керек. Ол — таза орфографиялық мәселе. Қайта ондай тіркестердің лексика-грамматикалық, лексика-семантикапық жақтарына баса көңіл бөліп, қажеттілігіне қарай оларды күрделі сөздер ретінде таныған жөн. Әдетте мұндай сөздер екі түрлі (көбіне атау) сөздердің тіркесіп айтылу негізінде компоненттердің әуелгі мағынасын осалдата барып, жаңа бір конкретті мағынаға ие болу түрінде айтылады. Мысалы, соқырішек, ащыішек, жер май, боз торғай, шуда жіп т. б. деген күрделі сөздердегі соқыр, ащы, жер, боз, шуда сияқты сөздер әуелгі дербес мағынасында жұмсалып тұрған жоқ. Сол сияқты, ондай тіркестегі сөздер әуелде жеке-жеке жалпы есімдер болса, тіркестің қазіргі ұғымындағы түрінде бір ғана жалқы есім сапасына көшкен. Демек, әуелгі жалпы есімдерден жаңа бір жалқы есім пайда болған. Олардың тіркескен түрде бір ғана сөйлем мүшесі болуы, тіркесін жазбай тұрып әр түрлі сөз қоспай жұмсалуы сияқты толып жатқан қасиеттері тағы бар. Мұндай қасиеттер бұл сияқты тіркестерді қалайда күрделі сөздер дәрежесінде тануға итермелейді. Олай болса, қазіргі ешбір күмәнсіз мойындапып жүрген күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) қатарына күрделі сөздердің тағы да бір жаңа түрін, ол құрамды сөздер бола ма немесе тіркестегі сөздер бола ма, әйтеуір күрделі сөздің бір түрін қосу керек болады. Бұны біз тек лексикаланған күрделі сөздер жайында ғана айтып отырмыз.[2]
Есімдіктердің мағыналары тым жалпы болғанымен, ол мағыналар түптеп келгенде зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат не заттық белгі деген ұғымдарды білдіріп, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы болып келеді. Сондықтан да олардың осы заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама болса да, бойына деген қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатқызылады.
Есімдіктер түгел алғанда жалпы атауыш сөздер болып саналады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. Мысалға мен, сен жіктеу есімдіктерін бұл, сол сілтеу есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі атаулық мағыналарын таптастырып қарайтын болсақ, заттық ұғымдағы сөздер және заттың белгісі ұғымындағы сөздер болып іштей күрделі екі жікке бөлінетіндігін көреміз. Сонда мен, сен, кім?, не? Есімдіктері заттық ұғымдағы сөздер –заттық атаулар болады да, бұл, сол, қай? Есімдіктері заттың белгісі ұғымындағы сөздер –белгі атаулары болып шығады.
Міне, осы негізгі мағыналық жіктер өз тарапынан сөздерді, біріншіден, заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұғымындағы сөздер –атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөледі.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Осы негізгі екі жік есімдіктердің түрлену жүйесінде де негізгі жетекші рөл атқарады. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай, зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын да қабылдамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет