«я раббым, Сенің азабыңнан, мейіріміңе жүгініп, үміт етемін. Мен Сенен пана тілеймін. Сені Өзің лайық болған дәрежеде мадақтай алмаймын. Сен Өзіңді сипаттағандайсың»


«Шабан айы өте қасиетті ай, адамдар бұл айдың үстемдігінен ғафыл



бет3/5
Дата06.06.2022
өлшемі25,39 Kb.
#36404
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бараат түні

«Шабан айы өте қасиетті ай, адамдар бұл айдың үстемдігінен ғафыл (хабарсыз). Бұл айда құлдардың амалы Аллаһу та’аланың дәргейіне шығарылады. Мен ораза тұтқан күйімде амалдарымның шығарылуын қалаймын.» (Нәсаи)
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында тұтылатын ораза.» (Тирмизи)
«Шабанның он бесінші түні келгенде, түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала айтады: "Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа, соны берейін". Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.» (Ибн Мажә)
«Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер.» (Нәсаи, Бәйһақи, А.Мунзири)
«Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзгендер, өзін жоғары санағандар және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.»(Бәйһақи)
«Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. "Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн – Шабанның он бесінші түні" – деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу та’ала кешіреді. Тек мүшриктерді, сиқыршыларды, палшыларды, сараңдарды, кекшілдерді, мүшахиндерді (бидғатшыларды), ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді.» (Табарани)
Хазреті Айша анамыз «Ей, Расулаллаһ, Аллаһу та’ала сізді күнә істеуден сақтағанымен, неліктен Бәрат түнінде көп ғибадат еттіңіз?» деп сұрады. Пайғамбарымыз жауап берді:
«Шүкір етуші құл болмайын ба? Бұл жылы туылатын барлық бала осы түні дәптерге жазылады. Бұл жылы өлетіндердің есімдері осы түні жеке дәптерге жазылады. Осы түні барлық адамның бір жылдық ризығы бөлінеді. Осы түні барлық адамның істегендері Аллаһу та’алаға ұсынылады.» (Ғүнийа)
«Бәрат түнін олжа, мүмкіндік деп біліңдер! Өйткені, ол белгілі бір түн, Шабанның 15-түні. Қадір түні өте қадірлі болса да, қай түн екендігі белгісіз. Бұл түні көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе, қиямет күні өкінесіңдер!» (С. Әбәдийа)
Қияметте өкініп қалмау үшін бұл түнді олжа деп біліп, тәубе етіп, кешірім сұрау керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрім оқып, мұсылмандарға дұға ету керек.
«Шабан айының 15-ші түні әлемді Аллаһу та’аланың рақымдылығы қаптайды, адамдар кешіріледі. Тек ақысыз түрде мұсылмандарға дұшпандық жасаған және Аллаһу та’алаға серік қосқан адам кешірілмейді.» (Бәйһақи)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет